Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 
«АЛТЫН ПРОПОРЦИЯСЫ»
5.6
Александр Дугин, 
Халықаралық еуразиялық қозғалыстың көшбасшысы

Н
ұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ұсынылған  мем-
лекеттің  индустриалдық  дамуының  бағдарламасы  —  бұл  тағдырлы  жоба. 
Негізінен Нұрсұлтан Назарбаев кеңестік заманнан кейінгі кеңістіктегі алдыңғы 
қатарлы  саяси  қайраткер  болып  табылады.  Оның  Қазақстанды  модер-
низациялау  жобасының  басты  ерекшелігі  —  бұл  өмірдің  түрлі  аспектілері  арасын-
да  қатаң  пропорцияларды  жасауы.  Ең  алдымен,  модернизацияға  ұшырайтын  (және 
модернизацияға  ұшырауға  тиіс)  әлеуметтік-саяси  жағдай  мен  экономика  арасын-
да,  және  сақталуға  (өткеннен  алынған  немесе  қалпына  келтірілген)  тиісті  базалық 
қондырғылар  мен  қағидаттар  арасындағы  пропорциялар.  Яғни,  Қазақстанда  прог-
ресс пен консерватизмнің мінсіз теңгерімі көрініп тұр. Сақтау, бекіту және қорғау үшін 
өткеннен алынатын мәңгілік құндылықтарды және қоғамда, саяси жүйеде сонымен қа-
тар, әлеуметтік жүйеде өзгертуді қажет ететін жетілген үдерістер. Және бұл Нұрсұлтан 
Назарбаев қапысыз тапқан «жаңа мен ескінің» арасындағы «алтын пропорция».
Мұндай  теңгерімді  табу  —  бұрынғы  кеңестік  кеңістіктегі  мемлекеттердің  басты 
мәселесі.
151

Әрине, соның ішінде Ресейдің де. Біз қазіргі уақытта ресейлік қоғамда «көңіл-күйдің» 
— идеялық тайталастың жаңа формасы орнығып жатқанын көріп жатырмыз. Дмитрий 
Медведевтың  маңына  топтасып  жатқан  жаңғыртушылар  тобы  бар.  Модернизацияны 
біржақты қабылдайтын — тура батыстағыдай, америкалықтарша түсінетін «реформа-
торлар»  үйірмесі.  (Оларды  атап  айтқанда  —  ИНСОР,  қазіргі  заманғы  даму  институты, 
бірінші кезекте, Медведевтің кеңесшісі — Е. Гонтмахер және И. Юргенс). Консервативті 
дамудың  да  жақтастары  бар  —  бұл  бірінші  кезекте,  Владимир  Путин  және  «Біртұтас 
Ресей»  партиясы.  Олар  керісінше,  Ресейді  дамытуда  діни,  тарихи  және  адамгершілік 
сәйкестікке екпін жасау керек деп пайымдайды. Осы екі топ арасында біртіндеп дау-
дамай туындап келеді.
Ресейде  өршіп  бара  жатқан  бұл  дау  Қазақстанда  толықтай  шешіліп,  тарихтың 
еншісінде  қалған.  Бұл  саяси  жік  әуел  бастан  еуразиялық  дүниетаным  бағытын  алған 
Президент Назарбаевтың көреген, дана саясатының арқасында жойылды. Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаев қазіргі заманда өмір сүріп жатқан еуразияшылдардың ең көрнекті-
сі болып табылады. Ол шебер тәжірибеші-еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар шебер 
теоретик-еуразияшыл. Және ол 2020 жылға дейінгі Қазақстанның трансформациясы-
на бірізді де қырағы және сенімділікпен негіз еткен мінсіз теңгерім осымен түсіндіріледі.
Еуразиялық модернизация дүниетанымына тек қана өмірдің техникалық аспектілері 
ғана ұшырау керек. Яғни, өнеркәсіптік, ақпараттық, коммуникациялық, инновациялық 
технологиялар.  Технологиялар  саласы  —  бұл  нақ  осы  модернизацияға  жататыны.  Ал 
адамгершілік, рухани қағидаттар саласы, бастаулар саласы, керісінше, модернизация- 
ланбау  керек  және  «вестернизацияға»  жатпайды.  Керісінше,  ұлттық,  этникалық,  діни, 
тарихи, гуманитарлық құндылықтар саласында бұл рухани аспектілердің ұлттық, ежелгі 
және мызғымас мінезін барынша атап өту керек.
Демек,  Нұрсұлтан  Назарбаев  модернизацияға  жататын  мен  модернизацияға 
жатпайтынның  арасындағы  дұрыс  пропорцияларды  тапқан.  Ресей  қоғамына  бұл  ал-
тын пропорцияларды әлі де іздеу керек.
Ал мұндай табысты еуразиялық модернизацияның басты формуласы оп оңай. Ма-
терия саласында — прогресс орынды және қажет. Рухани салада — прогресс орынсыз 
және  қажет  емес.  Керісінше,  батыс  адамы  үшін  техникалық  аспектілердің  қарқынды  
дамуы,  сонымен  қатар  жарыспалы  түрде  рухани  аспектілердің  тұйыққа  тірелуі  орын 
алып  жатқанын  көріп  отырмыз.  Сәйкесінше,  біз,  еуразиялықтар,  бұл  вестернизация 
жолына фильтр қоюға тиіспіз. Технологиялық инновацияларды алуға болады, алу ке-
рек  те,  бірақ  біздің  еуразиялық  мемлекеттердің  шекараларында  «бөгдесін»,  біздің 
ұлттық, рухани, тарихи, діни сәйкестігімізді ыдыратып жатқан батыстың зиянды әсерін 
тоқтату керек
Менің  ойымша,  бұл  нақты  формула  2020  жылға  дейінгі  терең  перспективада 
берілетін  Қазақстан  Президентінің  Жолдауындағы  басты  идея  болып  табылады.  Мен 
ҚР Президентінің қаңтар айындағы халыққа Жолдауы — бұл Ресейге қай бағытта жүру 
керек  екенін  көрсететін  жүйелілік  бағдарламаның  жарқын  мысалы  деп  санаймын. 
Модернизацияның нақты анықталған саласы— технологиялар болу керек . Ал Консер-
ватизмде өз саласы — идеялық-адамгершілік құндылықтар, ұлттық тамыры болу керек.
152

Мұнымен  қоса,  Қазақстан  да,  Ресей  де  полиэтникалық,  полимәдениетті  қоғамдар 
болып  табылады.  Біздің  мәдениеттеріміз  де  әртүрлі,  этностарымыз  да  әртүрлі, 
сондықтан  алуан  түрлі  рухани  дәстүрлердің  үйлесімді  байланысын  құру  керек. 
Мұндай  еуразиялық  синтез  мүмкіндігіне  жарқын  мысалды  Қазақстан  көрсетіп  отыр, 
ол — дінаралық мәселелерге және этникааралық қайшылықтары атымен жоқ бұрынғы 
Кеңес Одағы аумағындағы жалғыз мемлекет. Осының барлығына Назарбаевтың дана 
еуразиялық саясатының арқасында қол жеткізіліп отыр. Өкінішке қарай, қазіргі Ресей-
де бұлай емес. Осы жағдайда үлкен және мықты Ресейге Қазақстаннан үлгі алу керек-
ақ. Мәскеуге қазақстандық тәжірибені қолдану керек! Назарбаевтан кеңестік дәуірден 
кейінгі кеңістіктің дана саясаткері ретінде үйренетін кез жетті.
Нұрсұлтан  Назарбаев  —  бұл  қазіргі  замандағы  ұлы  саясаткер,  оның  әлеуеті  
тек  Ресей  үшін  ғана  емес,  бұрынғы  кеңестік  кеңістік  үшін  де  үлкен  мәнге  ие. 
Сондықтан Президент Н.Ә. Назарбаев тұтастай еуразиялық континент үшін аса маңыз-
ды, бірақ «Назарбаев факторы» әзірге толықтай түсіндірілмеген және еңбегіне лайық 
соңына дейін бағаланған жоқ. Еуразиялық сценарий бойынша Қазақстанның дамуы мен 
модернизациясындағы  жетістіктер  қазақстандық  даму  үлгісінің  тартымдылығын  тағы 
да толықтай дәлелдейді (бірақ енді дәлелдеудің қажеті жоқ!) Өмірдің өзі дүние жүзіне 
еуразиялық жобаның — барлық басқа да еуразиялық қоғамдар үшін үлгі бола алатын 
жаңа  модернизацияның  осы  бір  бірегей  жобасының  Қазақстан  үшін  табыстылығын 
көрсетті.
153

6. ЖАҢА 
ОНЖЫЛДЫҚ —
ЖАҢА 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ӨРЛЕУ —
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ЖАҢА 
МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА 
ЖОЛДАУЫ

Құрметті қазақстандықтар!
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің 
экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда 
ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның 
салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап 
алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені, біз 
оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, эко-
номикасы серпінді бола түсті.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі 
ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын 
алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары 
арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
159

Жасампаздық  қуатымен  дүние  жүзінде  даңқы  артқан  Қазақстан  әлемді  өз  жетіс-
тіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан  Қазақстанға  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық  ұйымына 
төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен 
бастадық.
Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Менің  басты  мақсатым  —  еліміздің  алдағы  онжылдықтағы  экономикалық  өрлеуін 
қамтамасыз  етіп,  жаңа  мүмкіндіктерге  жол  ашу.  Бүгінгі  Жолдауым  осыған  арналған. 
«Қазақстан-2030» Стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама 
жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат — осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай 
қадам жасау.
1. 2010 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ — 
ЕЛ ДАМУЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ШЕБІ
1997  жылы  «Қазақстан-2030»  Стратегиясын  қабылдап,  біз  елдің  ұзақ  мерзімді  күн 
тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға 
дейінгі Стратегиялық жоспарда қисынды түрде дамытылды.
Сөйтіп,  біз  қалай  жоспарласақ,  солай  өмір  сүрдік  және  мынадай  нәтижелерге  қол 
жеткіздік.
2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз 
республика  ІЖӨ-сінің  көлемін  екі  еселедік  және  мемлекеттің  әлеуметтік  міндеттеме-
лерін тиімді орындадық.
Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 
12%-ға дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-
тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.
Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды.
Бүгінде  бізде  әлемдік  деңгейдегі  медициналық  орталықтар  —  Ана  мен  баланың 
ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар.
Биылғы  жылы  Кардиохирургия  орталығын  іске  қосамыз.  Барлық  облыстарда 
қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда.
Осының арқасында біз өз азаматтарымыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз!
Біздің жетістіктерімізді мойындай отырып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баяндамасында 
Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл — біздің 
өскен әл-ауқатымыздың дау сыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы — бұл шамамен 1,2 
миллион адам тұрғын үйге ие болды. 32 мың шақырым жолдар салынды және жөнделді, 
бұл — Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі.
160

2030  жылға  дейінгі  Қазақстанның  Даму  стратегиясының  қарпі  мен  рухын  негізге 
ала отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығына белгіленген барлық міндеттерді 
шештік.
2. ДАҒДАРЫС КЕЗЕҢІ — ДҰРЫС ШЕШІМДЕР 
ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, 
бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш 
жылдың аса қиын дағда рыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық.
Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық.
Ұлттық  және  трансұлттық  компаниялардың  мемлекеттік  сатып  алуларындағы 
«қазақстандық үлестің» болмаған өсіміне қол жеткіздік.
Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік.
Мемлекет  үлестік  құрылысты  аяқтау  жөніндегі  барлық  шығындарды  өз  мойнына 
алды.
«Жол  картасы-2009»  бағдарламасын  табысты  іске  асырудың  арқасында  ел 
өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым 
электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трасса-
сы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысанда-
ры жөнделді.
Әр  ауылға  дейін  жеткен  мұндай  аса  маңызды  жұмысты  біз  тұңғыш  рет  жүргіздік. 
Халық бізге риза — біз жақсы жұмыс атқардық.
Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды.
Біз  рецессияға  жол  бермедік,  өйткені,  не  істеу  керектігін  білдік  және  мұны  жедел 
істедік.
Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: «Табыс кім батыл қимылдаса, соның үлесіне 
жиі түседі». Ал біз батыл қимылдадық.
2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу 
қарқыны бар елдердің «серіппелі тобына» жаттық.
Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 мил-
лиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.
Өткен  жылы  біз  Қор  қаржысының  бір  бөлігін  жұмсадық,  ал  бүгінде  Қордың  көлемі 
өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды.
Қордың арқасында біз дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп қана қойған жоқпыз, 
сонымен  бірге  мемлекетке,  бізге  қиын  болған  кезде  сатуға  мәжбүр  болған  маңызды 
активтерді қайтардық. Бұл — Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, «Богатырь» разрезі, Қашағандағы 
біздің үлесіміз, Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты.
Жұмыссыздық  деңгейі  6,3%-ды  құрады,  ал  бұл  дағдарысқа  дейінгі  уақыттағыдан 
төмен.
161

Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан 
астам жұмыс орындары ашылды.
Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.
3. 2020 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ — 
КӨШБАСШЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН  
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ
Бізге мыналарды атқару керек:
1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;
2. Жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың 
тұрақты өсуіне қол жеткізу;
3. Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа белсенді ин-
вестициялау;
4. Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер-
мен қамтамасыз ету;
5.  Ұлтаралық  келісімді  нығайту,  ұлттық  қауіпсіздікті  арттыру,  халықаралық  қарым-
қатынасты одан әрі дамыту.
3.1 ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ — ТАБЫС КІЛТІ
Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және 
ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін бо-
лады.
Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады.
Қазақстанда,  егер  тұтастай  экономика  бойынша  қарайтын  болсақ,  бір  қызметкер 
жылына  17  мың  доллардың  өнімін  өндіреді  екен.  Дамыған  елдерде  бұл  көрсеткіш  90 
мың доллардан асып түседі.
Қорытынды өте түсінікті — бізге жағдайды түзету — өнімділікті арттырып, инновация- 
ларды ендіру керек.
Басқарудың барлық деңгейінің жұмысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойын-
ша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады.
Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді.
Менің  тапсырмам  бойынша  Үкімет  Жедел  индустриялық-инновациялық  дамудың 
мемлекеттік  бағдарламасын  және  Елді  индустрияландырудың  егжей-тегжейлі  карта-
сын әзірледі.
Бұл құжат — таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық 
іс-қимыл жоспары.
Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны 
іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан астамы, олар бізге таяудағы 
үш  жылда  ғана  200  мыңнан  астам  жаңа  жұмыс  орындарын  тікелей  ашуға  мүмкіндік 
береді.
162

Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру 
жөніндегі  зауыттарды,  бірқатар  ірі  электр-энергетикалық  стансаларды  —  Балқаш 
ЖЭС-ін,  Мойнақ  ГЭС-ін,  Екібастұз  2-ші  ГРЭС-інің  жаңа  блогын  және  басқа  көптеген 
кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады.
2014  жылға  қарай  біз  барлық  3  мұнай  өңдеу  зауытын  реконструкциялаймыз  және 
бүкіл  мұнай  өнімдерінің  түр-түрі  бойынша  ішкі  қажеттілігімізді  толық  қамтамасыз  ете 
аламыз.
Әр  өңірдегі  әрбір  индустриялық  жоба  жергілікті  биліктің  ғана  емес,  сонымен  бірге 
жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжылдық-
та бүкіл еліміздің жалпыұлттық міндетіне айналуы тиіс.
Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз.
«Нұр  Отан»  ХДП  үшін  2020-Бағдарламасын  орындау  жұмыстың  басты  өзегіне  ай-
налуы  тиіс.  Ешкім  сыртта  тұрмауы  керек,  өйткені,  тек  осылай  ғана  біз  Қазақстанның 
жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде Премьер-Министр бастаған бірыңғай басқару 
орталығы  (штабы)  және  облыстарда  әкімдер  басқаратын  орталықтар  құрылады.  Біз 
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қалай жұмыс істесек, солай жұмыс 
істеуге тиіспіз.
Министрлер, әкімдер барлық ағымдағы мәселелердің шешілуі үшін жауапты бола-
ды. Олар барлық ресурстарды жұмылдырады да.
Индустриялық даму — бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін 
жаңа мүмкіндіктер.
Қазақстан табысты индустриялық держава болады — мен бұған әбден сенімдімін.
Әртараптандырудың  басқа  бір  маңызды  сегменті  —  агроөнеркәсіптік  кешенді  да-
мыту болып табылады. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек.
Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 
3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың дол-
ларды құрайды екен.
Ауыл  үшін  өсу  перспективасы,  міне,  осында.  Сондықтан  біздің  міндетіміз  —  2014 
жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.
Бұл  күрделі  міндетті  аграрлық-индустриялық  әртараптандыру  ғана,  яғни 
ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа 
технологиялар мен ауыл шаруашылы ғындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. 
Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру ке-
рек.
Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық 
тағам өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар.
Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық 
Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары.
Біз қазірдің өзінде «Жетіген-Қорғас»және «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік ше-
кара» темір жол желілерін салып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен 
163

Парсы  шығанағы  елдерінің  рыноктарына  жол  ашады.  Біз  салуға  кірісетін  «Батыс  Қы-
тай-Батыс Еуропа» автожолы — тауарлар үшін маңызды магистраль.
«Болашақтың  экономикасы»  секторларына  жеке  тоқталғым  келеді.  Нәтижелі  де 
тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс.
Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа 
Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.
Өмір  туралы  ғылымдар  орталығы  органдарды  көшіру,  жасанды  жүрек  және  өкпе, 
бағаналы  жасуша  және  ұзақ  жасау  медицинасы  саласында  әлемдік  жетекші  ғылыми 
орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді.
Энергетикалық  зерттеулер  орталығы  қайталанба  энергетика,  жоғары  энергиялар 
физикасы мен техникасы мәселелерімен айналысатын болады.
Пәнаралық  аспаптық  орталық  инжиниринг  орталығы,  зертханалық  база  және 
конструкторлық бюро болып табылады.
Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын болады.
Үкіметке  біздің  индустрияның  2010  жылғы  басымдықтарын  ескере  отырып,  елдің 
ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді 
тапсырамын.
Сондай-ақ, «Ғылым туралы» жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет.
Бұл біздің болашақ дамуымыз үшін маңызды.
3.2 САУАТТЫ САУДА САЯСАТЫ — ЭКОНОМИКАНЫҢ 
БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ҚОЛДАУ
Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып та-
былады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Ке-
ден  одағының  құрылуы  —  бұл  қазақстандық  барлық  интеграциялық  бастамалардың 
серіппелілігі.
Үш  ел  интеграциясының  келесі  кезеңі  2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  Біртұтас 
экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болады. Бұл — капитал мен жұмыс күшінің 
еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. ТМД-
дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, Үкімет Қазақстанның 
экономикалық  даму  басымдықтарына  сай  келетін  жағдайларда  Бүкіләлемдік  сауда 
ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс.
Қазірдің  өзінде  біздің  кәсіпкерлерге  жаңа  мүмкіндіктердің  пайда  болуын  дұрыс 
бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты 
айналысу, бәсекелестік ар тықшылықтарды өсіре түсу маңызды.
Әрине, айтылып жүргеніндей, «бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақ та өмірің на-
шар». Ал қазақстандықтар жақсырақ өмір сүрмек және өз жоспарларын жүзеге асыруға 
кедергі келтіретіндерге жол бермеу ниетінде.
3.3 ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ
Әртараптандыру  жөніндегі  біздің  жоспарларымызды  іске  асыру  үшін  бір  ғана 
мемлекеттік  ресурстар  жеткіліксіз  болатыны  анық.  Оның  негізгі  көзі  тікелей  шетелдік 
инвестициялар болуы тиіс.
164

Менің халықаралық сапарларым барысындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстан-
ға  инвестиция  тарту  мәселесі  болды.  Көптеген  мемлекеттер  біздің  экономикаға  ре-
сурстар салудың мәні бар деп біледі.
Бүгінде  Қытайдан,  Оңтүстік  Кореядан,  Біріккен  Араб  Әмірліктерінен,  сондай-ақ 
француз, итальян, ресейлік компаниялардан 20 миллиард доллар көлемінде инвести-
циялар тарту туралы мәселелер шешілді.
Бұл  қаражат  шикізаттық  емес  секторға  жұмсалып,  индустриялық  бағдарламаның, 
инфрақұрылым  мен  бірлескен  кәсіпорындардың  ондаған  нысандарын  іске  қосуды 
қамтамасыз етеді.
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемін-
де және елдің батысынан оңтүстігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард дол-
лар инвестициялар тарту мәселелері шешілді.
Мұның  бәрі  —  шикізаттық  сектордың  инвестицияларынан  басқасы,  ал  ол  10  мил-
лиард доллардан астамды құрайды. Көріп отырсыздар, бұл Бағдарламаны қаржылай 
және материалдық ресурстар мен қамтамасыз ету жөнінде орасан зор жұмыс жүргізілді.
Біз Қазақстанда өңірімізде жұмыс істеуге дайын инвесторлар үшін барынша тартым-
ды жағдай жасауға тиіспіз.
Индустриялық даму басымдықтарын ескергенде арнаулы экономикалық аймақтар 
мен  индустриялық  парктердің  қызмет  етуіне  жаңа  көзқарас  қажет.  Үкіметке  арнаулы 
экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырамын.
Жекеменшік  инвестицияларды  тарту  жөнінен  мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік 
тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр.
Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қостық, бірақ та ол озық әлемдік практикаға сәйкес 
жетілдіруді талап етеді.
Үкіметке бірінші жартыжылдықта концессиялар туралы заңнамаға тиісті өзгерістер 
енгізуді  тапсырамын.  Жобалық  қаржыландыру  қағидатын  ендіру  мақсатында  біздің 
заңнамада ерекше құқықтық мәртебесі бар арнаулы жобалық ұйымдар құру мүмкіндігін 
көздеу керек.
3.4 КӘСІПКЕРЛІК — ЖАҢА ЭКОНОМИКАНЫҢ  
ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ
Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады.
Біз  тәуекелдерді  өз  мойнына  алуға,  жаңа  рыноктарды  игеруге,  инновациялар 
ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.
Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады.
Осыған  байланысты  Үкіметке  2010  жылдан  бастап  өңірлерде  кәсіпкерлікті  дамыту 
жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.
Оны «Бизнестің жол картасы-2020» деп атауды ұсынамын.
Бұл  бағдарламаның  мақсаты  өңірлерде  кәсіпкерліктің,  бәрінен  бұрын  шағын  және 
орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.
Бұл  бағдарлама  қаражатын  пайдалану  мынадай  бағыттар  бойынша  жүзеге  асы-
рылуы тиіс:
165

– несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
– шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;
– бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;
–  кадрларды  қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру,  жастар  практикасы  және 
әлеуметтік жұмыс орындары.
«Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвес-
торлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер 
ашады.
Үкімет  әкімдермен  бірлесіп  үшжылдық  бюджет  аясында  әр  өңірдің  экономикалық 
әлеуетін есептеулерге негізделген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың 
жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі.
Әкімдер бағдарлама бойынша қаржыландырылатын шағын және орта бизнес жоба-
лары үшін толық жауапты болады.
Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді тапсырамын, олар іс жүзінде 
бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар болады.
3.5 ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАР — 2020 ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРУДЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҚ ИНДИКАТОРЫ
Біздің шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдау индустрияландырудың шешуші 
бағыты болуға тиіс.
Қазақстан  өнеркәсібі  экспорттық  рыноктарға  отандық  брендтердің  кең  ауқымды 
тізбегімен ұсынылуы керек.
Сондықтан Үкіметтің міндеті — экспорттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды 
қаржыландыруды,  экспортқа  сервистік  қолдау  көрсетуді,  экспорттаушыларға  грант-
тар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін 
жасау.
3.6 ӨҢІРЛЕРДІҢ ДАМУЫ — ЕЛДІҢ ДАМУЫ
Өңірлік  даму  реформаларынсыз  біз  жедел  әртараптандыруға  қол  жеткізе  алмай-
мыз. Сондықтан бізге экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды бастау қажет. 
Қазақстанның батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өндірісі 
мен көліктік қуаттарды дамыту керек.
Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста — кен-металлургия кешені, атом, хи-
мия өнеркәсібі және аграрлық индустрия дамытылуы тиіс.
Ішкі сұраныс базасындағы секторларды дәстүрлі индустриялар жанынан, сондай-ақ 
қуатты кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларында дамыту қажет.
Жоғары экспорттық әлеуеті бар шикізаттық емес сектор мен АӨК-ні елдің солтүстік 
және оңтүстік өңірлерінде дамыту орынды.
Болашақ экономикасының секторы Алматы мен Астанада дамуы тиіс.
Біздің  елордамыз,  экономикасы  бәсекеге  қабілетті,  ел  азаматтары  мен  туристер 
үшін тартымды қала — Астананы одан әрі дамытуға айрықша маңыз берілетін болады.
Жаңа өңірлік саясат — 2020 Стратегиялық жоспарының аса маңызды бөлігі.
166

Үкіметке облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе оты-
рып, өңірлердегі инвестициялық саясат мәселелерін мұқият пысықтауды тапсырамын.
3.7 2020 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ 
БАЗАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға 
тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады:
біріншіден, бизнес-ахуалды айтарлықтай жақсарту;
екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру.
Үкіметке 2011 жылы бизнесті тіркеуге және бизнесті жүргізуге байланысты операция-
лық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқартуды тапсырамын.
Онжылдықтың  соңында  шағын  және  орта  бизнестің  ІЖӨ-дегі  үлесі  40%-ға  дейін 
көтерілуі тиіс.
2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық 
Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы 
орталықтарының ондығына енуі тиіс.
Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен 
қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек.
Қаржылық  реттеуші  банк  секторының  сыртқы  міндеттемелері  үлесінің  оның 
міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер 
құруға бағытталуы керек.
Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет.
Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барын-
ша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек.
Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономика-
ға, оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс.
Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір «қауіпсіздік көпшігіне» айнал-
ды. Оның ендігі міндеті — тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.
Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен байыпты айналысуы 
тиіс.
Осы онжылдықтың соңында бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайы-
зынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет.
Үстіміздегі жылдан бастап республикалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік 
мөлшерде — 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады.
Бұл  трансферт  ең  алдымен  индустрияландыруды  жүзеге  асыру  мақсаттарына 
бағытталуы тиіс.
Бюджетке  Ұлттық  қордан  ешқандай  займдар,  өзге  де  ешқандай  қосымша  транс-
ферттер болмайды.
167

Осы  көзқарастарды  ескере  келгенде,  Ұлттық  қордың  активтері  2020  жылға  қарай 
90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін 
құрайды.
Үкіметке  үстіміздегі  жылдың  бірінші  тоқсанында  Ұлттық  қорды  қалыптастыру  мен 
пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын маған бекітуге ұсынуды тапсырамын.
Тұтастай алғанда, 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандыру-
дың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз.
ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс.
Экспорттың  жалпы  көлемінде  шикізаттық  емес  экспорттың  үлесі  27-ден  45%-ға 
дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында 
кем дегенде 4 есе артуы керек.
ІЖӨ-нің  энергия  сыйымдылығы  25%-дан  кем  емес  мөлшерде  төмендеуі  тиіс. 
Кәсіпорындардың инновациялық активтерінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 
жылдың  өзінде-ақ  аграрлық  саланың  экспорттық  әлеуеті  4-тен  8%-ға  дейін  ұлғайып, 
құрылыстың  ішкі  қажеттіліктерінің  80%-ы  қазақстандық  құрылыс  материалдарымен 
қамтамасыз етілуі тиіс.
Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкімдердің алдында тұрған нақты міндеттер, міне, 
осындай.  Біз  сұрайтындар  да,  міне,  осылар.  Сондықтан  барлық  компаниялар  мен 
кәсіпорындар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру қажет. Бұл — жаһандық мә-
селе, мемлекеттілік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі.
Бес жылда Үкімет металлургия өнімдерінің өндірісі мен экспортының екі еселенуін, 
химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін қамтамасыз етуі керек. 2015 жылға қарай бюд-
жет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмендете отырып, жаңа жобалар есебінен 300–400 
миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.
4. АДАМ — ЕЛДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ
Елді  жаңғырту  стратегиясын  іске  асырудың  табыстылығы,  ең  алдымен, 
қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байла-
нысты.
4.1 БІЛІМ БЕРУ
2020  жылға  қарай  қалалық,  сол  секілді  ауылдық  жерлердегі  барлық  балалар  мек-
теп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-
жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жекеменшік отбасылық балабақшалар мен 
шағын орталықтар — бұл мемлекеттік мекемелерге балама.
Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды 
мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған 
«Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын.
2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі 
үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Кәсіптік  және  техникалық  білім  беру  кәсіби  стандарттарға  негізделіп,  қатаң  түрде 
экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек.
168

Жоғары  білім  сапасы  ең  жоғары  халықаралық  талаптарға  жауап  беруі  тиіс.  Елдегі 
ЖОО-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.
2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға 
қарай  елде  енгізілетін  талдаулар,  патенттер  мен  дайын  технологиялар  түрінде  өз 
нәтижелерін беруге тиіс.
Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары — 
«Жаңа Халықаралық Университет», «Арнаулы Қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс 
істеп  жатқан  «Интеллектуалдық  мектептер»  секілді  жобалар  ерекше  басымдыққа  ие 
болмақ.
Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім.
Олардың  отандық  білім  беру  жүйесінің  флагманы  болып,  осы  заманғы  оқу  бағдар-
ламаларын  кейіннен  оларды  бүкіл  республика  бойынша  енгізетіндей  етіп  әзірлеу  мен 
байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.
Осы оқу орындарының толыққанды жұмыс істеулері үшін Үкіметке үстіміздегі жылдың 
бірінші  тоқсанында  Парламентке  тиісті  заң  жобасын  әзірлеуді  және  Парламентке 
енгізуді тапсырамын.
4.2 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Халық денсаулығы — ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі 
табысының ажырамас құрамдас бөлігі.
Бүгін  біз  медициналық  қызметке  нәтижелерге  бағдарланған  қаржыландыру  мен 
ақы төлеу жүйесін енгізуді дайындаудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді 
жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық.
Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады.
Білім  беру  мен  денсаулық  сақтау  салаларындағы  мемлекеттік  кәсіпорындардың 
қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді 
жеделдету қажет.
Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі 
қағидаты  —  міне,  осылар  денсаулық  саласындағы  және  халықтың  күнделікті 
тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
2011  жылғы  Азия  ойындары  үшін  біз  дайындап  жатқан  спорттық  инфрақұрылым-
дар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық 
дене  шынықтыру-спорттық  қозғалысын  дамыту  үшін  қажетті  алғышарттар  жасайтын 
болады.
Туризм  және  спорт  министрлігі  әкімдермен  бірге  елде  бұқаралық  спортты  дамыту 
үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс.
30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз.
Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де.
Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, саламат-
ты өмір салты жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала 
өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға 
қысқартуы тиіс.
169

Бұл  ретте  өмір  сүрудің  күтілетін  ұзақтығы  72  жасқа  дейін  ұлғаяды.  Осынау  құрғақ 
сандардың артында біздің азаматтарымыздың аман алып қалынған мыңдаған өмірлері 
тұр. Бұл өте маңызды мақсат. Біз оған міндетті түрде қол жеткізуіміз керек!
4.3 ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Алда  тұрған  онжылдықтың  аса  маңызды  міндеті  —  Қазақстанның  барлық 
азаматтарының  өмір  сапасы  мен  деңгейін  жақсарту,  әлеуметтік  тұрақтылық  пен 
қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық 
қажетті жағдайларды жасайтын болады.
Біздің мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан  мен  2020  жылға  қарай  жұмыссыздық  деңгейі  5%-дан,  ал  табыстары 
ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген 
міндет қоямын.
Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стандарт-
тар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.
2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 
60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 
жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиіс.
Біз  өз  іс-әрекетімізде  дәйектілікті  ұстанамыз.  Өткен  жылы  зейнетақылар,  шәкір-
тақылар, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 25%-ға өсірілді. Әлеуметтік 
жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға артты.
Республикалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды 1 қаңтардан бастап, 
ал  шәкіртақылар  мен  бюджеттегілер  еңбекақыларын  1  шілдеден  бастап  жиырма  бес 
пайызға өсіру қарастырылған.
Өткен  жылғы  экономика  өсімінің  оң  серпінін  шәкіртақылар  мен  бюджеттегілердің 
еңбекақыларын үш ай бұрын — 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүмкіндік береді 
деп есептеймін. Үкіметке осы үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын.
4.4 АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл 
біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата.
Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде 
бір жолғы жәрдемақы төленетін болады.
Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан 
соғысы  уақытында  қаза  тапқан  әскери  қызметшілердің  ата-аналары  мен  жұбайлары, 
қаза  болған  соғыс  мүгедектері  мен  оларға  теңестірілген  мүгедектердің  жұбайлары, 
соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмайды.
Оның  сыртында  Жеңістің  65  жылдығын  кеңінен  мейрамдауға  байланысты  соғысқа 
қатысушылар  мен  мүгедектерінің  жеңілдікпен  жол  жүрулері  үшін  383  миллион  теңге 
қарастырылған.
Бұл біздің әкелеріміз бен аталарымызға олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, 
олардың біздерге бейбіт өмірді қамтамасыз еткендері үшін көрсетілген құрмет.
170

4.5 ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ СЕКТОР САЛАСЫНДАҒЫ 
САЯСАТ
Дағдарыс  сабақтары  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту  саясатын  жетілдіруді  та-
лап  етеді.  Ол  үшін  тұрғын  үй  құрылыс  салымдары  жүйесінде  зор  әлеует  бар  деп 
есептеймін. Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс 
компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет.
Ол нені білдіреді?
Азаматтар тұрғын үй құнының бір бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинай-
ды да, қымбат емес ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түпкі нәтижесінде тапсырыс беруші ретінде көріне 
отырып,  азаматтардың  тұрғын  үй  жөніндегі  қалауларының  пулын  қалыптастырады, 
құрылыс  инвесторлары  мен  тұрғын  үй  құрылысын  қаржыландыруға  дайын  екінші 
деңгейлі банктерді іздеуді жүзеге асырады.
Мемлекет  жергілікті  атқарушы  органдар  атынан  жер  телімдерін  бөлуді  және 
инженерлік коммуникациялар тартуды қамтамасыз етеді.
Осылайша,  азаматтар  өз  тұрғын  үйлерінің  құрылысына  толық  құқылы  қатыса  ала-
ды.  Төлем  қабілеттілікке  сұраныс  та,  құрылыстың  бақылануы  да  қамтамасыз  етіледі. 
Үкіметке  2010  жылы  «Жол  картасы-2009»  жоспары  бойынша  басталған  тұрғын  үй-
коммуналдық  сектор  нысандарын  қайта  жаңғыртуды  жалғастыруды,  ал  2011  жылы 
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі 
жоспарын жасауды тапсырамын.
Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  инфрақұрылымдарын  жаңғырту  өзіндік  пай-
далану  шығындарын  төмендетумен  және  ресурс  сақтаушы  технологиялар  енгізумен 
қоса жүруге тиіс.
Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. 
Шағын қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.
5. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ — 2020 
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ 
СЕНІМДІ ІРГЕТАСЫ
Ішкі  саяси  сала  мен  ұлттық  қауіпсіздіктің  2020  жылға  дейінгі  негізгі  мақсаттары 
қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді.
Жаңа  онжылдықта  біз  өзіміздің  экономикалық  жоспарларымыздың  табыстарын 
дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. 
Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.
Біз  құқық  қорғау  жүйесін  реформалау  бойынша  байыпты  жұмыс  жүргізуге  тиіспіз. 
Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық қорғау орган-
дары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ 
ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған 
проблемалар анық көрінеді.
171

Бұл  сектор  өткен  жүйенің  көптеген  кем-кетіктерін  сақтап  қалған.  Біздің  жүйемізде 
жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары — 0,4%-ды, қоғамдық жұмыстар 
0%-ды құрайды.
Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау 
орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды.
Осының салдарынан олар қылмыскерлер қатарын толықтыруда.
Мен реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім.
Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның 
нақты құзыретін түзу керек.
Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет.
Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азаматтардың 
құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс.
Бізге  парламенттік  және  қоғамдық  қатал  бақылауды  қамтамасыз  ету  керек  бола-
ды, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін 
жетілдіру талап етіледі.
Нәтижеліліктің  өлшемі  сандық  көрсеткіштер  емес,  азаматтардың,  заңды  тұлғалар 
мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс сапасы 
болуы тиіс.
Басқаша  айтқанда,  жаңа  онжылдықта  бізге  демократиялық  мемлекеттегі  құқық 
қорғау  қызметінің  жоғары  халықаралық  стандарттарына  сәйкес  келетін  жаңа  құқық 
қорғау жүйесі қажет. Менің тапсыр мам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды.
Сондықтан Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау орган-
дарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді тапсы-
рамын.
Сондай-ақ  осы  жылдың  өзінде  құқық  қорғау  жүйелерін  реформалау  жөніндегі  заң 
жобасын Парламентке енгізуді тапсырамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет