Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә



бет15/61
Дата14.09.2023
өлшемі333,24 Kb.
#107822
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
Этнопедагогика. китап Каз.

Рефераттық тақырыптар

  1. Қазақтың салт-дәстүрлері, діни наным-сенімдері туралы Ш.Уәлихановтың ой-пікірлері.

  2. Ы.Алтынсарин қазақтың салт-дәстүрлері туралы.

  3. А.Құнанбаев шығармаларындағы ұлттық салт-дәстүрлердің көрінісі.



3.2. Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы


Жоспар:
1. Этнопедагогика – фольклорлық шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану саласы.
2. Дiнмен байланысты туған ырымдар.
3. Этнопедагогика — ұлттық салт-дәстүрлердiң тәлiмдiк мән-мағынасын зерттейтiн ғылым саласы

Салт пен дәстүрдiң айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмiрiнiң күнделiктi тiршiлiгiнде (отбасынан бастап қоғамдық өмiрдегi қатынаста) жиi қолданылатын мiнез-құлық, қарым-қатынас ережелерi мен жол-жора, рәсiм, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмiрiнде еңбек, iс-әрекет, адамгершiлiк, құқық, дiни ережелерiмен байланысты көрiнiс бередi де бiртiндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға ортақ рәсiмге (ритуалға) айналады.


Ал дәстүрлердiң өресi салттан әлдеқайда кеңiрек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бiрыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатынаста көрiнiс беретiн құбылыс. Дәстүр идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселен, үлкендi сыйлау, қонақжайлық дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсiмдерден тұрады.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бiрге туып, бiрге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесiнен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тiршiлiгiнен көрiнiс бере отырып, адамның дүниеге келуiмен бiрге өрбiп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететiн алтын бесiгi iспеттес.
Дәстүр үшiн өткен дәуiрде қалыптасқан көзқарас пен iс-әрекеттiң мәдени мұра ретiнде сақталып, бүгiнгi күнге жетуi қажет. Мiнез-құлықтың мазмұны мен сыртқы көрiнiсiнде, қолдану стилiнде бiрiздiлiк болуы керек. Яғни, мiнез-құлықтың сыртқы формасында ерекше тұрақтылықтың болуы шарт. Ал ол форма белгiлi заңдылыққа айналғанда мiнез-құлықтың мазмұнына үстемдiк ете бастайды. Бұл жағдайда дәстүр дағдылы рәсiмге айналады.
Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сәрсенбаев өзiнiң “Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмiр” атты еңбегiнде (73) әдет-ғұрып пен дәстүрдiң қоғамдық өмiрден алатын орнына, атқаратын қызметiне философиялық тұрғыдан талдау жасап: “Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлерi мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсiмдер жиынтығы кiредi”,— дейдi. Белгiлi бiр қоғамда немесе ұжымда қалыптасқан дәстүр, өзiнiң өмiр сүру заңдылығына толық ие болғаннан кейiн сол қоғамдық өмiрден жалғасын табады да, тұрақты орын алады. Екiншiден, дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, көпшiлiкке ортақ салтанатты түрде қолданылатын түрлерi мен рәсiмдерiн де қамтиды. Мысалы, әскери салтанатты шерулер, әнұран ойнау, елтаңбаны, туларды дәстүрлерге жатқызамыз.
Үшiншiден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегi, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енедi. Мысалы, бiз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушiлердi солардың әдеби дәстүрiн жалғастырушылар деп, ал ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың iлiмдiк дәстүрiн жалғастырушылар деп атаймыз. Дәстүр — тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бiр ұрпақтан екiншi ұрпаққа жалғасып жататын, көпшiлiк қоғам мүшелерiне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрi.
Ал жол-жоралар ырымдар — әдет-ғұрыптың бөлшектерi, сонан келiп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды. Бiр әдет-ғұрыптың бiрнеше ырымдар мен рәсiмдерден, жол-жоралардан тұруы мұмкiн. (73, 871 Ырым рәсiмдер, жол-жоралар салттың құрамдас бөлшектерi болып саналады да, дәстүр осылардың сұрыпталып, өмiр өткелiнен өтiп, тұрмыста тұрақты-орын алған синтездiк формасы. Ал әдет-ғұрыпқа салттың синонимi деп қарау керек (N 2 кесте).
Бұл пiкiрдi профессор Н.Сәрсенбаев та қуаттайды (73, 31). Салт-дәстүрлер бiр жағынан халықтың тұрмыс-тiршiлiгiмен байланысты туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екiншi жағынан ұрпақ тәрбиесiнiң ритуалы болып саналады. Сондықтан ұлттық салт-дәстүрлердiң мән-мағынасын тәлiмдiк тұрғыда қарастырып, тозығынан озығын айыра қарау, бүгiнгi заман талабына сай келетiн прогрессивтiк мәндi дәстүрлердi ұрпақ тәрбиесiнiң пәрмендi құралы ретiнде орынды пайдалана бiлу қажет.

Салт

Дәстүр





жол-жара

кәде



ғылымда

ырым

әдебиетте

әскерде

өнерде



Құда түсу, қыз ұзату, келін түсірумен байланысы

Баланың өмірмен байланысы

Қонақ күту, үлкенді сыйлаумен байланысты

Көшіп қонумен байланысты

Қорыта келгенде, этнопедагогика – дегенiмiз фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дәстүрлердiң тәлiм-тәрбиелiк мән-мағынасы мен оны оқу-тәрбие жүйесiнде қолданудың әдiс-тәсiлдерiн зерттейтiн педагогика ғылымының бiр саласы.


Салт-дәстүрлер халықтың тұрмыс тiршiлiгiмен, өмiрге деген көзқарасымен байланысты туып дамитын болғандықтан, оның дiнмен байланысын да сөз етуге тура келедi.
Халықтық ырымдарда шаман, ислам дiнiмен байланысты наным-сенiмдер көптеп кездеседi. Мысалы, малға топалаң, ауру-iндет келгенде немесе куаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбарынып мал сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тiлеу немесе бала көрмеген ата-аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып, ақтық байлауы т.б. дiни наным-сенiмдермен байланысты туған ырымдар.
Дiнмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтiк мәнiнiң болғанын, оның халықтың табиғат-жаратылыс жөнiндегi түсiнiгi төмен, өзiн қоршаған ортаға эмпиристiк көзқарасы басым кезiндегi түсiнiк, наным, сенiмiнiң елесi екенiн жасыруға болмайды.
Жалпы, дiн мен ғылымның ұзақ уақыт қатар жасасып келе жатқанын, адамды тәрбиелеуде екеуiнiң де белгiлi рөл атқаратынын, бiрақ қоғам, табиғат-жаратылыс зандылықтарын түсiндiруде ғылым мен дiннiң арасында үлкен алшақтық барын ажырата бiлу керек. Этнопедагогика — ұлттық салт-дәстүрлердiң тәлiмдiк мән-мағынасын зерттейтiн ғылым саласы болса, ал этнопсихология —халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерi мен салттарындағы ұлттық сана-сезiмiн, өмiрге деген көзқарасын, өзiндiк ойлау ерекшелiктерiн зерттейтiн ғылым.
Олай болса, этнопедагогика мен этнопсихологияның даму процесiнде ортақ зандылықтар бар деп қарауға тура келедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет