Жеңіл және тамақ өнеркәсібінде бірсыпыра кәсіпорындар, оның
ішінде Қызылорда тері, Шымкент қаракөл зауыттары, Алматы мақта-мата
комбинатының бірінші кезегі, Шымкентте мақта иіру фабрикасы, Жамбыл
былғары аяқ киім комбинаты мен Қарағанды аяқ киім фабрикасының бірін-
ші кезектері, Жамбылда жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы, Жезқазған, Се-
мей жэне Ақтөбеде тоқыма фабрикалары, Қарағандыда шұлық фабрикасы
іске қосылды. Тамақ өнеркәсібінде Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда және
Теміртауда жаңа ет комбинаттары, 15 сүт зауыты, 22 нан зауыты, Шу қант
жэне Алматы маргарин зауыттары өз өнімдерін бере бастады. Алайда жеңіл
жэне тамақ өнеркәсіптері саласында соңғы өнім өндіруден өңдеу бағыты
басым болды, осының салдарынан республикада жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің өнімін өндіру одақтық дәрежеден әлде қайда аз болды.
Ғылым мен техниканың жетістіктеріөндіріске қиындықпен және
өмір сүріп отырған шарушылық құрылымның арқасында емес, қайта оньщ
еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар мен тұтас салалар іс жүзінде өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі болмады, өйткені олардың
көздеген мақсаты жоспар орындау болды, нәтижесінде ғылым мен техника жетістігін енгізуден халық шаруашылығына түскен пайда 1950-1960
жылдардағы 12 пайыздан 1961-1965 жылдар 7,4 пайызға төмендеді.
Сонымен, «жылымық» жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе, XX съезде шектен тыс орталықтандыруды жоюға жэне ұлттық республикалардың кұқығын кеңейтуге бағыт бергеніне қарамастан Қазақстанның егемендігін жоққа шығарып, экономика салаларындағы билікті толық өз қолына жинап алды. Осының салдарынан республиканың индустриалды дамуы экстенсивті негізде өрістеп шикізат көздері мен энергия қуаттарын дамытуға басымдылық беріліп, оларға, керісінше, машина жасау жеңіл
жэне тамақ өнеркәсібі жеткіліксіз дамыды. Партиялық мемлекеттік билік қоғам мүшелерін меншік пен үкімет билігінен толық шеттетіліп, олардың
әлеуметтік жағдайына жеткіліксіз назар аударды.
3. 1964 ж. КОКП Орталық комитетінің қазан айында өткен пленумында КСРО басшылығында ауыс-түйіс болды. Пленум 11 жыл (1953-1964) КСРО-ның бірінші тағын иеленген Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И, Брежнев, ал Министрлер кеңесінің төрағасы болып А.Н. Косыгин тағайындалды.