«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз



бет5/46
Дата05.05.2023
өлшемі167,79 Kb.
#90372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
« аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан

6.Біздің бүгінгі «мемлекеттік идеология жоқ» деп жүргеніміздің астарында баяғы Кеңестер дәуіріндегі идеологияны аңсау жатыр. Әуелі бір идеология, модель жасап, белгілі бір қоғамның суретін салып, содан кейін сол қоғамды сол суретке қарай икемдеу, керек болса, тіпті күштеп икемдеу идеологиясы Кеңестер заманында болды. Конституциялық тәрбие» деген ұғым бар. Демократиялық қоғам құрып жатқан жас мемлекет үшін бұл — маңызды мәселе. Мысалы, 1945 жылы неміс фашизмі күйрегеннен кейін Германияда билік басына келген адамдар: «Біз фашизмнің тоталитарлық жүйесінен шықтық, біраз уақыт демократиялық тәрбиеден айырылып қалдық. Енді жаңа Германия құру үшін біздің азаматтар жаңа конституция құрып, өткенінен арылу керек», — деген мақсат қойды. Халықты тоталитарлық санадан арылтты.
Қазақстанның жағдайын әлемдік идеологиялық ағым¬дардан бөлек қарастыруға тура келеді. Егер әлемде либерализм, консерватизм, марксизм, социал-демократизм сияқты идеологиялық бағыттар үстемдік құрып, бір-бірімен бәсекелес болса, тарихи даму ерекшелігіне байланысты Қазақстанда бұл ағымдардың күресі жоққа тән. Марксистік-ленинистік идеология үстемдік құрған КСРО-ның құрамында болған Қазақстан либерализм және консерватизм сияқты ағымдармен тек қана өткен ғасырдың аяғында ғана танысты. Сондықтан, Қазақстанда аталған ағымдар кең қанат жая алмады, ал, бір ғасырға жуық уақыт монополия құрып келген коммунизм идеологиясынан халықтың басым көбі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін-ақ бас тартты. Сөйтіп, елімізде жоғарыда аты аталған ағымдардың кейбір элементтерін ғана бойына сіңірген өзіндік идеологиялық топтар қалыптасты.
Иә, Қазақстан өзінің көпұлттылығымен ерекшеленеді. Тиісінше, қоғамда алуантүрлі идеялардың болуы да заңды. Алайда бұл қандай да бір ортақ идеологияның, жалпы мемлекетті бейнелейтін «идеяның» болмайтынын көрсетпесе керек. Сонымен, біздің ортақ идеология – қандай да бір қоғамдық, топтық идеология , қазақстандық идеология. Жалпы қазақстандық идея белгілі бір әлеуметтік , ұлттық немесе саяси тар шеңберде қалмауы тиіс. Мемлекеттік идея үшін негізгі қоғамдық идеяларды біріктіру қажет. Қазақстандағы мемлекеттік идеология барлық әлеуметтік, ұлттық , саяси топтардың көзқарасы мен идеяларын ескеретін синтетикалық идеология түрінде ғана әрекет ете алады. Егер жоғарғы билік келешекте ілгері дамып, жерінің тұтастығын, азаматтық және этникалық сипатын, саяси тұрақтылығын сақтап қалғысы келсе, осы тәсіл шешуші жол іспеттес. Алайда ол бұрынғы идеологиялардың тар шеңберінен аттап өтетіндей ауқымды болса керек. Қолданыстағы негізгі идеялардың синтезін жасап, соның негізінде дербес Қазақстан мемлекетінің жаңа сападағы идеологиясын өмірге әкелу қажет.
Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент.
Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз
Түйіндей айтсақ, Қазақстан елінің тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы — басты жауапкер. Сондықтан да, біздің ілгері өркендеп, дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба?, əлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба — ол қазақ халқының парасатына, ұлы мақсаттарға жетелейтін — Мəңгілік Елдің жасампаз ұрпақтарына байланысты болмақ! «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында да Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзініңкең көлемдегі мағыналы ойларын барша Қазақстандықтарға нақтылап жеткізе отыра, орындалу жолдарында міндеттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет