Байланысты: « аза станны азіргі заман ы тарихы» п ні о амды тарихи санан
9.1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған сиез.
Бұл сьезд Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.[
Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Сиездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
Сьезд әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Сиез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зэки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Сиез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сиез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Сиез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады.
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Сиез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл сиез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.