7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға “Өнерлi өлмейдi”, “Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады”, “Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған.
8. Адам өмiрi мәңгi табиғат құшағында өтетiн болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесiктен жер бесiкке жеткенше табиғи ортаны аялауға, әсемдiкке тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең-жыр, ертегi, аңыздар шығарған.
Мұның бәрi сайып келгенде “Сегiз қырлы, бiр сырлы” еңбексүйгiш, арлы азамат тәрбиелеуден туған халықтық қағидаға негiзделген.
“Сегiз қырлы, бiр сырлы” азамат тәрбиелеудiң ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды “Кiшкене болса да өнегелi, ақылды”, “Ақылды да сүйкiмдi”, “Қайырымды жiгiт” деп санаса, таулықтар “Нағыз жiгiт” деп атайды. Ал чукчалар “Адал өмiр сүретiн азамат” дейдi. Ол теңiзде жүзгiш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билiкте-әдiл, еңбекте-шебер, өмiрде бiрлiкшiл, сөзде – шешен, атыста – мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.
Өзбектер қайырымды, iзгi жүректi адамды “иманжүздi, құдайы бар азамат” дейдi.
Ал қазақта сегiз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгiш, бауырмал, батыр, өнерлi, өнегелi, шыншыл, әдiл, адал болу дегендi бiлдiредi.
“Сегiз қырлы, бiр сырлы”, жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу үшiн бар мүмкiндiктi сарқа пайдаланған.
Бақылау сұрақтары:
1.Еңбек және дене тәрбиесi тақырыбына пед.түсiн-дiрме сөздiгiн жасап келу.
2.Еңбек және дене тәрбиесiне байл.мақал-мәтел.терiп жазып келу. Кiм осы тақырыпта мақал-мәтелдi көп бiледi? деген ауызша сайыс өткiзу
Негізгі әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы: “Санат” 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: “Санат” 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика” - Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. – Алматы: “Рауан” 1995 ж.
6.Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. – Алматы:ҚызПИ – 2005 ж.
7.Қожахметова К.Ж. Халық педагогикасын зерттеудiң кейбiр ғылыми және теориялық мәселелерi. - Алматы; 1993 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |