Тәуелсіздік жылдарындағы спорттың дамуы
1991 жылы Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланған сәттен бастан халықаралық спорттық ареналарда тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады.ҚР-ның спорт және Мәдениет Министрлігінің дерегі бойынша 1991-2016 жылдар аралығында елімізде 63 стадион, 25 спорт сарайы бой көтеріп, 5336 жаңа спорттық алаң мен 1712 спортзал ашылған.
2015жылы “ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы “ ҚР Президентінің Жарлығы шықты.
Олимпиалық ойындарға қатысу. Тәуелсіздік алған 29 жыл ішінде ҚР-ның ұлттық құрамасы оннан аса қысқы және жазғы Олимпиалық ойындарға қатысып үлгерді. Қазақстанның ұлттық құрама командасы тұңғыш рет 1994 жылы Канаданың Лиллехаммер қаласында өткен XVII қысқы Олимпиалық ойындарға қатысып, дәл осы жылы алғашқы «алтынды» елге алып келді.
Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері.\
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды.
1-кезең - жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жж.).
2-кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995-1998 жж.).
3-кезең - білім беру жүйесін қаржыландыруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жж).
4-кезең жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001ж. бастау алған қазіргі кезең).
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесі ”Білім туралы Заң”(1999ж.), “Білім” Мемлекеттік бағдарламасы (2000ж.), “2010 ж. дейінгі білімді дамыту стратегиясы”(2001ж), “2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (2004ж.) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген.
Көптеген жоғары білім беру мекемелері ҚР-ның жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады.
1.Жоғары базалық білім (жоғары арнайы білім: бакалавриат – “бакалавр” дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы.
2. Жоғары ғылыми-педагогикалық білім “магистратура” – “магистр” академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми –педагогикалық бағдарлама.
3. Докторантура РһD-бұрынғы ғылыми зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
2012 ж. елімізде ЖОО саны 139 болған. Оның ішінде: 9-ұлттық, 1-халықаралық, 1-”Назарбаев университет” АҚ, 33-Мемлекеттік, 16-Мемлекеттік (АҚ), 13-азаматтық емес, 66-жеке меншік.
Орта білім
28.01.2011жылы. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” деп аталатын ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы жарияланды. Осы Жолдауда мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталғанын, орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде (2020 жылдан бастап көшеміз), “ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУ” әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс делінген.
Достарыңызбен бөлісу: |