Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы


Себебі  Нұрсұлтан  Назарбаев  жоспарлаған  істердің  барлығы  ұдайы  іске  асып



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Себебі  Нұрсұлтан  Назарбаев  жоспарлаған  істердің  барлығы  ұдайы  іске  асып 
келеді!...
44

45

2. МОДЕРНИЗАЦИЯ — 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ЖАҢА 
МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
МОДЕРНИЗАЦИЯЛЫҚ 
БАҒДАРЛАМАСЫ 
ТУРАЛЫ
2.1
Владислав Иноземцев, 
Индустрияландырудан кейінгі қоғамды зерттеу орталығының директоры, 
«Свободная мысль» журналының бас редакторы

Қ
азақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылдың 
29 қаңтарында Астана қаласында жасаған Қазақстан халқына арнаған Жолда-
уын Ресей республиканың келешектегі даму бағыттарын дұрыс көрсеткен өте 
маңызды саяси жаңалық деп тауып отыр.
Қазақстан — бұрынғы кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі Ресейге саяси жағынан 
жақын  елдердің  бірі  ғана  емес,  сонымен  қатар  КСРО  ыдыраған  кезде  экономиканың 
кеңестік  мемлекеттеріне  тән  құрылымын  мұра  етіп  алған  елдердің  бірі.  Тәуелсіздік 
жағдайында Қазақстан да Ресей секілді өнеркәсіптік өндірістегі күрт төмендеу кезеңін 
және жартылай деиндустрияландыруды бастан кешті. Осының нәтижесінде 2005-2008 
жылдары  республиканың  жиынтық  экспортындағы  мұнай  мен  газ  үлесі  65  пайызға 
артты,  ал  1990  жылдардың  ортасында  бұл  көрсеткіш  30  пайызды  құраған  болатын. 
Қазақстан  да  Ресей  секілді  несие  және  қор  нарықтарында,  сондай-ақ  жылжымайтын 
мүлік нарығында (экономикаға тартылған несие қаражатының көлемі 2005-2007 жылда-
ры 7,9 есеге, қор нарығын капиталдандыру — 11,8 есеге, Алматыдағы екінші нарықтағы 
жылжымайтын мүлік — 3,8 есеге өскен) алыпсатарлық дүрлігу әсерін толықтай сезінді.
51

Сондықтан  жас  тәуелсіз  мемлекеттің  дағдарыстан  Ресейден  кем  емес  қарқынмен 
шығудың  өзіндік  жолын  іздеп  жүргені  де  түсінікті.  Қазақстан  Республикасының  Еу-
разия  орталығындағы  стратегиялық  жағдайының  өзі  бірден  бірнеше  халықаралық 
форматтарға белсенді қатысуды сөзсіз ұсынады: ЕҚЫҰ-ға қазіргі төрағалықтан ШЫҰ- 
ға  мүше  болуға  дейін.  Қазақстан  —  саяси  демократияландыруға  қарағанда,  эконо-
миканы  тиімді  басқаруды  маңызды  санайтын  мемлекет.  Бұл  ұстаным  ҚР  Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әуелі — экономика, сосын — саясат» дейтін ұранға айналған 
сөзінде көрініс тапты.
Сонымен қатар Қазақстанды Ресейден қатты ерекшелейтін тағы бір жайт бар. Бұл 
жайт  —  соңғы  он  жылдағы  тұрақты  экономикалық  өсім,  қазақстандық  көршілеріміз 
бұл жерде бізден озып кетті. Орта есеппен 2000-2009 жылдары Қазақстанда ІЖӨ өсу 
қарқыны 8,6%-ды, ал Ресейде 5,4%-ды құрады. Анығырақ айтсақ, ҚР осы жылдар ішін-
де  ІЖӨ-ді  екі  еселеу  секілді  аса  акқымды  жоспарын  орындады.  Алайда,  менің  ойым- 
ша, Қазақстанның экономиканың негізгі салаларында Ресейден анағұрлым ілгері кет- 
кені бұдан да маңыздырақ. Осылайша, 2009 ж. Ресей Федерациясында «1990 ж. үлгі-
сіндегі» РКФСР-дегіге қарағанда 10,3% мұнай және 4,9% газ аз өндірілсе, Қазақстан 
Республикасында  1990-2009  жж.  мұнай  өндіру  5,2  есеге,  ал  газ  өндіру  —  12  есе-
ге  артқан.  Қазіргі  замандағы  Қазақстан  —  Қазақ  КСР-на  қарағанда  индустриалдық 
тұрғыдан анағұрлым дамыған мемлекет. Есесіне, бұл жердегі маңызды жайт, Президент 
Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында ХХІ жүзжылдықтағы мемлекеттің негізгі ілгерілеу 
бағытындағы жеделдетілген өнеркәсіптік дамуына ерекше назар аударады.
Бұл құжатта жарияланған бағдарламаны бүгінде Ресейде қолға алынып жатқан модер-
низациялау жоспарларымен салыстыра отырып, бес фундаменталды айырмашылықты 
атап айтуға болады.
Біріншіден,  президенттік  Жолдау  мәтінінде  «индустриалдық  даму  —  біздің  жаңа 
он  жылдықтағы  мүмкіндігіміз  және  мемлекеттің  дамуы  үшін  жаңа  мүмкіндіктер»  деп 
аталып  өтілген.  Қазақстандық  сарапшылар  ХХ  ғасырдың  соңғы  үштен  бірінде  табыс-
ты  модернизацияланған  мемлекеттердің  барлығы  —  Бразилиядан  Тайваньға  дейін, 
Оңтүстік  Кореядан  Малайзияға  дейін  —  нақты  осы  индустриалдық  модернизациядан 
бастағанын, және тек содан кейін ғана технологияны жедел дамытуға көшкенін жақсы 
білетін  болар.  Бұл  қазақстандық  билікті  «индустриалды-инновациялық  даму  туралы» 
қарапайымдылықпен айтуға, және кейбір ресейлік арманшылдар секілді он-он бес жыл-
дан кейін мемлекет кеңестік дәуірдің табысты технологияларын пайдаланудың негізінде 
«индустрияландырудан кейінгі келешекке» түседі деп қиялдамауға итермелейді. Пре-
зидент  Назарбаев  «индустрияландырудың  маңызды  міндеті  және  басты  бағыты» 
ретінде шетелге шикізаттық емес тауарларды экспорттайтын қазақстандық компания- 
ларға  қолдау  көрсете  отырып,  өте  дұрыс  қадам  жасады.  Бұл  тағы  да  әлемге  ашық 
индустрияландырылған  мемлекеттердің  тәжірибесі  дамудың  «импортты  алмастыру» 
жолын  таңдағандармен  салыстырғанда  сөзсіз  табысқа  жеткендігін  көрсеткендіктен. 
Осылайша, Қазақстан тарих сабақтарын өте жақсы меңгерген деп сеніммен айтуға бо-
лады. Ал оның Президенті Азия және Латын Америкасындағы көптеген табысты мемле-
кеттер жасаған индустриалдық секіріске Қазақстан халқы қабілетті деп пайымдайды.
52

Екіншіден, менің ойымша, Жолдауда экономикалық дамудың басымдықтары да өте 
дұрыс көрсетілген (сондай-ақ кейбір ұйымдастырушылық шаралар бөлініп көрсетілген).
Билік  ілгерілеу  кепілі  экономиканың  әртараптандырылуы  және  шикізаттық 
тәуелділіктен арылу болып табылады деп дұрыс пайымдайды (өкінішке қарай, Ресейде 
Президент Д.А. Медведевтің модернизациялық серпілістері осы уақытқа дейін қуатты 
шикізат  алпауыттары  мүддесімен  орайлас  болып  келді,  солай  болып  қала  бермек). 
«Мемлекетті  индустрияландырудың  егжей-тегжейлі  Картасын»  жасау  арқылы  жұмыс 
әдісі де дұрыс көрсетілген.
Менің  ойымша,  Президенттің  Жолдауы  еш  күмән  тудырмайды:  «Әр  өңірдегі  әрбір 
индустриялық жоба тек жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да 
айрықша  бақылауына  алынуы  керек».  Салыстырып  көрейік:  Ресейде  қазіргі  уақытта 
макросаясатқа анағұрлым көп көңіл бөлініп отыр, бұл нақты өнеркәсіптік жобаларда және 
оларды  жүзеге  асыруға  бағытталған  конгломерат  компанияларда  және  мемлекеттік 
банктерде  мемлекеттік  қаржыландыруды  ұлғайту  болып  табылады.  Нақтылылық 
қазақстандық бағдарламаны ресейліктен өте тиімді ерекшелеп отыр.
Үшіншіден,  Қазақстан  басшылығы  алдағы  уақытта  да  мемлекеттің  жетістіктерін 
кәсіпкерлерге деген қамқор және мүдделі қарым-қатынасқа негіздейтінін растап отыр. 
Жолдауда  «2011  жылға  қарай  бизнесті  тіркеу  мен  жүргізуге  байланысты  бизнестің 
операциялық шығындарын 30% қысқарту», «аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 
бірыңғай бюджеттік бағдарлама жасау» және ең соңғысы, шағын және орта бизнестің 
ІЖӨ-дегі үлесін 40%-ға жеткізу туралы республика үкіметіне тапсырма берілген.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске 
асыру  үшін  бір  ғана  мемлекеттік  ресурстар  жеткіліксіз  болатыны  анық,  оның  негізгі 
қаржы  көздері  тікелей  шетелдік  инвестициялар  болуы  тиіс»  деген  сөздері  өте  дұрыс 
айтылған. Менің ойымша, бүгінгі таңда Ресей үшін қуатты өнеркәсіптік серпіліс жасауға 
жетіспей отырғаны да осы. Шетелдік инвесторлар өз қаражаттарын қандай жобаларға 
жұмсағанын егжей-тегжейлі сипаттау да негізінен IPO қандай көлемде өткізілгені мен 
қор нарығында қандай да болмасын компанияның қаншаға бағаланғанын мақтан ету-
ге дағдыланған ресейлік жағдайдан тиімділікпен ерекшеленіп отыр. Ішкі және шетелдік 
тікелей инвестициялар қоржынының инвестициялардан басымдықтары — барлық та-
бысты –модернизацияланған мемлекеттерде сақталған дұрыс, және Ресей сәтсіз деп 
көрсетуге бекер тырысып отырған басымдық.
Төртіншіден,  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  жариялаған  Қазақстанның  даму 
бағдарламасы  оның  шынайы  сипатын  қосымша  түрде  баса  көрсететін  маңызды 
бөлшектерге  толы.  Осылайша,  мәселен,  Президент  банктердің  «мiндеттемелерiнiң 
жиынтық көлемiндегі сыртқы мiндеттемелерi үлесiнiң төмендеуiн қамтамасыз етуi тиiс» 
екендігін айтады (Ресейде биылғы жылы осыған кері үдерісті байқайтын болармыз, cірә). 
 Нұрсұлтан Назарбаев ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы төмендеуінің нақты бағдарларын 
атайды; резервтік қор қаржысының, ең алдымен, елді индустрияландыру бағдарламасына 
жұмсалуы  керектігін  баса  көрсетеді;  осы  іргелі  құжатта  өзге  де  маңызды  және  нақты 
бағдарларды  бекітеді.  Соңғыларының  ішінде  мен  ІЖӨ-дегі  өңдеу  өнеркәсібіне,  ішкі 
нарықтағы өнеркәсіп өнімдерінің бірқатар түрлерінің үлесіне, жұмыссыздық деңгейіне, 
53

54

тұрғын-үй және жол құрылысы көлеміне, сондай-ақ, әрине, орташа өмір ұзақтығы мен 
ел халқының өсім қарқыны индикаторларына айрықша мән берем. Нақтылық — рефор-
малар табысының кепілі, бюрократтардың да, кәсіпкерлердің де «қаражаттың игерілуі» 
жайында жалпылай сөйлеп, ұғынықсыз есеп берумен «құтыла» алмайтынының шарты. 
Ресейде әдетте осындай жағдайлар орын алып жатады.
Және,  соңғысы  Жолдауда  қызықтыратын  бесінші  мәселе.  Онда,  айталық, 
«егемендікті  нығайту»,  «аяқтан  тұру»  және  «әлемдегі  көшбасшылық  орынды  қалпына 
келтіру» жайындағы жасанды лепірме сөздерге орын жоқ. Қазақстан өз алдына нақты 
да  қол  жетерлік  экономикалық  («ислам  банкингі  орталықтарының  біріне  айналу», 
«Азияның қаржы орталықтары ондығына ену» және т.б.) мақсаттар қоятын ел ретінде 
ғана  емес,  сонымен  бірге  «өз  жолымен  беймәлім  бағытқа  аттануға»  емес,  жаһанның 
мойындатуға  ұмтылатын,  дамып  келе  жатқан  экономика  ретінде  де  танылмақ.  Ел 
әлемнің  бәсекеге  ең  қабілетті  елу  елінің  ғаламдық  тізіміне  енуге  ниетті  (осылайша, 
Мәскеудегідей  Ресейдің  ағымдағы  төмен  бағыттарын  рейтинг  құрастырушылардың 
оған деген «жабайы жек көруімен» түсіндірудің орнына, оның негізділігін мойындайды). 
Қазақстан өзінің 2009 жылы БҰҰ әдіснамасы бойынша адам әлеуетінің деңгейі жоғары 
елдер қатарына қосылғанын құқылы түрде мақтан етеді; инвестициялық тартымдылық 
рейтингіндегі  өз  орнын  көтеруге  тырысады;  таяу  болашақта  ДСҰ-ның  толыққанды 
мүшесі болу тілегін растайды. Ойын ережелерін (өз жанымнан қоса кетейін, ең дұрыс 
емес әрі әділетсіздерін емес — В.И.) қабылдамайынша, халықаралық қоғамдастықтың 
табысты  мүшесі  болу  мүмкін  еместігін  түсіну  егеменді,  тәуелсіз  Қазақстанның  саяси 
бағытындағы прагматизмді егемендігі кем түспейтін, әйтсе де империядан кейінгі Ре-
сей саясатынан ұтымды ерекшелейді.
Әрине, мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 
және барша Қазақстан халқына батыл жоспарларын жүзеге асыруда табыс тілеймін.
Өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев  Қазақстанның  қайта  индустриялық  жарақтануын  «бүкіл  елдің 
жалпыхалықтық міндеті» деп бекер атаған жоқ. Қазақстанның индустриялануы 
ұлттың барша күшінің ширығуын талап етері сөзсіз. Есесіне нәтижесі де сол күш 
салуларға тұрарлық болуы мүмкін. Және де өз басым «жаңа индустрияланудың» 
қазақстандық үлгісінің стратегиялық табысты боларына сенемін.
55

МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫРУ ӨНЕРІ
2.2
Владимир Никитаев, 
ЮНИДО-ның (БҰҰ) Ресей Федерациясындағы Халықаралық өнеркәсіп 
ынтымақтастығы орталығының кеңесшісі, ЮНИДО — ЕурАзЭҚ жобасының 
үйлестірушісі

Қ
азақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2010  жылдың  29 
қаңтары күнгі «Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның 
жаңа  мүмкіндіктері»  атты  халыққа  Жолдауы,  әлбетте,  стратегиялық  құжат. 
Әңгіме елдің алдағы онжылдықтағы даму басымдықтары жайлы болғандықтан 
ғана  емес,  мақсаттардың  стратегиялық  сипатының  арқасында,  олар  өз  кезегінде 
жарияланған  өзгерістердің  тарихи  тұрғыда  ауқымдылығымен  өлшенеді.  Әрі  мұндағы 
мәселе  болжалды  өсімнің  ондаған  немесе  жүздеген  пайыздарында  жатқан  жоқ.  Бұл 
стратегиялық ойды мемлекеттік машина жұмысын ұйымдастыру мен бақылауға қажетті 
бухгалтерия  тіліне  көшіру  үшін  маңызды,  әйтсе  де  бұл  түпкі  ойдың  өзі  емес.  Түпкі  ой 
немесе,  басқа  сөзбен  айтсақ,  үстеме  міндет  бірқатар  нақты  белгіленген  бағыттар 
бойынша  келісілген  іс-қимылдар  арқылы  Қазақстанды  «шикізатты»  даму  жолынан 
«индустриалдық-инновациялық» жолға көшіру болып табылады.
Тағы  бір  назар  аударарлығы  —  Қазақстан  Президентінің,  Ресей  саясаткерлерімен 
салыстырғанда,  мақсаттар  қоюда  «индустриалдық  даму»  терминін  қолданудан 
қашпайтыны,  бұл  ол  туралы  шынайы  тұрғыда  ойлайтын  мемлекет  қайраткері  де-
ген  пікірді  тағы  бір  растайды.  Расында  да,  соңғы  15-20  жылдағы  әлемдік  даму, 
57

қазіргі  қаржы-экономикалық  дағдарысты  қоса  айтқанда,  либералды  экономистер 
жарнамалаған,  шын  мәнінде  түрліше  қызмет  аясы  болып  табылатын  индустриялану-
дан  кейінгі  экономиканың  тек  индустриалдық  экономика  базасында  ғана  өмір  сүріп, 
тұрақты дами алатынының, ал одан қол үзген сәтте дүркін-дүркін қатты шумен жарыла-
тын «көпіршіктер» тудыратынының кезекті дәлелі.
Әлбетте, индустриалдық дегенді мұнда кең мағынада түсіну керек, оның құрамында 
өнеркәсіп  қана  емес,  энергетика  да,  ауыл  шаруашылығы  да  —  адамның  өмірлік 
маңызды қажеттіліктерінің өтелуін қамтамасыз ететін экономика секторлары бар. Осы 
секторлардың  әрқайсысында  Қазақстан  табиғи  бәсекелестік  артықшылықтар  секілді 
(ең жоқ дегенде, аймақтық деңгейде), кеңес заманында негізі қаланып, кейіннен жаңа 
мемлекет аясында дамыған жақсы әлеуетке ие. 
Француз газеттерінің бірі жақында 
Қазақстанды  «сахара  жерұйығы»  деп  атады.  Бұнда,  әрине,  публицистикалық 
әсірелеу  бар,  дегенмен  сындарлы  мемлекеттік  экономикалық  саясат  құра  білсе, 
Қазақстанның  XXI  ғасырдың  жаһандық  энергетикалық  қана  емес,  азық-түліктік  және 
өзге де майданына қарсы тұрар қаруы бар екеніне дау айтатындар кемде-кем болар.
Президенттің экономиканы жаңғырту мәселесіне жасаған ұмтылысы құрметке лайық 
прагматизмімен ерекшеленеді.
Жолдауда жаңғыртудың бірде-бір дерлік негізгі мәселесі назардан тыс қалмаған:
—  жаңғырту  үдерісін  басқарылмалы  және  тиімді  жүзеге  асыру  мақсатында  оның 
ауқымын, қор көздерін және «сыртқы» шекараларын дұрыс белгілеу;
—  теңгерімдер  жүйесін  қамтамасыз  ету:  экономиканың  түрлі  салалары  мен 
секторларының  дамуы  арасында,  өндірістік  және  әлеуметтік  салалар  дамуының  ара-
сында, аймақтардың дамуы мен экономикалық, саяси жаңғыруы арасында (бұған дейін 
дамытылғанды сақтау мақсатында);
— жаңғырту субъектілерінің қалыптасуы мен дамуы;
—  технологиялық  (сөздің  кең  мағынасында)  инновацияларды  дайындайтын,  ұстап 
тұратын және бекітетін институттандырылған инновацияларды жүзеге асыру;
—  жаңғыртудың  ұйымдастыру  құрылымын  тиімді  құралдармен,  жұмыс  реттемеле-
рімен және білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Аталған  міндеттерді  шешудің  бірнеше  сәттеріне,  олардың  Жолдау  мәтінінен  және 
сол «арқылы» қалай көрінетініне ғана қысқаша тоқталып өтейін.
Жолдауда жаңғырту үрдісі ауқымын түсіну анық байқалады. Атап айтқанда, бүгінгідей 
жағдайда экономиканы жаңғырту үрдісі бір елдің аясында да, тап осындай экономика 
саласында да тұйықталып қалмау керек, бірақ солай бола тұра оны шексіз кеңейтпеген 
де жөн.
Стратегиялық  шетелдік  әріптестерді  қапысыз  таңдау  және  аймақтық  интеграция 
үдерістеріне  белсене  қатысу  экономиканы  жаңғырту  үдерісін  ол  үшін  қажетті  «ма-
невр  кеңістігін»  қамтамасыз  ететін  геоэкономикалық  ауқымын  анықтаудың  мақсатын 
көрсетеді. 
Қазақстан бұл тұрғыда Орталық Азияда ғана емес, Еуразияда да дау-
сыз көшбасшы боп санала алады.
Жалпы  айтар  болсақ,  бір  жағынан,  сыртқы  экономикалық  іс-қимылдың  әдеттегі 
тәжірибесі бар, оның мәні жаңа нарықтарға шығуда, шетелдік инвестицияларды тарту-
да және бірлескен (халықаралық) жобаларды жүзеге асыруда жатыр.
58

Екінші жағынан, экономиканы жаңғырту міндеттерін қою мен шешуде, әсіресе, әңгіме 
мамандандыру мен әртараптандыру саясаты жайлы болса, бұл аймақтағы (елдегі) кез-
келген  өндірістің  бар  болғаны  құнды  қалыптастыру  тізбегіндегі  әдетте  түрлі  елдерге 
таратылған  жергілікті  түйін  екендігімен  ұшырасуға  тура  келеді.  Бұдан  гөрі  күрделірек 
жағдай  әртараптандыру  кезінде  туындайды,  оны  Президент  «табыс  кілті»  деп  ата-
ды.  Негізінде,  шикізаттық  экономикада  өңдеу  өнеркәсібі  секторының  дамуы  немесе 
өнімді қайта жасау дәрежесін көтеру міндеттерін шешу жайлы сөз қозғалғанда, құнның 
қалыптасу  тізбегінің  жаңа  (бұрын  болмаған)  түйіндерін  өз  аймағына  «енгізу»  туралы 
мәселе қойылады. Қағида бойынша, жаңа өндірістік бірліктің мұндайда әлден беріліп 
қойылған нарықтарға өтуіне, маркетингтің, логистиканың, сертификаттаудың, сатудан 
кейінгі қызмет көрсетудің және т.б. соңғы табыстарына сәйкес жабдықталған, сондай-
ақ өз үкіметтерінің «әкімшілік ресурсын» жиіпайдаланатын тәжірибелі бәсекелестермен 
істес болуына тура келеді. Әрине, нарықтағы өз үлесін ешкім оңай бере салмайды. Ал 
сыртқы  рыноктарда  күресіп,  жеңу  үшін,  халықаралық  және  шетелдік  заңнамалардан, 
өзге  елдердегі  бизнес  жүргізудің  әдіснамасы  мен  іс-тәжірибесінен,  конъюнктурадан 
және т.б. жақсы хабардар болу керек.
Бұл бүгін Ресей, Қазақстан немесе басқадай кез келген «шикізатты» елдердің бәрі-
не ортақ проблема. Және Қазақстан Президенті өз Жолдауында әртараптандыру бо-
йынша  жоспарларды  жүзеге  асырудың  негізгі  көзі  тікелей  шетелдік  инвестициялар 
болуы  тиіс  дейді,  ол,  сонымен  қатар,  жай  қаражаттың  ғана  емес,  өткізу  нарығымен, 
өндірістің, менеджмент пен логистиканың жаңа технологияларымен, стандарттармен 
және сертификаттармен және т.б. бірге келетін қаражаттың қажеттігін еске салады.
Қазақстан, білуімізше, жан басына тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту бо-
йынша күллі ТМД елдерінің арасында көшбасшы болып табылады. Оған Орталық Азия 
экономикасындағы  барлық  инвестициялардың  80%-ы  келеді.  2008  жылы  ТШИ  ауқы- 
мы 20 млрд. долларға дерлік жетті, ал 2009 жылы 25 миллиард долларға келісім жасал-
ды. Алайда Қазақстан да, дәл Ресей секілді, үнемі жеке меншік шетелдік инвесторлар-
дың онсыз да жағдайы жаман емес, мәселен, мұнай-газ немесе тау-кен секторына жиі 
баратын проблемасымен бетпе-бет келіп жатады.
Қазақстан  Президенті  белгілеген  міндеттерді  оырндау  үшін  инвестиция  тарту  мен 
инвестициялық  жобаларды  «жоғарыдан»  (Шетелдік  инвесторлар  кеңесінен)  «төменге 
қарай»  (басқарудың  аймақтық  және  муниципалды  деңгейлеріне  дейін)  жылжытудың 
барша жүйесінің тиімділігін арттыруды талап ету қажет болатын шығар. Мемлекеттік ор-
гандар әрекетінің, атап айтқанда, Индустрия және сауда министрлігінің бұл бағыттағы 
белсенділігін  белгілі  бір  деңгейде  арттыру  былтырғы  жылы-ақ  басталған.  Арнаулы 
экономикалық аймақтар мен индустриялық парктердің қызмет етуіне, салық режимін 
ырықтандыруға,  «бір  терезе»  қағидасы  бойынша  инвестициялар  тарту  институтын 
құруға  және  тағы  бірқатар  мәселелерге  жаңаша  көзқарас  әзірлеу  туралы  жариялан-
ды. Жарияланған осы шараларға қосымша ретінде ЕурАзЭҚ құрылымдарын белсенді 
түрде пайдалану, «бейінді» халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, инвестициялық 
желілерді  қалыптастыру,  аймақтық  маркетинг  пен  инвестициялық  жобаларды 
дайындаудың халықаралық стандарттарының әдіснамасы мен іс-тәжірибесін меңгеру 
айтарлықтай рөл атқарар еді деген ой туады.
59

Жаңғыртудың  табысы  үшін  инвестициялар  мен  инновацияларды  үйлестіру 
ұстанымының маңызын асыра бағалау қиын. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, жаңғырту 
елде  «толассыз»  ITP-стратегияларды  (investment  and  technology  promotion  strategy) 
жүзеге асыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бірыңғай инвестициялық-инновация-
лық  инфрақұрылым  орнағанда  ғана  жақсы  қарқын  алмақ.  Ондай  инфрақұрылымды 
қалыптастыру  үшін  Қазақстанның  инвестициялар  тарту  жүйесін  және  Жолдаудың  екі 
бөлімінде  аталатын  Ұлттық  инновациялық  жүйені  бір  тұтас  етіп  интегралдау  (немесе 
қайта құру) қажет.
Мұндай  инфрақұрылымды  жасауды  Президент  белгілеген  «болашақтың  экономи-
касына»  бағдарланған  үш  ғылыми  орталықты  жедел  түрде  құру  міндетімен  де  тығыз 
байланыста  қарастыру  керек.  Қазіргі  ғылыми-технологиялық  бағыттарды  дамытудың 
ауқымды халықаралық ынтымақтастықсыз мүмкін еместігі ешкімге құпия емес. Мұнда, 
өзге  де  бірқатар  мәселелердегідей,  Қазақстанға  жарнасын  мұқият  төлеп  отырған 
өнеркәсіпті дамыту жөніндегі құрылым — Біріккен Ұлттар Ұйымы көмектесе алар еді. 
Мәселен, Қытай өзінде ЮНИДО-ның екі халықаралық технологиялық орталығын ашты: 
шағын  гидроэнергетика  және  күн  энергетикасы  бойынша.  Орталықтар  халықаралық 
семинарлардың,  зерттеулер  мен  әзірлемелердің  жүргізілуін,  технологиялар 
трансфертін, және, «сонымен бірге»(!), қытай компанияларының өнімін өзге елдер ры-
ногына шығаруды қамтамасыз етеді. Өз жерінен ЮНИДО қаморлығымен Сутекті энер-
гетика орталығын ашқан Түркия да осы жолды таңдады.
Қазақстанның  дамып  келе  жатқан  халықаралық  ғылыми-технологиялық  инф-
рақұрылымнан өз орнын дұрыс тауып, уақытын оздырып алмағаны абзал. Әлбетте, бұ- 
ған,  Президент  Н.Ә.  Назарбаев  атап  өткендей,  елдің  индустриалдық  даму  басым-
дықтарын  ескере  отырып,  2020  жылға  дейінгі  ғылыми-технологиялық  дамуының 
салаларалық жоспарын әзірлеудің сеп болары анық. Мұнда айрықша маңызды болып 
табылатыны — осындай болжам-жоспарды құрудың әдіснамасы мен ұйымдастырылуы. 
Әзірлеу  үдерісіне  академиялық  ғылым  өкілдерін  ғана  емес,  сондай-ақ,  бизнестің, 
мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін де қатыстыру қажет, 
себебі солардың келісілген іс-әрекеті жағдайында ғана тиімді, жүзеге асатын жоспар 
жасауға болады. Бүгінде көптеген елдер Еуропа мемлекеттерін, Жапонияны, Қытайды, 
АҚШ-ты,  және  біраздан  бері  Ресейді  қоса  айтқанда,  мұндай  қызмет  тәжірибесінде 
форсайт делінетін әдістемені қолданып жүр. Форсайттың мәні «болашақ жайлы ойла-
нуда» ғана емес, болашақты талқылауда, оның жалпы көрінісін қалыптастыруда және 
сол үлгіге қол жеткізу жолында бірлесе күш салуда жатыр. Бұл үдеріске әдетте ондаған, 
жүздеген және мыңдаған адамдар тартылады, қандай да бір экономика секторының, 
технология  дамуының  немесе  тіпті  әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  (мәселен, 
қаладағы  немесе  облыстағы)  іс  барысы  соларға  байланысты.  Егер  де  ол  адамдар 
түрліше  сценарийлерді  әзірлеу  мен  талқылауға  қатысу  жолымен  бір  ауыздан  өздері 
үшін  көңілге  қонымды  болашақтың  үлгісін  тудырып  жатса,  артынан  олар  өз  істерінде 
соған бұйрықтың немесе басқадай сыртқы мәжбүрлеудің күшімен емес, табиғи түрде 
бағдарланатын  болады.  Яғни,  форсайт  —  қазіргі  қоғам  жағдайында  өзге  басқару 
әдістерінен артықшылығын дәлелдеген «бірлескен басқару».
60

  Мұнда  біз  жаңғыртудың  Президент  Назарбаев  өзінің  2010  жылғы  Жолдауында, 
кейіннен «Нұр Отан» партиясының кеңесінде үлкен мән бере айтқан ең басты мәселе-
сіне тікелей кіріспекпіз. Атап айтсақ: жаңғырту субъектісі мәселесіне.
 Әрине, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін «бас штаб» та, биліктің барлық деңгейлеріндегі 
басқа  әкімшілік  органдар  да  қажет,  бірақ  жалғыз  бұйрықпен  шын  мәніндегі  жаңашыл 
адам (еліктеуші емес) болу мүмкін емес. Инновация — шығармашылық, күрделі (инер-
ция бойынша қозғалумен салыстырарлық) және кез келген жағдайда тәуекелді қажет 
ететін іс. Мұнда мақсаттарды келісу, күш біріктіру және тәуекелді мемлекет пен бизнес 
арасында әртараптандыра білу керек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мәні осын-
да жатыр, жаңғырту субъектісінің қалыптасу кілті де осында, ол бизнестің, мемлекеттік 
биліктің,  инженерияның,  ғылым  мен  білімнің  басын  қосып,  тек  «құрама»  немесе 
интегралданған болуы мүмкін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет