Қызылорда облысы Қызылорда облысы 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған. Қызылорда облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік-шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер аумағы 226 мың км². Қызылорда облысының құрамына Арал ауданы, Жалағаш ауданы, Жаңақорған ауданы, Қазалы ауданы, Қармақшы ауданы, Сырдария ауданы, Шиелі ауданы және Қызылорда қаласы кіреді.
Маңғыстау облысы Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі.
Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түрікменстан мен Өзбекстан Республикалары және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи «Маңғыстау» деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы — Ақтау қаласы.
Павлодар облысы Павлодар облысы (орыс. Павлодарская область) — Қазақстанның солтүстігіндегі облысы. Облыс орталығы — Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Жаңасібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Абай және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Ұлыотау облысы Ұлытау облысы — 2022 жылдың 8 маусым күні құрылған Қазақстанның орталығындағы облыс. Әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы.
Ұлытау облысы оңтүстігінде Түркістан, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Жамбыл, батысында Ақтөбе, солтүстік-батысында Қостанай, солтүстігінде және шығысында Қарағанды облыстарымен шектеседі.