1997 жылы әлемдік білім кеңістігіне кіру туралы Лиссабон конвенциясында (Португалия) ТМД елдерінің арасында Қазақстан да қол қойды.
Бұл білім үлгісі Батыс Еуропа, АҚШ, Жапонияда кеңінен қолданылып отыр.
ҚР-да 12 жылдыққа көшу эксперименті 2003-2004 оқу жылында басталған болатын. Қазір тәжірибе 104 мектепте өткізіліп отыр, оның 50% ауылдық мектептер.
ҚР-ның Мемлекеттік Жалпыға міндетті Білім беру стандартында бекітілгендей, жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығы мен 3 сатысы белгіленеді: 12 жыл: 4+6+2
І саты - бастауыш білім беру (1-4 сыныптар). Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 4 жыл.
ІІ саты - негізгі орта білім беру (5-10 сынып). Оқыту ұзақтығы – 6 жыл.
ІІІ саты– жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар - бейімдік мектеп). Оқу ұзақтығы – 2 жыл.