Қазақстандық жол 2020 стратегиялық жоспары: «ЖАҢА Қазақстан» сериясы



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата02.01.2017
өлшемі11,45 Mb.
#1014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құрметті қазақстандықтар!
Елімізде  азаматтық  қоғам  институттарын  одан  әрі  қолдауға  бағытталған  саяси 
жаңғырту жалғаса береді.
Бүгінде  біздің  ынтымақтастығымыз  ортақ  табысымыздың  міндетті  шарты  бола 
түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр.
Мен  Үкіметке  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі  әлеуметтік-экономикалық  және  
саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралда-
ры мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді тапсыра-
мын. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Өткен  жылы  мен  осы  мінберден  еліміздің  барлық  саяси  күштеріне  дағдарыстың 
қиын кезеңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық үнқатысуды 
орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім.
Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағдайында 
әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе 
әзірлеп, оған қол қойды. Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін.
Бұл  —  мәні  зор  елеулі  оқиға.  Біз  осы  кезеңдегі  саяси  риториканың  байыпты,  ал 
сынның көп жағдайда сындарлы екенін көріп отырмыз.
172

Бұл біз өмір сүріп, балаларымыз өсіп келе жатқан елімізде бейбітшілікті, тыныштық 
пен келісімді сақтаудың жалпыұлттық құндылыққа айналғанын білдіреді.
Енді партияаралық үнқатысудан нақты іс-қимылға көшетін кез келді. Өйткені, түптеп 
келгенде, кез келген партия болсын, қоғамдық ұйым болсын, барша қазақстандықтар-
дың мүддесі үшін жұмыс істейді емес пе? Сондықтан мен барлық саяси партиялар мен 
қоғамдық бірлестіктерге елдің дамуы мен ұлттық бірліктің тиімді жолдарын іздестіруге 
септесетін өзара іс-қимылдың жаңа үлгісін әзірлеуді ұсынамын.
Бұл іс жүзінде барлық саяси күштерді Отан игілігі үшін жұмысқа жұмылдыратын бо-
лады. «Нұр Отан» партиясы бұл істе біріктіруші рөл атқаруы тиіс.
Құрметті қазақстандықтар!
Болашаққа  белгіленген  ұлан-ғайыр  міндеттерді  ұйыстырушы  ұлттық  стратегиясыз 
орындау мүмкін емес.
Егер  біз  табысқа  жеткіміз  келсе,  онда  мына  төрт  қағидатты  басшылыққа  алуға 
міндеттіміз:
Біріншіден, біздің ең басты құндылығымыз — ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!
Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы 
мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамнан бас тартуы тиіс.
Үшіншіден, экономикалық өрлеу — әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл — 
қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті.
Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану — дамудың аса маңызды 
шарты.
6. СЫРТҚЫ САЯСАТ
Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін 
болады.
Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлттық, 
өңірлік  және  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайтуға  бағытталған  белсенді,  прагматикалық 
және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады.
Қазақстан халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын және әлемдік сауда-
қаржы  жүйесінің  сұлбасын  қалыптастыру  кезінде  жаһандық  шешімдер  қабылдау 
үдерістеріне қатысу ниетінде.
Қазақстан барлық қазіргі бар ұжымдық қауіпсіздік жүйелері арасындағы стратегия-
лық үнқатысуды жолға қоюға белсенді жәрдемдесетін болады.
Қазақстан  өңірлік  және  жалпыәлемдік  экономикалық  үдерістердің  жауапты 
қатысушысы ретіндегі өзінің рөлін толық көлемінде сезіне отырып, оны өз тәуелсізді-
гінің барлық жылдары бойында мінсіз орындап келеді.
Сондықтан  әлемнің  жетекші  елдерінің  көшбасшылары  мен  беделді  халықаралық 
ұйымдардың  басшылары  —  экономикалықтан  гуманитарлыққа  дейінгілердің  бәрі  — 
өздерін Қазақстанның досы санайды.
Біз мұны мақтаныш етуге тиіспіз.
Қазақстанның  жоғары  халықаралық  беделі  біздің  елімізге  Еуропадағы  қауіпсіздік 
және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді.
Бұл — біз үшін үлкен абырой.
173

Бұл — ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа тарихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық етудің 
аса жоғары жауапкершілігі.
ЕҚЫҰ оған қатысушылардың бірегей географиялық құрамымен — ал бұл үш құрлықта 
орналасқан  56  мемлекет,  мемлекеттердің  өзара  ықпалдасуының  бай  тәжірибесімен 
халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің бірі болып табы-
лады.
Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қатысты өзіміздің ұстанымдарымызды белгілеп алдық.
Сондықтан бұл туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын.
Қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынадай ұран-
мен өтетін болады: «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік».
Біз  көптеген  көкейкесті  мәселелерді  шешу  жолдарын  бірлесе  іздеп,  ықтимал 
дағдарысты жағдайлардың алдын алу үшін бірлескен тетіктерді әзірлейтін боламыз.
Біз қауіпсіздіктің негіз қалаушы мәселелері бойынша, сондай-ақ Ұйымның өзін да-
мыту мәселелері бойынша консенсустық алаңды кеңейту және нығайту ниетіндеміз.
Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін бәрін 
де жасайтын боламыз.
ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның жоспарларына, сонымен қатар, 
үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы менің ұсынысыма қолдау 
білдірді.
Мен Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі аймағында қауіпсіздіктің көкейкесті пробле-
маларын, Ауғанстандағы жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды ұсындым.
Біздің  ЕҚЫҰ-дағы  төрағалығымыз  бүкіл  әлем  халықтарының  қауіпсіздігін  дамыту 
мен өркендетуге бағытталатын болады.
Құрметті қазақстандықтар!
Құрметті Парламент депутаттары!
Көріп отырғандарыңыздай, біз елімізді дамытудың жаңа кезеңіне дайынбыз. Ауқымы 
жөнінен осындай күрделі де ұлан-ғайыр міндеттерді біз бұған дейін шешкен емеспіз.
Біз  өзіміздің  барлық  мүмкіндіктерімізді  егжей-тегжейлі  сараптап,  он  жыл  бұрынға 
есептеп қойдық.
2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы сіздерге таратып беріледі және баспасөзде 
жарияланады.  Біз  не,  қашан,  қалай  жасалатынын  және  құрылатынын  іс  жүзінде  ай-
лар бойынша білеміз. Және, ең бастысы, жоғарыда айтылғанындай, біздің барлық іс-
қимылдарымыз қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген.
Біз алдымызда қандай қиындықтар тұрғанын білеміз. Әлемдік дағдарыс әлі аяқталған 
жоқ, бірақ оның өткір кезеңі артта қалды. Өткен жылдағыдай форс-мажорлық жағдай-
лар біздің жоспар ларымызға қандай да бір өзгерістер енгізуі мүмкін, бірақ мен біздің 
бас желіміз жалғастырылатынын ескертемін.
Біздің бағдарламамыздың мәні мен маңызы осында.
Әркім сапалы медициналық қызметке қолжетімділік алады.
Балалар бақшасынан бастап университетке дейінгі сапалы білім бүкіл еліміз бойын-
ша әр отбасына қолжетімді болады.
Елімізде тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің сапасы айтарлықтай жақсарады.
174

Зейнеткерлер, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасылар сенімді қорғалатын 
болады.
Жастар  —  біздің  болашағымыздың  негізі  —  өз  болашағын  құрудың  жаңа  мүмкін-
діктеріне қол жеткізеді.
Бұл  —  сіздердің  әрқайсыларыңыздың  алдыңыздан,  сіздердің  отбасыларыңыздың 
алдынан, біздің еліміздің алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктер.
2030  жылға  дейінгі  Даму  стратегиясында  айқындалған  біздің  стратегиялық 
мақсаттарымызға қол жеткізу жолында жұмыла отырып, біз өзіміздің миссиямызды та-
бысты орындаудамыз — тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз.
Біз  бүкіл  қоғамды,  партияның  барлық  мүшелерін  алдағы  онжылдық  міндеттерін 
түсіндіру мен іске асыруға жұмылдырып, іс жүзінде бұл жұмысқа жетекшілік ететін және 
оны өзінің бағдарламасы жасайтын «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне үлкен үміт ар-
тамыз.
Қымбатты менің отандастарым!
Өзімнің  сіздерге  арнаған  сөзімді  аяқтай  келе,  былай  дегім  келеді:  біз  бірлесіп 
Қазақстанды  табысқа  жетуші  жасай  алдық  және  бірлесіп  оны  өркендеуші  жасай  ала-
мыз.
Қымбатты менің отандастарым!
Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөз бар.
Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асы-
рып, атағын әлемге әйгіледік.
Біз  толайым  табыстарға  қол  жеткізіп,  биік  белестерді  бағындырдық,  алайда  алар 
асуымыз әлі де алда.
Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге технология ауадай 
қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санаса-
ды.
Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты — еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт 
болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік 
туғызу.
Келер  ұрпақтың  жүзін  жарқын  ететін  бұл  мақсатқа  біз  асқан  табандылықпен  ел 
бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз.
Мен  осы  күндері  Қазақстанның  бүкіл  аумақтарынан  мыңдаған  хаттар  мен  жедел-
хаттар  аламын.  Әсіресе,  Қазақстанның  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымына төраға болуына және атқарып жатқан жұмысыма байланысты көптеген хаттар 
келуде. Халықтың көңіл-күйін сіздер түсіну үшін соның біреуін оқып берейін:
«Құрметті  Нұрсұлтан  Әбішұлы,  қазақ  бүгін  Еуропаның  төріне  шықты.  Бұл  —  бүкіл  
қазақ  халқының  қуанышы  мен  мақтанышы.  85  мыңнан  астам  халқы  бар  шекараның 
шебінде, елдің ең шетінде жатқан біз үшін қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың маңызы 
ерекше. Бұл — халықтың ең басты мақсаты мен мұраты. Қазақ қашан қарт Еуропаның 
төріне  шықпақ  түгілі,  есігінен  бұрын-соңды  сығалап  көріп  еді?  Өзіңізге,  қазағымызға 
осы биік мәртебеде абырой берсін.
175

Бұл  жақта  еліміз  —  аман,  жұртымыз  —  тыныш,  ең  бастысы  —  балаларымыздың 
ұйқысы  бұзылған  жоқ.  Аузымызда  —  тәубеміз,  қолымызда  қауғамыз,  халқымыздың 
ынтымақ-бірлігі қалыптасты. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Да-
ламыз — дәнге, өрісіміз — малға, үй-ішіміз — жанға толды. Барлық ісіңізге Алла жар 
болсын». Райымбек ауданының құрметті азаматы Совет Оразаев.
Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінен, батысы мен шығысынан келіп жатқан осындай 
мыңдаған қолдау хаттар біздің халқымыздың кеңдігі мен шыдамдылығын, сауаттылығы 
мен мол түсінігін, дүниеде болып жатқан оқиғаларды, ішкі және сыртқы жағдайды қа-
рап, дұрыс аңғарып отырғандығын білдіреді.
Сондықтан дәл осындай санамен, біліммен және табандылықпен осы бағдарлама-
ны  орындауға  қол  жеткізуіміз  керек.  Ол  жалғыз  Президенттің  немесе  Парламент  пен 
Үкіметтің ғана шаруасы емес.
Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді. Олай болса, осы іске жеңді 
түріп кірісуіміз керек.
Ендеше,  құрметті  ағайын,  ынтымағы  жарасқан  еліміздің  бағын  асыратын,  мерейін 
тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.
Рахмет.
176

Оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл кітапты құрамына Ресейдің жетекші экономистері, та-
рихшылары  және  политологтары  енген  авторлық  ұжым  дайындады.  Кітапта  Президент  Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың республиканың 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын айқындайтын «Жаңа 
онжылдық  —  жаңа  экономикалық  өрлеу  —  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  (29.10.2010)  атты 
Қазақстан халқына Жолдауына толық талдау жасалған.
Жолдау тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, шетелдіктердің арасында да үлкен резонанс ту-
дырды. Оған осы басылымның шығуы дәлел. Ресейлік ғалымдар өз мақалаларында Қазақстанның 
әрі  қарай  да  қарқынды  дами  беретініне  сенім  білдірген.  Бұл  мемлекетіміздің  өңірдегі  тұрақтылық, 
бейбітшілік  пен  келісім  тірегі,  халықаралық  қауіпсіздік  және  ынтымақтастықты  нығайту  бойынша 
маңызды ұсыныстардың бастамашысы болуына жол ашады.
Қазақстан көпэтносты және көпконфессиялы қоғамдағы мүдделердің үйлесімді теңдестігі мен 
тұрақты  дамудың  жолын  тапты.  2010  жылғы  қаңтар  айындағы  Жолдау  Қазақстанның  нарықтық, 
әлеуметтік және демократиялық мемлекет ретінде дамудың жаңа белесіне аяқ басқанын білдіреді. 
Бұл  әлемнің  Қазақстан  тәжірибелерін  мұқият  зерделеп  жатқанының,  Қазақстан  қоғамының  саяси 
және әлеуметтік-экономикалық модернизациясының бұдан кейінгі үдерістерін қолдайтынының тағы 
да бір дәлелі.
Аталмыш  басылымнан  Ресейдің  Қазақстанның  дамуына  ерекше  назар  аударып,  еліміздің 
жетістіктеріне  қуанатынын  байқауға  болады.  Бұл  кітаптың  Қазақстан,  Ресей  және  Беларусияның 
Кедендік Одағы өз жұмысын бастаған 2010 жылы жарыққа шығуының өзі аса маңызды.
Кітаппен жұмыс істегендер:
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Сергей Бирюков, саясаттанушы, РФ Саяси ғылымдар академиясының академигі
Дмитрий Елькин, LentaCom.Ru сараптамалық порталының бас директоры
Михаил Делягин, экономика ғылымдарының докторы, Жаһандану мәселелері институтының директоры
Юрий Солозобов, саясаттанушы, Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры
Тапсырыс беруші: «Баспалар үйi» АҚ 050009, Алматы қ., Абай к-сі, 143, 327-кеңсе,
тел.: +7(727) 395-52-01, факс: +7(727) 395-52-02
Басып шығарушы: «Деловой мир Астана» ЖШС
Баспа жетекшісі: Қыдырма А.А., ҚР Президенті БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты
Қазақ тіліне аударған: «Астана-Персонал» ЖШС 
Е40 2020 Стратегиялық жоспары: Көшбасшылыққа бастайтын Қазақстандық жол. — Астана: «Деловой мир Астана» 
ЖШС, 2010. — 178 бет.
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» сериясы
2020 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ: КӨШБАСШЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ
Редакцияның мекен-жайы:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., 
Сығанақ к-сі, 25, «Аңсар» бизнес-орталығы
тел./факс: +7 (7172) 550-657, 550-658,
эл. пошта: dm@dmastana.kz, 
www.dmastana.kz
© «Деловой мир Астана» ЖШС, 2010
© Барлық құқығы қорғалған
«Деловой Мир Астана» ЖШС сапа менеджментінің 
жүйесі сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген ор-
ганмен сертификатталған және ҚР СТ ИСО 9001-2009 
талаптарына сәйкес келеді.
УДК 323/324(574)
ББК 66.3(5Қаз)
Е40
ISBN 978-601-7259-12-9
ISBN 978-601-7259-12-9
УДК 323/324(574)
ББК 66.3(5Қаз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет