«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Лекция №10 Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет23/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Лекция №10 Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуына, шаруашылық байланыстардың бұзылып, елде жұмыссыздық пен инфляцияның күрт өсуіне әкелді. Дағдарыс Қазақстан экономикасын түбірімен қайта құру, нарықтық экономиканы қалыптастыру және жаңа экономикалық жүйеге тиесілі институттарды дамыту сияқты шешуші іс- шараларды жүзеге асыруды талап етті. Ел экономикасын ырықтандырудың алғашқы кезеңі (1991-1993жж.) мен өтпелі кезеңіндегі (1994-1997жж.) әлеуметтік-экономикалық дағдарысты басқару тетіктерін іздестіру бағытында маңызды экономикалық реформалардың тұтас кешені жүзеге асырылды:

• мемлекеттік меншікті жекешелендіру,

• ұлттық валютаны енгізу,

• қаржы жүйесін құру, салық және бюджет жүйесін қалыптастыру,

• нарықтық инфрақұрылымды дамыту,



• шетел инвестицияларын тарту, т.б

Бұр реформаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақтандыру кезеңіне (1998-2001жж.) өтуге, нарықтық экономикаға қажетті алғышарттарды қалыптастыруға жол ашып, макроэкономикалық тұрақтандыруға негіз болды. 1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан бағаны ырықтандырды. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Қаңтар айынан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді. Әлеуметтік-экономикалық дағдарыс өршіп, инфляция үрдістері күшейді. Реформа қарсаңында мемлекеттік меншіктің негізгі қордағы үлесі 80%-ды құрады. Дағдарыс жылдары олардың басым бөлігі қаңтарылып тұрды немесе жұмысын тоқтату шегінде болды. Бұл елдегі инфляцияны өршітті. Әлемдік практика көрсеткендей кәсіпорындар мен компаниялар қызметінің нәтижесі мен тиімділігі олардың меншік формасына байланысты еді. Республика басшылығы нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі ретінде елде мемлекет меншігін тарату мен жекешелендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады. Жекешелендіру Қазақстанда бірнеше кезеңмен өтті. Осы жылдары жекешелендіру туралы бірнеше заң жобалары қабылданып, оларға толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Бұл кезеңде жекешелендіру бастамашылық сипатта болды, яғни кәсіпорындар аукционға, конкурстарға қойылды немесе еңбек ұжымының меншігіне тегін берілді. Бұл кезеңде барлығы 4 770 субъект жекешелендірілді. Сонымен қатар осы кезеңде тұрғын үй нарығы қалыптасты. Тұрғын үй қоры тегін жекешелендірілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) 1993 жылғы сәуірде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Бұл кезеңде жұмыс істеушілерінің саны 200 адамнан 5 мың адамға дейінгі мемлекттік меншік нысандарын жекешелендіруді көзделді. 1996 жылы республикадағы бұрынғы мемлекеттік бөлшек сауда, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету жүйесі толық жекешелендірілді, бәсекені дамыту мақсатында шағын жеке меншік кәсіпорындар құруға мүмкіндік берілді. Үшінші кезеңде (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі 55 түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Сенімгерлікпен басқаруға келісім-шарт жасалынған 66 кәсіпорынның кейіннен 26-сы басқарушы компанияларға сатылды. Жеке жобалар бойынша барлығы 93 кәсіпорын жекешелендірілді. Бұл республиканың барлық өндірістік қуатының 80%-ын құрады. Жекешелендіруді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік бойынша Мемлекеттік комитеті мен оның аумақтық органдары министрліктер, ведомстволар мен жергілікті әкімшілдіктердің қатысуымен жүзеге асырды. Дегенмен, жекешелендірудің негізгі мақсаттары орындалмады:

1. Кәсіпорындар экономиканы жандандыра алмады, оларда жеткілікті көлемдегі инвестиция да, шетел банкілерінің несиелері мен қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдіктері де болмады.

2. Жекешелендірілген кәсіпорындардың бәсекеге қабылеттілігін қолдау үшін құқықтық, экономикалық тетіктері болмады.

3. 1995-1996 жж. Қазақстанда толымды салық жүйесі де жоқ еді.



4. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуін тоқтату мүмкін болмады. 1998 жылдың көктеміне қарай төленбеген қарыздар көлемі шексіз өсіп, осыған байланысты әлеуметтік жағдай әбден нашарлады. 1997-1998 жылдары Кентау (Оңтустік Қазақстан облысы) және Жаңатас (Жамбыл облысы) тау-кен өнеркәсібі жұмысшылары ереуілдерге шығып, аштық жариялады. Төртінші кезең - 1998 жылдың аяғында үкімет мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру қажеттігін түсінді. Жекешелендіруді және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Меншікті республикалық және коммуналдық меншікке нақты бөлу көзделді. Жекешелендіруді конкурстық негізде жүргізу басты талапқа айналды. 2001 жылы мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы қабыданды. Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық мәртебесі бар «ірі нысандарды» конкурстық негізде жекешелендірудің формалары мен әдістері жетілдірілді. Жекешелендірілген ірі кәсіпорындарға бақылау, шетелдік және ұлттық компаниялар қызметіне қаржылық мониторинг күшейтілді. Инвестициялық ахуал оң нәтижелерін бере бастады, қазақстандық кәсіпкерлер капиталының құйылуы өрістеді. Негізгі капиталға инвестиция, негізінен мұнай-газ өнеркәсібіне, металлургияға және және тамақ өнеркәсібіне салынды. Мемлекеттік инвестиция туралы бағдарламалар инфрақұрылым жобалары мен күнкөрісті қамтамасыз ететін нысандарды қаржыландыру мақсатын көздеді. 1997 жылдан инвестициялық белсенділіктің артуы байқалды. Инвестицияның өсуі 1999 жылмен салыстырғанда 2000 жылы 29,4 %-ды құрады. 2000 жылдың бағалауы бойынша инвестицияның жалпы көлемінің 56 59%-ы кен өндіру өнеркәсібіне, 11%-ы өңдеуші өнеркәсіпке, 8%-ы көлік саласына бөлінген. Жекешелендіру нәтижесінде 2000 жылдың басында 100 мыңнан астам жеке меншік кәсіпорын тіркелді, бұл кәсіпорындардың жалпы санының 82%- ы еді. 1993 жылдың қарашасында отандық ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. 1991-2010 жылдар аралығында елге 140 млрд. долл. шетел инвестициясы, оның ішінде 80 млрд. тікелей инвестиция тартылған. Негізгі инвестор-елдер қатарында Нидерланды, АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ұлыбритания бар. Дүниежүзілік даму Банкі әлемнің инвестиция үшін тартымды жиырма елдің қатарына Қазақстанды да қосты. Бірқатар мемелекет басшылары көрші елдермен тығыз экономикалық қатынастардың қажеттілігін түсініп, 1994 жылы ТМД Еркін сауда аймағы құрылды. ТМД елдері арасында екі жақты еркін сауда шарттарына да қол қойылды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың интеграция мәселесінде атсалысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты тәрізді көрші елдер басшыларын бір үстел басына жинайтын, ынтымақтастықты талқылайтын бірнеше платформа өмірге келді. 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) құрылды. Қоғамдастық мүшелері: Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы. Бақылаушылар қатарында Армения Республикасы, Молдова Республикасы, Украина бар. 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының ерекшелігі - алдыңғы онжылдықты қорытындылай келе, Қазақстанның болашақ онжылдығының, яғни Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын анықтап беруінде болды. 2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын 59 және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Қазақстанның индустриалды–инновациялық бағдарламасы негізінен жалпы экономикалық өсуге бейімделген. Аталмыш бағдарлама мемлекеттің белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы құнды өнім өндіру және шетелге шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы шарттарын дайындау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруды көздейді. Осы онжылдық бас жоспар екі бесжылдық кезеңге бөлініп жүзеге асырылмақ. Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынды. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздеді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев ел экономикасының жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын басым бағыттарды айқындап берді. Осы орайда индустриялдық–инновациялық бағдарламаны үш кезеңде іске асыру көзделген. Бірінші кезең – 2003-2005 жылдарға жоспарланған. Екінші кезең 2005-2010-жылдар. Үшінші кезең - 2011-2015 жылдарға жоспарланды.

Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Бесінші.Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады... 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз, - деп көрсетті Н. Назарбаев.. Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл бағыт бойынша Елбасы Н. Назарбаев «Бұл - біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын...», - деді Елбасы Н.Назарбаев. Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаындағы кешенді жоспардың екінші блогы – 2015 жылғы дағдарысқа қарсы шаралар. Бұл да 7 бағытта айқындалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет