Түркістан облысы Түркістан облысы (1992–2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы және 1962–1992 жылдары Шымкент облысы) — Қазақстанның оңтүстігіндегі облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 2018 әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды; Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды.
Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,000,000 адам (2018). Орталығы – Түркістан қаласы. Солтүстігінде Ұлытау, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 14 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы — Қазақстанның ең солтүстігіндегі облысы.
Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.