«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


жылы 29 тамызда алғашқы сынақ жасалды



бет15/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
« аза станны азіргі заман тарихы» п ніне жалпы сипаттама

1. 1949 жылы 29 тамызда алғашқы сынақ жасалды:
A) Байқоңырда
B) Тынық мұхитында
C)Семейде
D) Батыс Қазақстанда
E) Қарағандыда
2. Үш мыңнан аса елді мекеннің тарихи аттары өзгертілді:
A) Азамат соғысы жылдарында
B) Тәуелсіздік жылдарында
C) Соғыстан кейінгі жылдарда
D) Тың игеру жылдарында
E) Ұлы Отан соғысы жылдарында
3.60-шы жылдың ортасында Қазақстанда жыртылған тың жердің көлемі:
A) 35 млн. гектар
B) 45 млн. гектар
C) 8 млн. гектар
D) 25 млн. гектар
E) 13 млн. гектар
4.1954 жылы Ж. Шаяхметовтің орнына тағайындалды:
A) Д.А. Қонаев
B) И. Юсупов
C) П. Пономаренко
D) Н.И. Беляев
E) Н.С. Хрущев
5.Қ. Сәтбаевты «ұлтшыл» деп көрсетті:
A) М. Ж. Көпеев туралы жазғаны үшін
B) Жүсіп Бабатайұлын насихаттағаны үшін
C) Шортанбай ақынның өлеңдерін жариялағаны үшін
D) «Едіге батырға» жазған алғысөз үшін
E) « Қобыланды батырға» жазған алғысөз үшін
Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)

  1. Елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік алуы.

  2. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсері.

  3. Ұлттық республикалардың экономикалық өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі қаржыландыруға қол жеткізу жолындағы талпыныстары.

  4. Экономиканы басқарудағы өзгерістер.

  5. Одақтық басқару жүйесіндегі жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың республикаларға қайтарылуы. \

2

№ 7 дәріс

Қазақстан республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.



  1. Мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы мен рәміздердің қабылдануы.

  2. Мемлекеттік институттардың қалыптасуы.

  3. Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы мен даму тарихы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:





  1. КСРО сияқты алып империяның күйреуі оның қол астында болып келген басқа республикалар сияқты Қазақстанның да тәуелсіздік алуына жол ашты.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы егемендіктің бірден – бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің қарулы күштерін құруға хақылы екендігі, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заң бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп танылды. Қазақстан Республикасының аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 1 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ұлт көшбасшысы. Қазақстанның жаңа дәуірінің алғашқы күні» атты мақаласында тәуелсіздік шежіресіндегі үш шешуші тарихи белесті атайды. Бірінші, - біздің еліміздің алғашқы абсолютті егемен мемлекеттік актісі – Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қою. Екінші белес ретінде 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет өткен жалпыға ортақ Қазақстан Пезидентінің сайлауы. Ал ««Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық Заңның қабылдауын үшінші белес екенін айта келе, елбасы бұл ұмытылмас тарихи оқиға болды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы дайындалды.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Венгрия және т.б. ірі – ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстанның тәуелсіздігін 18 мемлекет таныды. 1992 жылдың аяғында елдің тәуелсіздігін 108 мемлекет танып, олардың 70 – імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Алматыда 19 елдің дипломатиялық өкілдігі ашылды. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал сыртқы саясаттағы басты міндеттер – Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет