«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы жүргізілген жыл



бет23/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
1. Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы жүргізілген жыл:
А) 1997 ж.
В) 1998 ж.
С) 1999 ж.
D) 2000 ж.
2. 2001жылы қабылданды:
А) Қазақстан – 2030 мемлекеттік бағдарламасы
В) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы
С) «Интеллектуалды ұлт» стратегиялық бағдарламасы
D) «Сақтандыру туралы» Заң
3. Әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементтері қатарынан қатені табыңыз:
А) Мемлекеттік жәрдемақы
В) Міндетті әлеуметтік сақтандыру
С) Әлеуметтік көмек
D) Тегін медициналық көмек
4. 1992 жылы құрылған қоғамдық қор:
А) «Бөбек»
В) «Көк майдан»
С) «Әділет»
D) «Ақиқат»
5. Кедейшілікпен күрес жылы:
А) 2000 жыл
В) 2001 жыл
С) 2002 жыл
D) 2003 жыл
Сұрақтар: (5 сұрақтан кем емес)

  1. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі.

  2. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңыжәне оның маңызы.

  3. "Қазақстан – 2050" стратегиясы мен  "Нұр Отан".

  4. "Нұрлы болашақ жолында" атты Саяси доктрина - "Нұр Отан" партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы".

  5. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы.

2

№ 12 дәріс

Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
1. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы.
2.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар.
3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:




Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстан тарихына бүкіл ұлттық қызығушылық артты. Бұл кездейсоқ пайда болған қызығушылық емес еді. Ұзаққа созылған науқастан соң есін енді жинай бастаған адам сияқты, қазақ халқы да өзінің өткенін жадына түсіргісі келді. Халықтың жадысы - тарих. Сол тарих арқылы қазақ, қалайша осындай жағдайға душар болғанын білгісі келді, өзін-өзі түсінгісі келді. Ол- заңды құбылыс. Тарихқа деген сұраныс ұсынысты тудырды. Мерзімді басылым беттерінде тарихи деректер мен тарихи мақалалар тасқыны басталды. Журналистердің, әдебиетшілердің, басқа да зиялы өкілдердің тарихи тақырыпқа арналған мақалалары көптеп жарияланды
Еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, дербес, тын, тәуелсіз ой-пікірлер мен тұжырымдар қалыптаса басталды. Тарих ғылымында жаңа бағыттар, айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Біріншіден, өзгеріс ең алдымен ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық –методологиялық негіздерін қамтыды. Бұрынғы таң шеңберлі, қасаң таптық позицияға негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және ұлттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алында. Қазақ тарихы жалпы адамзат тарихының тінінде (контексінде) зерттеле бастады. Екіншіден, қазақ тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар дайындалып қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді. Үшіншіден, Қазақстан тарихшылары бұрын жабық болған қолдануға тыйым салынған дерек көздерін пайдаланып, оларды ғылыми айналымға тарта бастады. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толтырудың жолдары мен әдістері айқындалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде арнайы деректану және тарихнама кафедрасы ашылды. Төртіншіден, халқымыздың тарихына қатысты бұрын пайда болған деректер газет, журнал беттерінде молынан жарияланды немесе жеке кітаптар түрінде жарық көрді. Бұл факторлар тарихымыздың қара түнек беттерін ашық, тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Алаш» журналының шығуы халық санасында жаңа көзқарас қалыптастыру мен насихаттауда оң қызмет атқарды. Бесіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын тақырыптар, яғни «тарих ақтаңдақтары» ашылып, большевиктер партиясының халқымызға қарсы жасаған қылмысты істері әшкереленді. Большевиктер қолымен ұйымдастырылып, ұлтымызға орны толмас қайғы-қасірет әкелген зұлматтың себеп-салдары көрсетіліп көлемі анықталды. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған еңбектер көлем едәуір болды. Олардың арасында, әсіресе, кеңестік тоталитарлық жүйе тарихынан жазылған еңбектер айтарлықтай мол.


Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи танымын айқындайды. Ол қазақ тари­хының он екі кезеңін атап өтті: 1. Қазақстанның бүкіл аумағын қам­титын көшпелі, ежелгі арийлердің қо­ныс­тануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді. 2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арий­лер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Үндіде Веда, Иранда Авеста жазылды. Мәдени-тарихи көтерілу басталды. Ежелгі дала, қазақ жері әлсіреді. Содан қалған белгі - таңбалы қамшы. Сақ патшаларының Есіктегі, Бес­шатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері. 3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну бас­талды. 4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нә­сіл­дері - түркілер - Ашина руының түр­кілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты. «Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны. Түркі эпосының үш бұтағы немесе үш бөлігі - Қазақстандағы түркі рухания­ты­ның қайнар көзіне айналды. 5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк, Күлтегін рунасының жазбаларын, қы­рыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады. 6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары. 7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұң­ғыш сопы - Қожа Ахмет Йассауи хик­меттерімен ерекшеленеді. Ол қазақтардың рухани мұрасы. Ал Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қазақ мемлекеттігінің нысанасы, ол қазақтың ұлы тұлғаларының пан­теоны. 8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты, қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш жүзінің таңбаларын тасқа қашады. Үйсіндердің нысаны - ту, ар­ғындардың нысаны - көз, алшындардың нысаны - найза. Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз - Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды. 9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды. Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады. 1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақ­тың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»! 10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қам­тиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сах­насына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты. 11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды. Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен, шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады. 12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды.
АСТАНА. 28 маусым.
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Отырыста өкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысында белгіленген міндеттерді іске асыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар қаралды. Бағдарламаның басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау. Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық тарихты жан-жақты зерттеу жөнінде ғылыми-зерттеушілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық жұмыстарды түрлі бағыттар бойынша ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Бұл тәуелсіздік тарихты оқиғалар, даталар мен атаулар тізбесі ретінде білумен ғана қамтамасыз етілмейді. Ол, ең алдымен, өз тарихыңды түсініп, түйсіне білуді қажет етеді

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
Тест тапсырмалары: (5 тест сұрақтарынан кем емес)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет