«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері


Лекция №12 Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты



бет27/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Лекция №12 Ұлы Дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты: «Мәңгілік ел» идеясы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы..

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ мемлекет тарих ғылымның дамуына және ел азаматтарының тарихи санасының қалыптасуына елеулі назар аударып келеді. Жаңа жалпы мемлекеттік идеялар іздеу – қазіргі Қазақстан мен тарихи ғылым үшін күн тәртібінде тұрған міндет. Қазақстан халқына арнаған 2003 жылғы Жолдауына Президент Н.Ә. Назарбаев республикамыздың мәдени мұрасын зерттеудің арнаулы бағдарламасын әзірлеуге, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жасауға, ұлттық әдебиет пен жазуды жинақтап қорытуға тапсырма берді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Нәтижесінде, 2004 жылдан бері қарай «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама кезең-кезеңмен, яғни 2004- 2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға бөлініп, келесі бағыттар: тарих пен археология ескерткіштерін жүйелеу, сақтау, қалпына келтіру бойынша жұмыс істей бастады. Аталған бағдарлама аясында отыздан астам ескі қала мен басқа да қоныстардың, қорғандар мен өзге де нысандардың қазба жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында: Ақмола облысында – Бұзықты, Алматы облысында - Қойлық пен Талғар, Атырау облысында – Сарайшық, Шығыс Қазақстанда – Берел–Шілікті, Жамбыл облысында – Мерке мен Жайсаң, Батыс Қазақстанда – Жайық пен Қараоба, сондай–ақ Қарағанды облысында – Тоқтыауыл, Айбас пен Кент, Қостанай облысында – Бестамақ, Қызылордада – Рабат, Маңғыстауда – Тоқсанбай, Павлодар обылысында Шілдерті, Солтүстік Қазақстанда – Ботай, Оңтүстік Қазақстанда – Сауран мен Сейтек 80 бар. Шетелдік жобалар – Сұлтан Әз–Зәкір Бейбарыстың Дамаскідегі кесенесі мен тарихи–мәдени орталықтың құрылысы табысты іске асты. Бағдарлама қабылданғаннан кейінгі төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5 000-ға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылды. Тек Қытайға жасалған ғылыми экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне байланысты бұрын зерттелмеген маньчжур тіліндегі 3 мың, қытай тіліндегі 300, шағатай тіліндегі 60, ойрат тіліндегі 70 дерек табылды. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет басылымдарының фольклортану, әдебиеттану мен өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі сияқты 16 бағыты бойынша бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды. 100 томдық «Бабалар сөзінің» 51 томы, «Қазақ философиясының» 16 томдығы, «Әлемдік философияның» 18 томдығы, «Баласағұн» қалашығы, Отырар, Орхон ескерткіштерінің толық атласы жасалды. «Қазақстанның электрондық кітапханасы» және «Мәдени мұра» ғаламтор – порталдары жасалды. Қазір «Мәдени мұра» бағдарламасының 2007-2009 жылдарға арналған екінші кезеңі аяқталып, үшінші кезең бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақ тілінде бірыңғай әлемдік көркем ойды қалыптастыруға бағытталған кітап басып шығару ісіне ерекше назар аударылды. Маңызды басылымдардың арасынан: «Қазақ фольклорын», «Дүниежүзілік әдебиеттің таңдамалы шығармаларын», «Қазақ музыкасының антологиясын», «Ұлттық философия мұрасын» және басқаларын атай аламыз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2013 жылы тарихи зерттеулердің «Тарих ағынындағы халық» деп аталатын арнаулы бағдарламасы әзірленді. Оның басты мақсаттары – алдыңғы қатарлы әдістемелер негізінде Қазақстаның тарихи ғылымының сапалы өркендеуі үшін жағдай туғызу; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиектерін кеңейту; ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру; Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының кейінгі екі онжылдығын жете ұғыну. Бұның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің 2013 жылғы маусымда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қабырғасында сөйлеген сөзін келтіруге болады. Қазақстанның тарихи ғылымының ары қарай даумының басымдық берілетін бағыттары төмендегідей тұжырымдалған. Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдар арасында орталық буын болуға тиіс. Қазақстан тарихының жалпылама тұжырымдамасын сапалы жаңа деңгейде жасау қажет. Ол дүниежүзілік тарихпен тығыз ұштастырылып, 81 жаһандық тарихи үдерістерде, олардың өзара байланыстары жүйесінде және ғылыми мерзімді басылымдарда Қазақстанның орнын айқын көрсетуге тиіс. Қазақстан жайында өзімізде және шетелде сақталған барша тарихи материалдарды жинауға, жүйелеуге және жіктеуге жоғары дәрежеде көңіл бөлу қажет. Тарихи артефактілердің шетелдегі барлық қоймаларын егжей-тегжейлі зерттеп, сонымен қатар тарихи материалдардың елімізге әкелінуі немесе мүмкін болса, ғалымдар мен кең бұқараның кейіннен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін олардың көшірмелерін алу мүмкіндігі туралы мәселені де жете ойластыру керек. Басым міндеттер қатарында Орталық Азияның көшпелі өркениетін зерттеп, білу тұр, себебі қазіргі таңда оның мұрагері ретінде қазақ этносы танылады. Күн тәртібіне Қазақстан тарихы бойынша сапалы оқулықтар әзірлеп, баспадан шығару мәселесі өткір қойылып отыр. Көріп отырғанымыздай, басты назар шын мәнінде, ұлттық тарихты әрі қарай дамыту мәселесіне аударылып отыр, ол түсінікті де. Ғылыми ілімнің жеке саласы ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптаса отырып, Қазақстанның тарихи ғылымы сол ғасырдың соңындағы тектоника сипатында күшейе түскен, ұлттың өзін-өзі түсінуінің қызу үдерісі – КСРО тараған тұста жаңа мүмкіндіктерге ие болды.Мұхамед Хайдар Дулати шығармасындағы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды. Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігімізді, ал бұл ұлттық таным-тарихымызды терең зерделеп, құнды жәдігерлерімізді ел жадында қайта жаңғырту және де бүгінгі күннің бедері – сан ғасырлық тарихи кезеңдердің дәйекті жалғасы екендігін атап көрсетті. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айындаЖамбыл облысы,Тараз қаласында өтті. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалды. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығыАлматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді«Қазақ елі»атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсірілді. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінді.Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болды. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтті. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылды (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтті. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтті. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалды.Қазақ хандығы – қазақ топырағының төл туындысы. Бұл – көшпелілердің хандық мемлекеті. Азиялықтар үшін ханы бар жұрт мемлекет деп танылды. Қазақ мемлекетінде жеті сатылы билік жүйесі болды. Бас билеуші хан болды. Қазақ хандары хан кеңесінде (құрылтайда) мұрагерлік жолмен сайланды. Хандықты ұлығ, хан, жүздерді кіші хандар, аймақтарды сұлтандар басқарды. Хан ордасы көшіп қонып отырғанмен ол мемлекеттіліктің классикалық түріндегі барлық сипатына ие болды. Елдің шекарасы болды, әрбір ер адам елін, жерін қорғауға міндетті болды, шет елдермен жан-жақты қарым қатынастар жасады, таңба-мөр ұстады, жарлық хаттар жазылды. Елші аттандырды, өзіндік заң ережелері (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы сияқты), би-сот жүйесі қызмет істеді. Осының бәрі Қазақ хандығының мемлекет ретінде пісіп жетілген саяси жүйе екендігін көрсетеді. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда көршілес Қытай, патшалық Ресей Қазақ хандығын терезесі тең мемлекет ретінде таныды. Тек Ресейдің отарлық саясаты асқынған ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ғана ресейліктер «Қазақ хандығы» деген категорияны Қазақ ордалары деп (Орды киргиз-кайсаков) біздің біртұтас мемлекетімізді бөлшектеп, шоқтығын аласартып атайтынды шығарды. Ақыры елімізді жаулап алып мемлекетімізді жойды. Жалпы алғанда, үш жүз жылдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы ұлтымыздың ортақ тілі мен тарихын, қоныс тепкен аумағын сақтап қалды. Адам баласы ғсырлар бойы мәңгілікке ұмтылып, ұрпағын сақтап отырған. Мәңгілік құндылығын алғаш байқағандар өлгеннен кейін де өмір барына сенген ежелгі тұрғындар, homo sapiens өкілдері болып табылады. Деректерден белгілі, «Мәңгілік тәңір» ұғымын түріктер ең жғарғы және ең қасиетті ұғым ретінде танып, бағалаған. Сол түріктерден қалған Орхон- Енисей жазба ескерткішін адамзат өркениетінің жарқын беттері санатына жатқызсақ, қасиетті мұраның интеллектуалдық асқар шыңы - «Мәңгі ел» идеясы, идеологиясы, практикасы. Мәңгілікке құштарлық Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, ажалдан қашқан Қорқыт пен жақсы жер іздеген Асан қайғы құбылыстарын дүниеге әкелді. Бүгінде, Еуразия жүрегіндегі біздің елде тарих жаңаша қайталанып, 2014 жылдың 17 қаңтар күні жарияланған кезекті Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жаңа қырынан туындады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет