2.Шәкәрiм Құдайбердиев (1858-1931). Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
Ол жастайынан өнер-бiлiмге, әдебиет пен тiлге (араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн жетiк бiлген) бейiмдiлiк көрсетiп, көп iзденiп, шығыс, батыс классиктерiнiң еңбектерiн оқып үйренген.
1905-1906 ж. Орыс география қоғамының Семей бөлiмшесiне мүше болған. 1905-1906 ж.ж. Меккеге сапар шегiп Стамбул кiтапханасындағы бай мәдени мұрамен танысқан. Қайтып келе жатып, Ясная поянадағы Л.Н.Толстоймен кездесiп пiкiрлескен. “Толстойша” деген өлеңiн жазған.
Ол халық аңыздары негiзiнде “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлiк-Кебек” дастандарын жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж. “Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi” атты еңбегiн жазады. Ол Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң “Ләйлi-Мәжнүн” поэмасын, Пушкиннiң “Дубровский” атты поэмаларын аударады. 1918 ж. “Абай” журналына Қожа Хафиз шығармаларын аударып бастырады.
Шәкәрiмнiң дүниенiң жаратылысы, философиялық-геологиялық көзқарасы “Үш анық”, “Қазақ айнасы”, “Анық пен танық”, “Мұсылмандық шарттары” атты еңбектерiнен көрiнiс тапқан. Ол бұл еңбектердi жазбас бұрын батыс, шығыстың атақты ғалымдары: Пифагор, Маско, Эпиур, Демокрит, Аббас, Ньютон, Линней, Гасанди, Мұхаммед, Исус Христос, Дарвин т.б. еңбектерiн оқып шығып үлкен дайындықпен келген. Олардың пiкiрлерiмен терең танысқан Шәкәрiм дүниенiң негiзi атомдардың қосындысынан тұрады, жаңа туып, өсiп-өнiп, өлiп-өшiп үнемi жаңаруда, өзгерiстерде болады дегендi қуаттайды.
“Кеттi, келдi, толды, семдi, өзгелендi бұл ғалам…
Туды, өлдi, жанды, сөндi, өршiп, өндi қайтадан” дей келiп: “Iздедiм, таптым, анығын. Тастадым ескi танығын” – деп ой түйедi. Дүние сырын бiлу, нану, ұғыну, тану – бәрi ақыл iсi. Ол мида қорытылып түсiнiк, ой, сезiм болып көрiнiс бередi дейдi.
Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман – әр iстi сол тексермек – деп мидың қызметiнiң нәтижесi сезiм мүшелерiнiң әрекетi арқылы белгiлi болады, адам өзiн айналада қоршаған дүниенiң сырын бес сезiм мүшелерiнң әрекетi хабарына нагiзделген мидың қорытуымен танып бiледi деп материалистiк философиялық қорытынды жасайды.
Ақын өзiнiң бұл ойын “Тәңiрi мен жан” деген өлеңiнде де тереңдете түседi.
Тiптi кетпес еш жоғалып,
Байқасаңыз барша жан.
Тағы деге тауып алып
Тағы өседi қайтадан.
Түрлi жанда дене түрлеп,
Өзгерiп тұр бұл ғалам
“Жоғалтатын нәрсе жоқ” деп
Айтты ғылым байқаған” – дей келiп адамдардың қосындысынан түрлi құбылыстардың пайда болып, түрлi өзгерiске ұшырайтынын (судың буға, будың бұлтқа айналуы, оны ңқайта жаңбыр, қар болып жерге жаууын) поэзия тiлiмен бейнелеп берiп отыр.
Шәкәрiм өнердi, бiлiмдi, адал еңбекпен күн көрудi, әдiлет жолын қууды насихаттады. Оның “Жастарға”, “Дүние мен өмiр”, “Ар”, “Арман” т.б. өлеңдерiнен көруге болады. Жастарға “өзiңе-өзiң сын көзiңмен қара, өз мiнiңдi өзiң түзей бiл” дей келiп:
Ерiнбесең еңбекке дәулет дайын,
Жаратқан жоқ тек жат деп бiр құдайың.
Ойлансын деп ой бердi, көруге көз
Аяқ бердi, тапсын деп басқан сайын
Бiреуге телмiрiп көзiң сатпай, еңбектен, тер төк, iзден, адалдан тапқан мал тәттi дегендi айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |