«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәніне жалпы сипаттама


Н.Ә. Назарбаев – тарихтағы тұлға



бет26/30
Дата24.04.2023
өлшемі265,48 Kb.
#86144
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Н.Ә. Назарбаевтарихтағы тұлға


1.Н.Ә.Назарбаев — тәуелсіз Қазақстанның негізін салушысы, шынайы ұлт көшбасшысы.


2.Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіконституциялық мәртебеге сай ұлт көшбасшысы.
3.Мемлекет басшысының астананы көшіру туралы бастамасы.
4.ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары - елдің стратегиялық дамуы жоспарлары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салушы ретіндегі ерен еңбектері жайында айтқанда, біз оларды республикамыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық салаларындағы нақты қол жеткен жетістіктерімізбен ұштастыра баяндаймыз.


Түбегейлі жаңа саяси жүйе қалыптасты. Табысты дамып жатқан күшті мемлекет құрылды, оның жаңа бас қаласы - қазіргі заманға лайық және әсем Астана салынды. Қазақстандықтардың әл-ауқаты тұрақты артып, өмір сүру сапасы жақсарып келеді. Ұлттың адам капиталын әлеуметтік жаңғырту және күшті дамыту бағыты белгіленді.
Қазақстандық төзімділік күшейіп, көп этностық және көп конфессиялық халықтың бірлігіне - Қазақстанның алға басқан қозғалысының кері айналмайтындығының баға жетпес кепіліне қол жетті.
Қазақстанның осы және басқа көптеген жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Біздің Тұңғыш Президентіміз елді қиын-қыстау кезде басқарды. Қазақстанның тәуелсіздігі оның қызметімен тығыз байланысты. Елбасы ұсынған ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асыру барысында еліміз экономика жағынан тиімді және, оған қоса, әлеуметтік жағынан жайлы мемлекет құрып, өңірдің көптеген елдері үшін үлгіге айналды.
ҚР Президенті – көптеген маңызды халықаралық бастамалардың авторы. Бүгінгі қүні елімізде ірі халықаралық форумдар шақырылады, ТМД, ШЫҰ, ЕАЭО және ҰҚШҰ саммиттері, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бес съезі біздің еліміздің бас қаласы - Астанада өтті. Қазір бұл халықаралық құрылымдар кең танымал, құрметке ие және жеткілікті тиімді. Ол ұйымдардың Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және белсенді қатысуымен құрылғаны - есімізге түсіруге тұрарлық оқиға. Қазақстан Республикасының 2010 жылы - ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануы, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырылуы - осының бәрі жалпыұлттық көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылыгымен қалыптасатын қазақстандық сыртқы саясаттың нақты жетістіктерін халықаралық қоғамдастықтың даусыз мойындауының басты себептері.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінен және Қазақстанның дамуынан біз сол басты бағыттарды - елдің және оның барша халқының болашақта өркендеуі үшін маңызы бар кешенді стратегиялық: дара экономикалық та, саяси, әлеуметтік және мадени-адамгершілік те міндеттердің шешімін кореміз, Нақ осы себепті 1990 жылдарда кең тараған «Назарбаевтың бірегей қабілеті» деген термин серпінділікті, реформаларға ұмтылуды, «оңшыл» мен «солшылдарсыз» центризм саясатын жүргізуды, прагматизмі мен басқарудың жоғары тиімділігін бірегей үйлестіруді білдіреді және осының барлығы, нәтижесінде, күшті экономиканың қалыптасуына, және қазақстандық үйлесімділік пен сәйкестіктің пайда болуына келтірді.
2. Бүгінде қоғамды жан-жақты қайта құрудың қазақстандық жолында саяси тұрақтылықтьқ аса маңызды факторларының бірі республика президенті лауазымын тағайындау және ол лауазымға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайлануы болды деп нық сеніммен айта аламыз. «Жаңғыртудың соңынан келе жатқан елдердегі саяси жүйелердің ерекшелігі, президенттік институт рөлінің күшеюімен қатар, биліктің дербестенуінің жоғары дәрежесінен шығады, - дейді М.Б.Қасымбеков. - Жинақталған іс-тәжірибе көрсеткендей, ортақ мақсатқа жету үшін өзінің кошбасшысының айналасына топтасқан ұлттар ғана жаңғырту талабына лайықты жауап бере алады. Сондықтан өтпелі елдер үшін, мемлекет басшысы институты мен ұлт көшбасшысын бір тұлғаға біріктіру өте маңызды болып көрінеді. Бұндай жағдай өмірге күшті президенттік билік институты енгізілуін қажет етеді».
Шындығында, республика президентінің конституциялық жағдайы, Н.Ә.Назарбаевтың көпқырлы жэне нәтижелі қызметі, жұмыс барысында барлық саяси-құқықтық, ұйымдастырушылық, идеологиялық тәсілдер мен әдістерді барынша мол пайдалану, азаматтық қоғамның эртүрлі субъектілерімен, кәсіподақтармен, саяси партиялармен, БАҚ өкілдерімен, азаматтармен тікелей қарым-қатынас пен сенімді әңгімелесу заңды нәтижеге - конституциялық заңнамада Н.Ә.Назарбаевтың - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Ұлт көшбасшысының ерекше мәртебесінің мағлұмдалуына келтірді.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Палаталарының бірлескен отырысында жасаған «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамның жедел дамуы» атты баяндамасында Н.Ә.Назарбаев тэуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның бірте-бірте өркендеуі жолында елдің қоғамдық дамуының келесідей кезеңдерін ажыратты: бірінші кезең - 1991-1995 жылдар; екінші кезең - 1995-2000 жылдар және үшінші кезең - 2001-2006 жылдар. Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың экономика, әлеуметтік және саясат салаларында тер төге еңбектенуі нэтижесінде қол жеткізген жетістіктерін жылдарға топтастыра отырып көрсетті.
Мемлекет - ол, бірінші кезекте, адамдардың өздерін осы мемлекеттің азаматтары деп сезінетін белгілі бір қоғамдастығы. Мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында адамдардың өз тағдырларын қазақстандық мемлекеттіліктің тағдырымен біріктіруге ұмтылысы барысында саясаттағы жолдарын өздерінің айқындауы Қазақстан Республикасы ынтымақтастығының іргетасына айналды.
Н.Ә.Назарбаевтың қызметіндегі барша саясат халықтың бірлігін: тұлғалардың, көзқарастар мен пікірлердің, идеологиялық және саяси қалау-ниеттердің көптүрлілігін шектемей немесе кемсітпей қамтамасыз ету арқылы адамдарды қазақстандық қоғамға шоғырландыруға бағытталған. Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың мазмұны, түрлері мен әдістері, оның тармақтарына жататынына, сонымен бірге ел ішіндегі әрбір іс-қимылға және сыртқы саясат алаңында іске асатынына қарамастан, жеке адамның мүдделерін қамтамасыз ету идеясымен қанығып, толыққан.
Нарықтық экономиканың дамуы Қазақстанда жеткілікті өкілетті, бұрын белгілі емес меншік иелері табының қалыптасуына келтірді. Қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы бірте-бірте саяси мағынада белгілі бір түрде түзіле бастады. Бұл әртүрлі әлеуметтік топтардың өзіндік мүдделерінің қоғамдық бірлестіктер жэне мемлекеттік органдар жанындағы кеңесшілік құрылымдар түрінде институттануына келтірді. Меншік иелерінің пайда болған жаңа табы, негізінде, бірте-бірте қазақстандық саясат ауқымында жаңа құндылықтарды бекіту үшін әлеуметтік негізге айналып жатқаны байқалады.
3. 1997 жылы елдің бас қаласы Алматыдан Астанаға көшірілді. Ел астанасын көшіру бастамасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев көтерген.
Еліміздің президентіне, бұл идеяның негізгі бастамашысына күмәншіл адамдарды бұл қадамның дұрыстығына, қажет екеніне сендіруге тура келді. Шындығында, астананы жаңа орынға ауыстырудың уәжді негіздемелері бар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет