7. Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз жүргiзiлуiн халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.
8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелерi түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiне негiзделген. Халықтық педагогикада “Көп талқысы — тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке қарсылық — құдайға қарсылық” деп ұжымдық тәрбиенi құптаған. ( 4 кесте).
4 кесте Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндестiгi
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Баланың жас ерекшелiктерiн ескере отырып тәрбиелеу
|
Баланың жеке бас мiнез-құлық ерекшелiктерiн ескере отырып тәрбиелеу
|
Тәрбиенi өскен ортаның (отбасы ауыл-аймақ) үлгiсiне негiзделуi
|
Балаға жылы жүректi сезiммен қарау, ынтымақтастық идеяны сақтау
|
Баланы дамыта үйретiп тәрбиелеу, қиялдай, армандай бiлуге баулу
|
Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, тәрбие iсiн кешендi түрде жүргiзу
|
Тәрбие iсiнiң үздiксiз жүргiзiлуiн сақтау
|
Тәрбие iсiн ұжымдық түрде жүргiзуге негiздеу
|
|
Ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерi мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгiнде ғылыми зерттеулердiң тек объектiсi ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсiресе отбасындағы тәрбиенiң дамуына үлкен әсер ететiн ынтымақтастық педагогиканың iрге тасы болып табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгiнгi күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәндiлiгi зор екенi даусыз.
Қай ғылымның болмасын, тұрақты ғылыми терминдерi болатыны сияқты, қазақ этнопедагогикасының да белгiлi терминдерi бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жатады: шәкiрт, мұғалiм, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзiн-өзi тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгi-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, оқыту, әдеттендiру, жаттықтыру, жадында сақтату; тәрбиенiң түрлерi: дене тәрбиесi, еңбек тәрбиесi, ақыл-ой тәрбиесi, адамгершiлiк тәрбиесi, әсемдiк тәрбиесi, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесi т. б.
Жоғарыда аталған халық педагогикасының негiзгi қағидалары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ этнопедагогикасын ғылыми-әдiстемелiк жүйесiн қарастырсақ, ол мынадай жүйе болып шығады:
1. Халық педагогикасының “Сегiз қырлы, бiр сырлы”,
мақсаты мен мiндеттерi: жан-жақты жетiлген азамат
тәрбиелеу.
2. Мазмұны: Ұлттық салт-дәстүрлер
арқылы балаға ақыл-ой,
адамгершiлiк, әсемдiк,
дене, денсаулық, еңбек
тәрбиелерiн беру, мiнез-
құлық дағдыларын
қалыптастыру.
3. Әдiстер: Әңгiмелесу, кеңесу, түсiндiру,
сендiру, талап ету, кеңес беру,
үйрету, көрсету, үлгi көрсету,
өтiну, бұйыру, жаттықтыру,
бата беру, мадақтау, алғыс
айту, жалбарыну, қарғау, сөгу,
кiнәлау, айыптау, жазалау т.б.
4. Түрлерi: Ойындар, тойлар, еңбек
мерекелерi, ойын-сауықтар,
кештер.
5. Құралдары: Санамақ, жаңылтпаш,
өлең-жыр, тақпақ, ертегi-
аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендiк сөздер, салттар,
ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгiме, айтыстар, сабақтар мен үйiрмелер.
6. Нәтижесi: “Сегiз қырлы, бiр сырлы”,
жаны таза, тәнi сау адам.
7. Тәрбиеге себепшi күштер: Табиғат, еңбек, тұрмыс,
салт-дәстүр, өнеркәсiптер,
дiн, ана тiлi, ұлттық ойындар.
8. Тәрбие ортасы: Отбасы, ауыл-аймақ, ру,
қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.
9. Тәрбие объектiсi: Бала.
10. Халық тәрбиешiлерi: Әке-шешесi, атасы мен
әжесi, апа, ағалары,
ауыл үлкендерi, өнер иелерi.
Достарыңызбен бөлісу: |