Болонпроцессіне қосылу 2010 ж. наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47-мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде танылған алғашқы Орталық Азия мемлекеті. Еліміз бұл үдеріске 2010 ж.11-наурызындаВенгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды.
БОЛОН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ немесе Болондық процесс деген не?
1999 ж. 19 маусымда Болонья қаласында (Италия) Еуропа елдерінің білім министрлері қол қойған жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастық туралы декларация.
Болон декларациясының негізгі мақсаты - Еуропада біріңғай жоғары білім кеңістігін құру.
Неге Болондық деп аталады? Өйткені, өз уақытында Еуропадағы алғашқы университет 1158 жылы Фридрих Барбаросстан сәйкес “Authentica Habita” мақтау қағазын алған Болондық құқық мектебі болды.