ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»
Жерге орналастыру кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сумен жабдықтау жүйесі
Орындаған: 04-075-20-01 Пернебек Ә.А.
Тексерген: аға оқытушы Жекебаев А.Қ
Астана 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
|
1
|
1
|
Ауыз суды хлорлау
|
3
|
1.1
|
Қабатқа су айдау түрлері:
|
8
|
1.2
|
Ыстық сумен жабдықтау жүйесі.
|
11
|
1.3
|
Сумен қамту жүйелерінің негізгі құрылғылары.
|
12
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
14
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
15
|
|
КІРІСПЕ
Әр адамның күнделікті тіршілігі сумен тығыз байланысты. Яғни суды адамдар тұрмыстық шаруашылыққа, ауыз суға және өндіріс орындарында пайдаланады. Жер шарының гидросферасында 1,5 млрд км2 су болса оның 98 % тұзды су болып мұхиттарға тиесілі болса, қалған 2 % мұзды мұхиттар иеленеді. Ал барлық судың тек 0,06 % ғана құғақтағы тұщы суға тиесілі екен. Сонымен қатар планетамыздың тұрғындарының 60 % тұщы судың зардабын шегуде. Адамзаттың даму тарихының барлық кезеңінде ауыз судың мәселесіне әр кезде көп көңіл бөліп келген. Ал қазіргі ғылым мен техниканың күн санап дамып келе жатқан заманында ауыз судың мәселесі күн санап күрделене түсуде. Мысалы орта ғасырда бір адамға тәулігіне 10-15 л су қажет болса, қазіргі кезде бір адамға тәулігіне шаруашылық ауыз су мүддесіне 150-400 л су қажет. Ал өндіріс орны мен ауыл шаруашылыққа қажетті су мөлшерін қосып есептессек бұл көрсеткіш 7000 л дейін жетеді. Мысалы: 1 тонна болат өндіру үшін 150 м3 су қажет болса, 1 тонна қағаз өнімін шығару үшін 250 м3 су, 1 тонна резина өндіру үшін – 1500 м3 , 1тонна қант өнімін шығару үшін 1000 м3 су керек.
Ғимаратты жылу және желдету жүйесімен жабдықтаудың негізгі мақсаты адамдардың жұмыс істеу және тұрмысы кезінде үйдегі қалыпты жақсы жағдайды жасау болып табылады. Сондай-ақ құрылыстың конструкциясының ұзақ мерзімге төзімділігін арттыруға жықсы ықпалын тигізеді. Қалалар мен елді мекендердің, бөлек ғимараттардың, өнеркәсіпті құрылыстардың осы заманғы құрылысының мәселелерін шешу үшін жылугазбен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау, суды әкету және қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелердің құрылысынан, жобалау мен пайдалану негіздерінен теориялық білімдер және тәжірибелік дағдылар аса маңызды болып табылады. "Суды тасымалдау" пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттер жылу энергиянысын өндіру, түрлендіру және тасымалдау заңдылықтары негіздері жөнінде, жылумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа кондиционерлеу, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, суды әкету және ауа алабы мен су ресурстарын қорғау жүйелерінің құрылысын және әрекет негізі жөнінде білімді алу керек. Сонымен қатар, олар инженерлік жүйелерді есептеу және жобалау негіздерінен алған теориялық білімдері мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білу керек. Суды тасымалдау тізіміне адамның өмір тіршілігі жайлы болуына, өндірістік іс әрекеті тиімді болуына қажетті жағдайлар туғызатын жүйелер жатады. Жеке айтқанда, тұрмыста немесе, кәсіпорындарында, жылу энергиясын шығару үшін жылу өндіргіш қондырғылар өте кең қолданылады. Жылуөндіргіш қондырғыларға жылу энергиясының әдеттегі көзі болып табылатын қазан қондырғылар жатады. Онда отынның химиялық түрде байланған энергиясы жылу энергиясына түрлендіріледі. Соған қоса күн энергиясын, геотермальді энергияны, және энергияның басқа түрлерін жылуға айналдыратын қондырғыларға қолданады. Жылу энергиясының жылу көзі - жылу өндіргіш қондырғылардан - тұтынушыларға (тұрғын және қоғам ғимараттар, өнеркәсіптік кәсіпорындары) тасымалдау үшін жылу жүйелер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |