Біріншіден, астананың солтүстікте орналастырылуы геосаяси себептерге байланысты болды: тәуелсіздікті қамтамасыз ету және сақтау мүдделерінде астана елдің географиялық орталығына айналуға тиіс-тін. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «Қазақстан бұл әрекетімен Солтүстіктің Оңтүстікпен, Шығыстың Батыспен теңқұқылы ынтымақтастығына өзінің ашықтығын жария етер еді», -деп жазды.
Екіншіден, астананы көшіру қажеттігі елдің индустриялық- инновациялық дамуын нығайту міндеттерінен туған.
Үшіншіден, Алматы ол кезде өз дамуының аумақтық ресурстарын сарқып болған-ды. Қала ары қарай аумағын кеңейте дами алмайтын болды, өйткені оны іс жүзінде барлық жағынан таулар қоршаған. Қала небары 400 мың тұрғынға арналып жобаланған, ал халқының саны XX ғасырдың 90 жылдарының ортасына қарай бір миллион адамнан асып кетті. Оның үстіне, елдің оңтүстік мегаполисін сумен жабдықтау мәселесі де қиындай түсті.
Төртіншіден, Алматыда экологиялық жағдай айтарлықтай нашарлап кетті. Қаланың ауасын желдетіп, тазарту қиын болды. Кәріз жүйесі мәселесі де өткір еді. Қаланы ауызсумен және жылумен жабдықтау ісінде қиындықтар туды. Қала маңында заңсыз және бей-берекет құрылыстардың жедел қарқын алуы онсыз да қиын жағдайды одан сайын ушықтырып жіберуі қаупі туды. Сейсмика тұрғысынан да кейбір қиындықтар пайда болды.
Бесіншіден, жаңа жағдайларда әуе, теміржол, автокөлік жолдарының қиылысында тұрған Алматының қолайлы көлік қатынастары болмады.
Ал Ақмола жаңа астана ретінде іс жүзінде халықаралық стандарттардың барлық 32 өлшеміне, оның ішінде: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмикалық жағдайлар, қоршаған орта, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқалары бойынша толық дерлік сай келеді.
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылы тамыздың 29-ында қабылданган Конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы елдегі жағдай және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жайында Қазақстан халқына жылма-жыл Жолдаулар арнайды. Президенттің алғашкы ресми Жолдауы 1997 жылы қазан айында жария етілді. Дәл сол уақыттан бастап көптеген президенттік республикаларға тән осы Дәстүр қалыптасты.
Президенттің 1997 жылгы Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуына арналды. Жолдау «Барлық қазақстандықтардық өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деп аталган.
Жолдау жаңа тарихымызға «алғаш рет ел дамуының болашағы зор, ұзақмерзімдік, алдағы үш онжылдыққа тұжырымдамалық негізделген бағыттарының» құжаты ретінде енді.
Елбасының 1997 жылғы Жолдауы тәуелсіздік таңы атқан кезде-ақ айқындалған, негізге алынатын: саяси және этносаралық тұрақтылық, әлеуметтік серіктестік, нарықтық қатынастардың орнауы, отан- сүйгіштіктің нығаюы мақсаттарын жаңа деңгейде дамытты. Сол жылғы Жолдау ел алдына қойылған мақсаттар, оның ішінде жүйелі және кепілдік берілетін жетістіктер үшін қажетті ең биік мемлекеттік стратегияға - «Қазақстан-2030» Стратегиясына атау берді.
Әлемде «Азия барыстары» деген атаумен белгілі Азия - Тынық мұхиты өңірінің (АТӨ) бірқатар: Корея, Тайвань, Сингапур, Малайзйя, Индонезия, Таиланд елдерінің жеткен жетістіктерін саралай отырып, Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерімен осындай нәтижеге жете алмайтын қандай да бір себептер бар ма?» — деп сұрақ қойды. Содан соң ондай себептердің жоқ екеніне нық сенімді екенінбілдіріп, демек, 2030 жылға қарай Қазақстанның «Орталық Азия барысына» айнала және басқа дамушы елдерге үлгі бола алатын» мүмкіндіктерінің мол екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның XXI ғасырдағы басты міндеті мен қызметін осыдан көрген-ді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)
Достарыңызбен бөлісу: |