Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә


Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым өзектi орын алған



бет23/61
Дата14.09.2023
өлшемі333,24 Kb.
#107822
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
3. Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым өзектi орын алған. “Денi саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың, яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән саулығы үшiн жасалған әрекеттер.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным — арымның садағасы” деп, арды адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының бiрi. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi принципi деп бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Жақсы – көпке ортақ”, “Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзектi орын алған.
6. Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “Шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру

Еңбексүйгiш, елгезек етiп тәрбиелеу

Тән сұлулығын қарастыру, әсемдiкке баулу

Адамгершiлiк қасиеттерге (iзгiлiкке, имандылыққа, қайырымдылыққа, адалдыққа т.б.) тәрбиелеу

Отансүйгiштiкке,ұлтжандылыққа бүкiл адам баласын сүюге тәрбиелеу

“Жiгiтке жетпiс өнер аз”, “Өнер өрге сүйрейдi” деп қарап, өнер мен бiлiмдi насихатттау



Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеу

Дененi шынықтыруға тәрбиелеу

Халық педагогикасының ”Сегiз қырлы, бiр сырлы”, “Толық адам” тәрбиелеу қағидалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет