«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы



бет14/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
« аза станны азіргі заман тарихы» п ніне жалпы сипаттама

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12.01.1912 – 25.08.1993ж.) 1960 – 1962 және 1964 – 1986 жылдары Қазақстанды басқарды. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама – қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. 1960 жылдың басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алды. 1986 ж. Д.А. Қонаев Қазақстан басшылығы қызметінен босатылды.

  1. КСРО – дағы қайта құру үрдісінің тығырыққа тіреле бастауы, әлеуметтік – экономикалық қиыншылдықтар және т.б. түрлі себептер социалистік жүйенің ұзаққа бара алмайтындығын аңғартты.

КСРО – ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасы технологиялық жағынан артта қалды, тауарлардың бүкіл әлемдік бәсекеге түсуі төмендеді. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ – пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери – стратегиялық тепе – теңдікті сақтау үшін қоғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950 – 1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жетті. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардапқа ұшыратты.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрлыстың қарқыны баяулап, жоспарлау орындалмады. КСРО экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. 1991 ж. өндірістің төмендеуі 11% - ға, бюджет тапшылығы 20 – 30% - ға, ал сыртқы қарыз 103,9 млрд долларға жетті. КСРО – дағы экономиканы қайта құру саясатының сәтсіздігі, елдің тоқырауы күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды, бүкіл елде реформаларды жүргізу қажеттілігі туындады.
Экономикалық реформалардың сәтсіздігі, орталықтың елді дағдарыстан шығара алмауы республикалардың саяси элиталарын тығырықтан шығудың өз жолдарын іздестіруге итермеледі.
КСРО сияқты алып мемлекеттің есеңгірей бастаған тұсында 1990 ж. 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік Егемендігі туралы декларация (құжат) қабылдады. Егемендік декларациясы бас құжатында респбуликада мемлекеттік өкімет билігін алғаш рет ол заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асыру енгізілді. Заң шығару билігін Қазақ КСР Жоғары кеңес жүзеге асырса, ең жоғарғы әкімшілік – атқару билігі Республика президентіне берілді, ал ең жоғарғы сот билігін Қазақ КСР Жоғары соты жүргізді. Он жеті баптан тұратын бұл декларацияда, негізінен, мына мәселелерге мән берді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісімшарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік – аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени – ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы; Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғары кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді.
1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілі қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойды. Сөйтіп, 1991ж. желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО – ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
1991ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика президентін бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет