Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
10)Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, əлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, əрине, патшалық Ресейдегі 1905—07 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық жəне саяси дамуы дəрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. Екіншіден, оған өнеркəсіп пен қала жұмысшылары қатысты. Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-əрекеттерінен көрінді. Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді.
Сөйтіп, 1905—1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақ даласында осы жылдары Ресейдегі революциялық процестердің жалпы барысымен тығыз байланысты жұмысшылардың бірқатар саяси жəне экономикалық толқулары болып өтті. Оларға 1905 жылдың желтоқсанында Успенск мыс руднигіндегі, 1907 жылдың маусым айында Спасск мыс қорыту зауытындағы, Қарағанды кендеріндегі, сондай-ақ, Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай жəне басқа да қалалардың кəсіпорындарындағы өткен ереуілдерді жатқызуға болады.
Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ə. Бөкейханов атап көрсеткендей, «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Сол кезеңдегі əкімшілік орындарына түскен мəліметтердің бірінде: «Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда» — делінген. Қазақ даласында байқалған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендерінде қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық үкімет орындарына тапсыруға петициялар əзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады. Қазақтардың орталық билік орындарына тапсырған петицияларында жерді тартып алуға, салықтың ауырлығына, төменгі басқару органдары мен патша чиновниктерінің тарапынан озбырлық, қиянат, қоқанлоқы жасалуына наразылық білдірілді. Сонымен бірге өздерінің діни істерін Орынбор муфтилігіне қарату, қазақ арасында оқу-ағарту ісін ретке келтіру жəне өлкеге земство енгізу сұралды.
«1905 жылдан бері қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Се- мей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары cенімсіз болып қалды”,— деп жазды. 1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінің Қоянды жəрмеңкесінде 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясына Ə.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы жəне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Əуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мəселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші — қазақ жұртына зем- ство беруді сұраған. Үшінші — отаршылардан орыс қылмақ саяса- тынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петиция- ларды тілек қылған ірі мəселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мəселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”,— деді.
Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын — Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға əрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат — 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады. Сонымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жəне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, əсіресе, үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. Ұлттық мəдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мұсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда жəне т.б. қалаларда діни ұйымдар пайда болды. Өлке мұсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы, мұсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы құрамындағы автономиясы жəне мəдени- автономиялық дамуы туралы мəселе көтерді.