Қазақстанның 17 облысы Абай облысы



бет2/4
Дата29.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#121149
1   2   3   4
Байланысты:
AA101

Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау облыстарымен, батысында Ресейдің Астрахан, Волгоград, солтүстік-батысында Саратов, Самара, солтүстігінде Орынбор облыстарымен шектеседі.
Облыс 1932 ж. 10 наурызда Орал облысы болып құрылған. 1996 жылдан Батыс Қазақстан облысы болып аталады. Жерінің аумағы 151,3 мың км², тұрғындары 624 мың адам әкімшілік жағынан Батыс Қазақстан облысы 12 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға, олар 4 кенттік және 155 ауылдық әкімшілік округтерге бөлінген
Жамбыл облысы
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан облысы. Шығысында Алматы, батысында Түркістан, солтүстігінде Ұлытау және Қарағанды облыстарымен және оңтүстігінде Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тәңір тауына, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.
Жетісу облысы
Жетісу облысы — 2022 жылдың 8 маусым айында құрылған Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы облысы Шекарасы .Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы.Жетісу облысы 2022 жылдың маусым айында Алматы облысынан бөлінудің нәтижесінде құрылды.
Жетісу облысы оңтүстігінде Алматы, солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстігінде Абай облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысы – Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 239,0 мың км². Тұрғын саны 1 134 753 адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,7 адамнан келеді (2023)[3]. Солтүстігінде Ақмола, Павлодар, шығысында Абай облысы, батысында Ұлытау, оңтүстігінде Жамбыл, оңтүстік-шығысында Алматы, Жетісу, солтүстік-батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. Облыс 7 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік аудандарға бөлінеді. 8 қала, 39 кент, 168 ауылдық әкімшілік округі бар. Әкімшілік орталығы — Қарағанды қаласы.
Қостанай облысы
Қостанай облысы — Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Облыс орталығы – Қостанай қаласы. Жер аумағы 196 мың км².


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет