Қазақстанның ежелгі тарихы туралы түсінік


Палеолит дәуірі және оның археологиялық кезеңдері



бет3/6
Дата07.09.2023
өлшемі125,57 Kb.
#106571
1   2   3   4   5   6
Палеолит дәуірі және оның археологиялық кезеңдері

Homo тҥрінің нақты ежелгі ӛкілдері бҧдан 2,5 млн. жыл бҧрын пайда болды. Бҧл уақытта австролопитектер ӛмір сҥргендігі туралы пікірлер бар. Қазір 1959-1963 ж. Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка) дӛрекі шапқы қҧралдарымен (чоппер) бірге сҥйек қалдықтары да табылған презинжантроп Жер шарындағы ең ежелгі еңбек етуге қабілеттілер ретінде саналады. Бҧл ежелгі гоминидке ғалымдар «Homo habilis» («шебер адам») деген атау берді. Оның калий-аргон әдісі бойынша алынған абсолюттік жасы - 1 млн. 750 мың жыл. Homo habilisтің ми кӛлемі (652 см 3) антропоид маймылдар миынан біраз асады. Басқа бірқатар мәліметтер де, мысалы, тік жҥргендікті айқындайтын, айқын білінетін табан имектігі, бҧл тіршілік иесінің адам тәрізді маймылдардан ежелгі адамды бӛлген шектен әлдеқашан ӛтіп кеткендігін кӛрсетеді. Адам эволюциясының келесі қадамы Homo erectus («тҥрегелген адам») сатысымен байланысты. Бҧл тҥрдің ӛкілдері тас ғасырында шелль-ашель мәдениеттерін қалдырған - питекантроп пен синантроп болды. Ява аралынан табылған питекантроптың ми кӛлемі 950 см3, ал Пекин маңындағы Чжоукоудянь ҥңгірінен алғаш рет қазып алынған синантроп миы 1075 см3 еді. Есте қаларлығы, синантроп сҥйектерімен бірге тҥрлі тҧрпаттағы 56 (формадағы) дӛрекі тас қҧралдары, қатты отқа кҥйген тастар және тӛменгі антропоген фаунасындағы жануарлар сҥйектерінің ҥлкен кӛлемде жатқан-ды. Қазіргі уақытта осы заманғы адамның ең ежелгі тҥпкі отаны (ата мекені) мен расалық тҥрлердің тегі туралы бірыңғай пікір жоқ. Екі ғылыми болжам: көпорталық (полицентрлік) және бірорталық (моноцентрлік) кең тараған. Біріншісі бойынша, осы заманғы адам планетаның Еуропа, Азия, Африка, Австралия секілді бірнеше бӛліктерінде қалыптасқан; бір-бірінен біршама бӛлек (оқшау) тҥрлі қарқынмен еуропа тектес (еуропеоид), моңғол тектес (монголоид), зәңгі тектес (негроид), австралия тектес (австралоид) ҥлкен расалардың қалыптасу ҥрдісі (процесс) жҥрген. Бірорталық (моноцентрлік) ғылыми болжамын жақтаушылар, барлық расалық тҥрлер алғашқыда Солтҥстік-Шығыс Африканың, Алдыңғы және Оңтҥстік Азияның орасан зор аумағын мекендеген бір арғы ата-бабалардан тараған деп есептейді. Бҧл алғашқы адамдарда осы заманғы расалардың бірде-бірінің нышандары болған жоқ, тек қана адам топтарының Жер шарының тҥрлі ӛңірлеріне мҥмкіндігінше таралуы мен сонда тҧрақтап қалуына орай, біртіндеп сол немесе басқа расалық тҥрлер қалыптасқан. Соңғы уақытта ғалымдар тарапынан адамның Солтҥстік-Шығыс және Оңтҥстік-Батыс Азия сияқты екі облыста қалыптасуы жӛніндегі теория ҧсынылды. Дәл осы, экватордан солтҥстікке қарай орналасқан тропикалық аймақтан ежелгі адамдардың қазба қалдықтары кӛп табылған-ды. Кейінгі ашель мен мустье уақытында тас қҧралдарын жасау технологиясында және ежелгі адамның ӛмір сҥру бейнесінде тҥбегейлі ӛзгерістер болып ӛтті. Бҧлар неандертальдық аталатын адамның жаңа, жоғарғы дәрежедегі эволюциясы салдарынан ӛзгерген еді. Жалпылама тҥрде палеоантроптар аталатын ашель-мустье дәуірінің адамдары, Жер шарының кейбір бӛліктерін мҧздық басқан, климаттың біршама суытқан жағдайында ӛмір сҥрді. Тӛменгі палеолиттің бҧл ақырғы кезеңінде қазіргі адамдар тҥрінің ата-бабаларының сыртқы кескін ерекшеліктері тҥпкілікті орнықты. Маңдайы кӛлбеу, қасының ҥсті доға тәрізді, бас сҥйегінің аласа болуы, бет сҥйегінің шомбалдылығы, тістері ӛте ірі, иек сҥйегінің болмауы немесе нашар дамуы неандертальдықтардың басты ӛзгешелік белгісі болып табылады. Омыртқасындағы онша байқалмайтын бҥгіліс пен аяғындағы тізесінің әлсіз тҥзулігі неандертальдықтардың жҥрісі ебедейсіз болғандығын кӛрсетеді. Олар аласа бойлы (150-160 см) болды, енді бірақ та ми қауашағының кӛлемі 1300-1400 см кубқа жетті. Кейінгі ашель мен мустье заманы палеолит адамы мен оның мәдениетінің дамуындағы жаңа кезең болды. Ӛндірістік қатынастарда ол дамыған тас ӛңдеу техникасына ӛтумен басталды. Мҧның мәнісі сол, тас дайындамасының қысқа жағы бір немесе екі тегіс алаңқайша алу ҥшін шағылды. Бҧл ҥшін сҥйектен, ағаштан, мҥйізден жасалған цилиндр тәрізді шой балға пайдаланылды. Сонан соң тегіс алаңқайшадан ҧзынша зілмен тас тілікшелері шағып алынды. Тас ӛңдеудің бҧл жаңа тәсілі леваллуа техникасы деген атау алды. 57 Ашель заманында пайда болған дӛңгелек ӛзектастардан қҧралдар жасау тәсілі де бҧрынғыдай дами берді. Мҧндай дайындамалардан тас тіліктерін дӛңгелек ӛзектастың шетінен орта тҧсына бірнеше соққы бағыттай отырып дайындады. Мустьеде қҧралдардың негізгі тҥрі үшкір тас пен қырғыш болды. Ҥшкір тас - пышақ ретінде және сабы ағаш найза, сҥңгі ҧшына пайдаланылса керек. Қырғыштар ағаш ӛңдеу, аң терілерін сыпыру, т.б. жҧмыстарға пайдаланылды. Бірақ, қҧрал-сайман жиынтығы бҧл екі қҧрал тҥрлерімен шектелген жоқ. Олармен қатар алдыңғы дәуірлердегі тас қҧралдарының клектон және «жалған» клектон тҥріндегі жаңқалар, бифастар, унифастар, т.б. болды және дамытыла берді. Мустье уақытындағы тҥрлі ӛңірлердегі ескерткіштерден әркелкі қҧралдар тҥрлері мен оларды дайындаудың техникалық тәсілдері анық байқалады. Соңғысы бәлкім ашель кезеңінде, сондай-ақ әлбетте мустье уақытында ежелгі адамдар тобы мәдениетінде жергілікті (фациальды) ерекшеліктер болғандығы жайлы ойға жетелейді. Мҧндай ерекшеліктер Қазақстан аумағына да тән. Тас қҧралдарын дайындаудың техникалық-типологиялық ӛзгешеліктері сол немесе басқа ҧжымды қоршаған табиғи орта, тас ӛңдеуде қалыптасқан дәстҥр, шикізат ресурстары секілді тҥрлі себептер бойынша анықталды. Мустье адамының ірі жетістігі отты тҧтатудың әрқилы жолдарын: ағашты ағашқа ҥйкелеу (ағаш таяқшасының ҥшкірленген жағын жҧмсақ ағаштың ойығына салып, айналдырған) мен кентас минералдарына шақпақ тасты ҧрып ҧшқын алу болды. Отты игеру жануарлар еті мен майын нәрлі де жеңіл қорытылатын тағамға айналдыруға мҥмкіндік берді. Ежелгі палеолиттің кейінгі кезі ескерткіштердің кӛп тҥрлілігімен ерекшеленеді. Бізге жар астында немесе ҥңгірге кіре беріс тҧста тҧрақты ошағы бар қарапайым баспаналар, тҧрақ-шеберханалар, шеберхана-тасқашау орны, маусымдық аңшылық қоныстары, аңшылық уақытша лагерьлер жеткен. Неандерталь адамы климаттың ылғалдылығы мен кҥннің суыту жағдайында кҥрке тҥріндегі баспананы тҧрғызды, ол шағын дӛңгелек жертӛле қазып, бҧлардың қабырғасын жерге қазылған жануарлар сҥйектерімен бекітті, жануарлар сҥйектерінен ірі баспаналар кӛтерді. Ҧзақ уақытқа арналған баспаналардың тҧрғызылуы - адамдардың тҧрмыс салты мен қоғамдық ҧйымдасуында елеулі ӛзгерістер болғандығын кӛрсетеді. Сол заманда-ақ жартылай отырықшылық тҧрмыс салты қалыптасқандығы жайлы айтуға негіз бар. Терімшілікпен айналысқан адамдар ҧжымының бір бӛлігі ( әйелдер, балалар, қарт кісілер) тҧрақты баспанада тҧрды, ал келесі бір бӛлігі – аңшылар тобына немесе отрядтарына біріккен ер адамдар, - олжа іздеп кӛшіп жҥрді және аңды қаумалап ҧстауға ыңғайлы орындарда уақытша лагерь тікті. Тас қазатын жерлерден шикізат алу, аң аулау қҧралдарын дайындау, баспана тҧрғызу, аңшылар әкелген олжаларды ҧқсатып, тағам дайындау 58 сияқты еңбек ҥрдістерінің сан алуандығы табиғи тҥрде (жынысына және жасына қарай) еңбек бӛлінісіне жеткізді. Қоғамның негізгі ҧясы жергілікті топ немесе аңшылар қауымы болды. Бәлкім, бҧл қауымдарда сол кезде-ақ ру қҧрылымының қайсыбір қарапайым белгілері туралы, рухани мәдениеттің бастамалары жайлы айтуға мҥмкіндік беретін қарапайым генеалогиялық байланыстар болған шығар. Ашель-мустье дәуірі палеоантроптардың біршама кең тарап қоныстанған уақыты болды; іс жҥзінде ТМД елдерінің оңтҥстік аудандарының бәрі неандерталь тҧрпатты адамның мекендеген аймағына енді. Қазақстан аумағында ежелгі палеолиттің екінші жартысына жататын кӛптеген ескерткіштер белгілі. Олардың біршама біркелкі таралуы мынаны кӛрсетеді: мустье дәуіріндегі адам Қазақстан аумағының оңтҥстікте Қаратау жотасынан, солтҥстікте Есіл ӛзенінің басталар жеріне дейінгі және батыста Сарысудың орта шенінен, шығыста Ертістің басталар жеріне дейінгі аудандардың кӛпшілігін игерген. Қазірдің ӛзінде екі ірі мәдени аймақты – оңтҥстік және солтҥстік аймақты атауға болады. Ежелгі тас ғасырының қазақстандық археологиясында әзірге дәстҥрлі тҥрде палеолит дәуірін ежелгі, орта және кейінгі кезеңдерге бӛлерліктей ӛлшемдер жоқ. Сондықтан Қазақстанның кӛне тарихының ескерткіштері жӛнінде сипаттама екі – ежелгі палеолит пен кейінгі палеолит жайында берілген. Қазақстан аумағынан ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге табылған жоқ. Алайда қазақстанның оңтҥстік аудандарындағы палеогеографиялық жағдай ежелгі адамның ӛмір сҥруі ҥшін қолайлы болды. Мҧны Оңтҥстік Қазақстанда табылған, Оңтҥстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель уақытындағы тҧрпайы қҧралдарына ҧқсас ежелгі тас қҧралдар, Чжоукоудянь ҥңгірінен синантроппен бірге табылған фаунаға жақын ежелгі жануарлардың тҥр қҧрамы да кӛрсетеді. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың мекендеуі ҥшін қолайлы аудандардың бірі Қаратау жотасы болды. Бҧл жотаның маңайында және оған жақын аудандарда тӛрттік дәуірдегі мҧзданудың ешқандай ізі болған жоқ. Біршама ылғалды, жылы климат ылғалды жерде қаулай ӛскен ӛсімдік, әр қилы фауна мҧнда кӛне палеолит дәуіріндегі адамның ӛмір сҥруіне қажетті алғы шарттар жасады. Мҧндағы ең кӛне еңбек қҧралдарынының қатарына жататындар – Қаратау жотасының оңтҥстік-батыс беткейіндегі Арыстанды ӛзенінің тӛменгі тӛрттік, ең жоғарғы жайылма сӛресін қҧрайтын жентектелген қосындылардың ішінде Кеңірдек елді мекенінен табылған ауыр, тік бҧрышты шақпақ тастар. Клектон тҧрпаттас деп аталатын бҧл ең ежелгі қҧралдардың одан анағҧрлым кейінгілерден айырмасы – олардың соғатын қыр алаңқайшасы тым ҥлкен, ол тіпті тіпті бҥкіл сынық кӛлемінің жартысынан кӛбірек. Олармен бірге бҧл тас жаңқалары сындырылып алынған ҥлкен шақпақ тас дайындамалары, ҧра-ӛзектастар да болды. 59 Кіші Қаратау жотасының солтҥстік-шығыс бӛлігіндегі ежелгі адам, шамасы, кӛбінесе оқшау қыраттарда (останцаларда), аласалау тӛбелерде немесе мҥйістерде (куэстерде), кӛне замандағы қҧрал жасалатын негізгі зат болып табылатын шақпақ тастары кӛп жерлерде тҧрды. Мҧнда, мәселен, радиусы 5-10 км жерден 12 палеолиттік тҧрақтар табылған, шақпақ тастан жасалған 5 мыңнан астам қҧрал жиналған. Қаратауда табылған ерте ашель дәуіріне жататын неғҧрлым ден қоярлық олжалар Шабақты, Тәңірқазған, Бӛріқазған, Ақкӛл-1, Қазанғап қоныстарынан алынды. Шабақты қонысында кӛлбей жатқан қыраттың тегіс бетінен, клектон тҧрпатты деп аталатын, арыстанды тас жаңқаларына ҧқсас екі шапқы табылды. Біріншісі ҥш бҧрыш пішіндес, сҧрғылт-жасыл шақпақ тасты әктастан жасалынған; оның жҧқартылған екі қырлы жҧмыс шетінен имек жҥз шығарылған. Шомбал қырғышты еске тҥсіретін екінші шапқының тҥрі сопақтау; бҧл уақытқа тән тағы екі қҧрал табылған. Мҧның бірі ірі малта тастан дайындалған жҥзі жалпақ африкалық чоппингті еске тҥсіреді. Оның имек келген жҧмысқа пайдаланылатын бӛлігі екі жағынан ірі жарықшақтармен ҧшталған, ал қарсы ҧшы ӛңделмеген. Бір шеті ірі жарықшақтармен ӛңделгендіктен, қҧрал дӛрекі шапқы іспеттес болып шыққан. Бӛріқазған мен Тәңірқазған қойнауларындағы тҧрақтар ерте ашель дәуіріне жатады. Мҧнда нақпа-нақ анықталған мәдени қалдықтар шыққан жерден тӛрт тҥрлі бҧйымдар тобы табылған. Бҧлар – шеті не бір жағынан, не екі жағынан жҧқартылған дӛрекі шапқы қҧралдар, жҥзі мейлінше ӛткірленген ашельдік тҧрпатты шапқылар, клектон тҧрпатты зілмен тас жаңқалары, тҧрпайы ірі ҧра-ӛзектастар. Бәрі де желден жеміріліп, әбден кӛнерген. Мҧндай тас қҧралдар жиынтығы Ақкӛл-1 тҧрағына да тән. Ерте ашель уақытына жататын тағы бір ескерткіш Бетпақдалада, Шу ӛзенінің оң жақ жағасынан табылды. Шу ӛзенінің ең жоғарғы кӛне тӛрттік сӛресінің бетінде, Қазанғап қойнауында табылған заттардың жатқан жерінің геологиялық жағдайлары олардың жасының тӛменгі палеолитпен тҧстас келетінін кӛрсетеді. Жҧқа қабат тығыз қҧмдақтың астында кӛміліп қалған тҧрақтан 300-дей әр қилы тас бҧйымдары аршылды. Олар карбонмен шамалас қоңыр сары шақпақ тастан жасалған. Табылған заттардың негізгілері – клектон тҧрпатты тас жаңқалары. Шақпақ заттардан кӛп кездесетіндері – екі жақты (бифас) және бір жақты (унифас) шапқы қҧралдар, қырғыштардың азды-кемді пайызы, қол шапқылар, ӛзектастар және басқа да қҧралдар. Қаратау тас қҧралдарының тҧрпаттары және оларды ӛңдеу тәсілдерінің Африкада, Ҥндістанда, Пәкстанда, Қытайда табылған ежелгі заттарға типологиялық жағыан ҧқсастығы Оңтҥстік Қазақстанның аумағын адам сонау шелль-ашель дәуірінде мекендеген деуге мҥмкіндік береді. Қазақстанның ежелгі тҧрғындары питекантроп пен синантроптың замандастары болған, бҧлар эволюциялық дамуында Homo erectus кезеңіне сай келеді. Қаратаудың алғашқы тҧрғындары от жағып, оны сӛндірмей ҧстай білген, ірілі-уақты хайуандарды аулаумен, ӛсімдік тағамдарын жинаумен 60 шҧғылданған. Бҧған Оңтҥстік Қазақстанда ҧзақ жылдар бойы зерттелген Қоcқорған мен Шоқтас секілді бірегей ескерткіштерден қазып алынған материалдық қалдықтар куә бола алады. Бҧл ескерткіштер Оңтҥстік Қазақстан Тҥркістан аумағындағы Қаратау жотасының оңтҥстік-батыс беткейі мен Сырдария ӛзендері алаптарының аралығында орналасқан. Аталған аудан Азия орталығындағы шӛлді және шӛлейтті (аридті) аймаққа кіреді, оған бір шетінен Қарақҧм қҧмдарының да жақын болуы азды-кемді септігін тигізеді. Бҧл ескерткіштердің басқа археологиялық нысандардан айырмасы сол, бірқатар тас қҧралдары атқылаған судың айналасына қатып-семіп қалған травертинді сақиналардан қазып алынған. Еңбек қҧралдары мен тҥз тағыларының сҥйектері бірге жатуы олардың замандас екендігін де айғақтайды. 1993-1994 жылдары Қоcқорғандағы археологиялық ізденістер кезінде алынған тас қҧралдарының жалпы саны 5 мыңға жуық және де техникотипологиялық жағынан ап-айқын кешенді қҧрайды. Шикізат кӛзі, сыртқы келбеті, типологиясы, дайындау технологиясы (екінші қайтара ӛңдеу), алғашқы жаңқалау жҥйесі секілді белгілері бойынша кешен бір тектес. Тас қҧралдарын дайындау ҥшін тҥрлі жыныстар пайдаланылған, олардың арасында кварц, сҧр тҥсті ірітҥйіршікті қҧмтас, кварцит, шақпақтас, әктас, тасқа айналған ағаш та бар. Артефактілердің 70% кварц пен мел заманындағы ірітҥйіршікті қҧмтастан жасалынған, бҧл екі жыныс кесек және сынық тҥрінде де пайдаланылған. Қалған жыныстар, негізінен, мел заманындағы шағын малтатас тҥрінде. Жалпы алғанда, индустрия кейпі микролиттік, қҧралдардың орташа мӛлшері (кӛлемі) 3-5 см, бірақ мҧның ӛзі шикізат кӛзімен тікелей байланысты болуы неғыбайыл, сірә ол ӛзіндік технологиялық дәстҥрді анықтаса керек. Алғашқы жаңқалау леваллуа техникасына жақын екендігімен сипатталынады, бірақ, әлбетте, ӛзіндік ерекшелік оны қошқорғандық леваллуа техникасы деп белгілеуге мҥмкіндік береді. Сондай-ақ «цитрон» және радиалды техникалары да болған, бірақ олардың ҥлес салмағы мардымсыз. Ӛзектастардан (нуклеустерден) алынған дайындамалар (заготовка) қысқа тҥрпішінді, олар негізінен тас жаңқасына (отщеп) негізделген. Бифастық техника жоқтың қасы, оған қарағанда унифастар жиірек кездеседі. Екінші қайтара ӛңдеу тҥрлі типтегі тҥзетулерден (ретушь) тҧрған, тҥзету вентраль бӛлікке қарағанда, дорсаль жақтан кӛбірек тҥскен. Тҥзетудің сатылы, қабыршақты типтері айқын байқалады. Клектон ойықшалары, кейде аралас ойықшалар да кездеседі. Қҧралдар арасында, әлбетте, тҥрлі типтегі қырғыштар басым, олардың арасында мустье сҥйір ҧшы, кескіштер, ойықты қҧралдар, қырғыштар, малтатастан жасалған қҧралдар бар. Негізгі тас бҧйымдарын сипаттай келе, олардың Қазақстан мен Орта Азиядағы индустриялар қатарынан кездеспейтіндігіне назар аудара кеткен жӛн. Оларға аздап Кӛлбҧлақ (Ӛзбекстан) пен В.А.Ранов енгізген «сары топырақты» (лессовый) палеолит (Тәжікстан) материалдары ҧқсас. Айта кететін бір жайт, қошқорғандық кешендер бірқатар белгілері бойынша Орталық Еуропадағы Вертешселеш (Будаиндустрия) пен Бильцингcлебен 61 индустрияларына ҧқсас (жақын) болып келеді. Вертешселеш тҧрағының мерзімі бҧдан бҧрынғы 350-600 мыңжылдықтарды қамтиды. Қошқорған мен Шоқтас кешендеріне ҧқсайтын индустрияларды шығыс ӛңірлерден де кездестіруге болады. Мәселен, Қытай жеріндегі Чжоу Коу-дянь ҥңгірі. Мҧның барлығы, Қоcқорған мен Шоқтас плейстоцен кезеңінде батыс пен шығысты жалғастырған бӛлік болды ма екен деген кӛңілге пікір ҧялатады. Оңтҥстік Қазақстанда анықталған ашель-мустье дәуіріндегі тҧрақтар жаңа тҧрпаттағы қҧралдардың бҧдан бҧрынғы уақыттағы ежелгі заттармен етене ҧштасуымен сипатталынады. Осындай ескерткіштер қатарына Кӛктал ӛзенінің шығыс жағындағы Тоқалы қойнауынан табылған ҥш кешен жатады. Тоқалы (1-3) тас қҧралдарының орналасу жағдайлары Бӛріқазған мен Тәңірқазғанда табылған заттардың орналасуына ӛте ҧқсас. Аталған жерлерден 300-ден астам тас бҧйымдары жинастырылған, олардың басым бӛлігін дӛрекі имек жҥзді малта тас қҧралдары мен кӛне зілмен қырғыштар қҧрайды. Келесі бір тҧрақ – Қызылрысбек, ол Ақкӛл кӛлінен оңтҥстікке қарай 20 км жердегі куэст қыратының бетінен табылды. Қҧрал жасау ҥшін пайдаланылған материал ҧсақ тҥйіршікті шақпақ тастардың табиғи жыныстары мен шақпақ малтатас болды. Бірнеше рет дәлдеп жарылғаннан кейін тастар тҧрпайы қол шапқыларына немесе тас балтаның ізбасары болып табылатын колун тҧрпатты қҧралдарға айналдырылатын болған. 20 шаршы метр жерде қҧралдардың бірнеше тҥрі — екі жақты шапқылар, ӛзектас тәрізді шапқылар, дӛңгелек ӛзектастардан шағылып алынған қырғыштар мен тас жаңқалары теріліп алынды. Ашель-мустье дәуіріндегі адамдардың бірқатар тҧрақтары Бурылтай (Боралдай) ӛзенінің биік жайылма серелерінен шықты. Мҧнда ежелгі тҥрпаттағы ірі ауыр тас жаңқаларынан басқа дӛңгелек ӛзектастар, ҥшкіл тас тіліктері, арқа тҧсы кең, қырлы тас тіліктері, сопақша қырғыштар, қара сҧр ҥшкіл ҥлкен тас жаңқадан жасалған ҥшкіртас табылды. Бҧл арада пайдаланылатын тастардың жоқтығы, тас саймандардың аздығы және ӛзгешелігі Бурылтай тҧрақтарын аңшылардың шағын тобының аз уақыт болған жері деп есептеуге мҥмкіндік береді. Арыстанды ӛзенінің оң жағасында, Қарасу қойнауында зерттелген ескерткіштің тҥрі мҥлде басқаша. Ш.Ш.Уәлиханов есімі берілген, бірнеше қабатты палеолиттік тҧрақ Арыстанды ӛзенінің ҥшінші жайылма сӛресінде болған. Бҧл маңда, 10 мың шаршы метрден асатын жерде шақпақ және халцедон заттардьң мол жиынтығы табылды. Тас қҧралдардан басқа жабайы жануарлар сҥйектерінің сынықтары мен ағаш кӛмірі бар материалдық мәдениеттің іздері кӛлбеу жатқан және алты қабатта болған; қабаттар сары топырақ арқылы бӛлінген; сӛйтіп, ҥш стратиграфиялық белдеу жасаған. Тҧрақтағы заттар мустье пішінді. Олардың ішінде дӛңгелек ӛзектастар, сынықтар, ҥшкір тастар, екі жағынан ӛңделген шапқы қҧралдар, қырғыштар, жонғыш-қырғыштар, кескіштер бар. Оның ҥстіне қырғыштар мен кескіштер сонау мустье заманында пайда болып, сол кезде кӛп кездесетін жҧмыс аспаптарымен қатар қолданылған. 62 Мәдени қатпарлардың 7 метрдей қалыңдығы он мыңдаған жылдар бойы алғашқы адамдардың мекені болған тҧрақтардың орналасу жағдайларының ӛте-мӛте қолайлы болғанын кӛрсетеді. Екінші және ҥшінші стратиграфиялық белдеулердің арасынан алынған қҧмдақтың тегін талдау мустье заманындағы тҧрақтың маңы ашық дала болғанын дәлелдейді. Ірі дән ҧрығы табылғаны назар аударарлық; мҧның ӛзі қолдан ӛсірілген дәндердің ҧрығына ҧқсас. Тау шатқалдарында, Қаратау бӛктерлерінде, Арыстанды ӛзенінің жағалары мен жайылмаларында кӛделі-бҧталы алқаптар ойдым-ойдым ормандармен аралас болған; бҧлардың ішінде қарағай, қайың, шегіршін, ҥйеңкі, грек жаңғағы, алма, тал, қызыл қайың, емен, жӛке сияқты ағаш тҥрлері ӛскен. Тҧрақты мекендеушілердің негізгі кәсібі бизон, бҧғы, киік, жылқы аулау болды. Шақпақ тас пен халцедон қорының жақындығы тҧрғындарды еңбек қҧралдарын жасауға қажетті шикізатпен қамтамасыз етті. Тас заттарды ӛңдеу ҥшін сҥйектен, мҥйізден істелген қҧралдар - тӛстер, тас жарғыштар қолданылды. Мустье мәдениетінің іздері Арыстанды ӛзенінің оң жағалауындағы Шақпақ қазаншҧңқырынан да табылды. Бҧлар - дӛңгелек ӛзектастар, олардан алынған тас жаңқалары, тегіс қалақтар, оншақты басқаша тҥрдегі сынықтар. Шақпақ заттардың беттерін сарғылт тат басқан және типылданған. Қҧралдар жасайтын материал ретінде жартылай мӛлдір сҧрғылт боз шақпақ тастар пайдаланылған. Қарасу поселкесінің маңында, Арыстанды ӛзеніне қҧятын Ащысай, Шӛлтоғай, Майбҧлақ, Қаратас сайларының шағын мҥйістері мен жайылмаларының бетінде адамның қолымен сындырылған ақ және боз сҧр жартылай мӛлдір шақпақ тастардың біразы табылды. Негізінде қҧралдар дӛңгелек ӛзектастардың ҥшкіл сынықтарынан және қос қырлы ҧзынша тас тіліктерінен жасалды. Тас тіліктері дӛңгелек ӛзектастардан емес, бітімі жағынан призмаға ҧқсас қатар қырлы ӛзектастардан шағылып алынды. Бҧл тҧрақтан табылған кҧралдардың ішінде кішкене шапқылар, қырғыштар, шеті тҥзетілген ҥшкіртастар бар. Оңтҥстік Қазақстанның басқа жерлерінде де мустьелік аңшылардың бірқатар қызықты тҧрақтары табылды. Бҧлардың қатарында Алғабас, Ҥшбҧлақ, Шабақты, Бҥркітті, Шалсай тҧрақтарын атауға болады. Алғабас тҧрағы Шаян ӛзенінің жайылмасындағы ҥшінші сӛреде орналасқан. Тас бҧйымдардың кӛпшілігі - қысқа жалпақ тас жаңқалары мен ауыр ҥшкіл тіліктер; бҧлар ақ және кӛгілдір ақшыл тығыз шақпақ тастан жасалған. Ҥшбҧлақ қойнауында (Қаратау қаласынан солтҥстік-батысқа қарай 36 км) аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тҧрақтарының ізі сақталған. Лагерь суатқа келетін аңдарды аңдуға ыңғайлы бҧлақ тҥбіне салынған. Әсіресе, алтыншы бҧлақ (Ҥшбҧлақ-6) тҥбіндегі кӛмбелер тас бҧйымдардың сипатын неғҧрлым толық қӛрсетеді. Мҧнда, бҧлақтың басынан 3 м биікте, 1,6 метрдей тереңдікте, сарғылт сҧр қҧмдақтың арасында жалпағынан жарылған ізі бар бірнеше әктас кесектері мен ҥш ҥшкіртас 63 табылды. Олардың бірі ҥшкіл тҧрпатты, жҧқа жартылай мӛлдір, сарғылт сҧр тығыз шақпақ тас жаңқасынан ӛте мҧқият жасалған. Байқадам ҥстіртінің оңтҥстік-шығыс жағында, Шабақты ӛзенінен 200- 250 м биік қыраттан бҧдан гӛрі ірілеу тҧрақ ашылды. Бҧл жерден шақпақ малта тастан жасалған 200-дей бҧйым шықты. Дегерес ҥстіртіндегі, қазір қҧрғап қалған Шалсай ӛзенінің сӛре тәрізді алаңынан (Баба-Ата ауылы) мустьелік ҥшкіртастар табылды. Палеолит адамының Ҧзынбҧлақтағы (Қаратау қаласынан солтҥстікке қарай) қысқа мерзімді тҧрағында бітімі мен жасалуы жағынан әр тҥрлі бірнеше тас қҧрал — қырғыштар, сыдырғыштар, кескіштер, қырғыш-кескіш тәрізді қҧрама қҧралдар барлығы анықталды. Сонымен қатар Ҧзынбҧлақ тас топтамасында кӛптеген ежелгі заттар — жҥзі долбарлап жҧқартылған шапқы қҧралдар, дӛңгелек ӛзектастан шағып алынған тас саймандар бар. Мустье заманының қызықты ескерткіштерінің бірі халцедоннан қҧралдар жасайтын ежелгі шеберханалар болып табылады. Ҥшбҧлақ қойнауынан шығысқа қарай 3 км жердегі Бестӛбе (Ҥштӛбе) ҧсақ шоқысының кейбір жерлерінде бозғылт және қызғылт сҧр халцедон жердің бетіне шығып жатыр. Шоқылардың ҥстінде талай рет омырылған ізі бар халцедонның ҥлкенді-кішілі кесектері жиі кездеседі; олардын қасында ӛңделіп, ӛзектасқа айналдырылған ҧсақ кесектер, сондай-ақ кӛптеген жалпақ, ҥш бҧрышты және ҧзынша тас тіліктері бар. Шоқылардың кей жерлерінде тас қашау ӛндірісінің қалдықтары ӛте кӛп кездеседі. Қаратаудың солтҥстік-шығыс беткейіндегі халцедон кендері мустье дәуірінен жаңа тас дәуіріне дейін талай мың жылдар бойына тас дайындайтын тҧрақты орындар болғандығы анық. Археологиялық материалдар Қазақстанның орталық және шығыс аудандарының аумағын ежелгі адам ашель-мустье дәуірінде игергенін кӛрсетеді. Бҧл кең аймақты мекендеудің бір ықтимал жолы Оңтҥстік Қазақстан арқылы жҥрді; онда тӛменгі палеолиттің бҧдан да арғы заманғы мәдениеттері болғаны мәлім. Орталық Қазақстанда тас қҧралдарын жасаудың қаратаулық дәстҥрлерін сақтаған ескерткіштер бар. Олардың ішіндегі ашель дәуірінің екінші жартысына жататын ең кӛнесі — Обалысай (Жезқазған (Қарағанды – ред.) облысының Жезді ауданы). Обалысай шоқысының оңтҥстік бӛктерінде кӛптеген кварцты малта тас шашылып жатыр; бҧлардың ішінде әдейі сындырылғандығын аңғартатын бір топ заттар бар. Неғҧрлым кӛңіл аударатындары — екі жақты шапқы қҧралдар мен екі ӛзектас (екі алаңды және бір жағы дӛңгелек). Шапқы қҧралдар сопақша келген, екі жағы соғып жҧқартылған малта тастан істелген. Сарысу ӛзенінің орта шенінде, қҧрғақ Талдысай сайының шығысына таман Мҧзбел оқшау қыраты созылып жатыр. Оның малта тастар қабатында, жер бетіне жақын жерде 114 заттан тҧратын палеолиттік қҧралдардың топтамасы жиналды. Бҧлар сопақ және ҧзынша ҥш бҧрышты тҧрпаттағы микрокварцтық қҧмдақ малта тастардан жасалған. Кешеннің жартысын типологиялық жағынан тҧрпаты дайын бҧйымдар: бір - және екі жақты 64 шапқы қҧралдар, дӛңгелек ӛзектастар, сыдырғыш тәрізді малта тастар қҧрайды. Мҧзбел жҧрт-орнынан табылған шапқы қҧралдар оны зерттеген маманның ойынша, Орта Азия, Пәкістан ескерткіштеріне ҧқсас және олар тіпті мустье-соан мәдениеті ескерткіштерінің қатарына да жатады. Мҧзбел-1 аңшылар лагері тҧрғындарының кӛп тараған жҧмыс аспабы ойығы бар жалпақ малта тастар болды. Оларды жасау техникасы қарапайым: тегіс малта тастың ҥстіне бір-екі рет қатты ҧрғанда пайда болған шҧңқыр кейін жӛнделеді. Ойық салу (шҧңқырлау) техникасының дәстҥрі Орта Азия мен Оңтҥстік-Шығыс Азия палеолитінде мәлім болған, алайда онда жҧмыс аспаптарының мҧндай тҥрі некен-саяқ кездеседі. Домалақ бітімді бҧл тас қҧралдар аңшылардың алыстан лақтыратын қаруы ретінде де қолданылуы мҥмкін еді; бҧл қҧралдар Оңтҥстік Америкадағы далалық ҥндістердің аңшылық қҧралдарына – «бола» немесе «болас» деп аталатын тас шарларға ҧқсас. Талдың қабығынан және жіңішке бҧтақтарынан ӛрілген арқандарға байланған «боластарды» Мҧзбел аңшылары суатқа келген киіктерге тасадан лақтыратын болған. Жезқазғаннан оңтҥстік-шығыс қарай 150 км жердегі Жаманайбат тӛбеқыратынан тас қҧралдар кешені, соның ішінде жеті шапқы мен екі қырғыш табылды. Ҧзынша, сопақтау шапқылар жалпақ ҧра - тастар мен зілмен тас жаңқаларынан дайындалса, ал қырғыштар тас жаңқаның неғҧрлым ӛткір қырын одан әрі жарықшақтап жҧқарту арқылы жасалған. Топтаманың негізгі бӛлігін ірі тас тілікті жаңқалар мен алевриттік қҧмтастың жарықшақтары қҧрайды. Сарысу алабынан Қосмола мен Қызылжар қойнауларынан табылған палеолиттік заттар зерттелді. Қосмола малта тас қатпарларында мустьелік тҧрпатты қҧралдар табылды, олардың арасында ҧзынша ҥшкіл жарықшақтар сындырып алған із сақталған добал малта тас, бірнеше тас жаңқа мен ҥшкіл жарықшақтар, мустье дәуіріне тән екі ҥшкіртас бар. Қызылжардың бірінші жайылма сӛресіндегі аллювиаль қатпарларынан бозғылт тҥсті шақпақ тастан жасалған шағын дӛңгелек ӛзектас пен тас жаңқа табылған. Тӛменгі палеолиттің аяқ кезіндегі тас заттардың ҥлкен топтамасы Есіл ӛзенінің жоғарғы бойынан, Қарағандыдан солтҥстікке қарай Батпақ 8 және 12 қойнауынан жиналған. Плиоцен-тӛменгіплейстоцен дәуірлеріндегі қҧмдақ бетінен шақпақ - темір текті тастан жасалған 2000-нан аса зат табылды. Тастың сапасыздығынан тек кӛлемі шағын және ӛңделуі дӛрекі ӛнімдер шығарылған. Табылған заттардың ішінде бір жақты шапқы, дӛңгелек ӛзектастар сынықтары, шеттері қатарлас қысқа тас тіліктері, негізі шомбал ҥшкіл жарықшақтар мен тас жаңқалары бар. Орталық Қазақстан оннан астам мустье мен кейінгі палеолит уақыттарының жҧрт-орындары мен тҧрақтары, соның ішінде екі мәдени қабаттан тҧратын Вишневка және Ӛгізтау-1, 2 тҧрақтары табылған. Соңғылары бҧрынғы Жезқазған облысы (қазіргі Қарағанды облысы – ред.) Ағадыр ауданы аумағында шоғырланған. Мҧндағы палеолит пішінді тас бҧйымдары Ӛгізтау тауының етегіндегі бҧлақ маңынан анықталған. 65 Арасында жонғыш, қырғыш, бифас, ҥшкірлі тас, чоппер және чоппинг тәрізді, сондай-ақ ойықты қҧралдар бар. Ӛгізтау-1, 2 тҧрақтарында дӛңгелек және протопризма ӛзектастарының аралас жатуы, сонымен қатар ҥшкіл тас жаңқалары мен шеті бірдей тас тіліктерінің болуы, олардағы соққы алаңқайының тегістігі тас ӛңдеу техникасындағы ӛзгерістерді айғақтайды, мҧның ӛзі тҧрақ коллекциясын ерте мустье уақытына, бәлкім ашель дәуіріне де жатқызуға мҥмкіндік береді. Кейінгі жылдары тҥрлі уақыттарды қамтитын палеолит ескерткіштері кӛп табылған Орталық Қазақстан аумағын Қазақстанның ежелгі тас ғасырын зерттеу ісіндегі неғҧрлым келешегі зор аудан ретінде санауға болады. Балқаштың солтҥстік тӛңірегі мен Ертістің сол жағалауынғы тас дәуірінің ең кӛп тараған ескерткіштері — тҧрақтар-шеберханалар мен тас қашайтын орындар. Егер Сарысу аңғарында тас индустриясы сындырып жҧқарту техникасына негізделсе, Балқаштың солтҥстік тӛңірегінің және оған іргелес аудандардың ескерткіштерінде жарықшақ-дайындама ӛндірісі леваллуа техникасының ҧзақ уақыт болуымен сипатталады, мҧның ӛзі соңғы палеолитте де маңызын сақтады. Мҧнда ол неғҧрлым жетілген және кемелденген тҥрде мәлім. Бҧл аудандардағы заттардың негізгі ҥлгілері — заттың ҧзына бойына қарай арнайы қисайтылған алаңы бар ӛзектастар. Әдетте, мҧндай ӛзектастардан алынатын тас тіліктері радиалдық (шетінен ортасына қарай) опыру техникасы арқылы бір жағынан ғана алынды. Жарықшақтар мен тас тіліктер тҧрпаты ӛзектастың бҧрышты және ҧзынша ҥш бҧрышты бітімдеріне сай келеді. Тас тіліктері мен жарықшақтардың кескіш жҥздері әдетте қосымша тҥрде тҥзетілмейтін еді. Тас қҧралдарын жасауда леваллуа техникасы дамуды аңғартады. Ол бірақ Орталық Қазақстанның барлық аудандарында бірдей тарамаған еді, ӛйткені тас индустриясының сипаты әрбір жағдайда шикізат кӛзіне байланысты болды. Мәселен, Балқаштың солтҥстік тӛңірегінде негізгі іске асар материал тақта-тақта сынықтар тҥріндегі қара, сҧрғылт жасыл тҥсті, шақпақты девон алевролит болса, Балқаштың солтҥстік-батыс тӛңірегіндегі Бәле тауындағы ежелгі адам порфиритті пайдаланды, ал Ертістің сол жағалауында сҧр тҥсті, тығыз жентектелген кварцты қҧмтас негізгі шикізат болды. Оның ҥстіне, Орталық Қазақстанның ежелгі тҧрғындарының леваллуа техникасы тас ӛңдеудің неғҧрлым ертедегі дәстҥрлерімен — клектондық және дӛнгелек етіп жасайтын жарықшақ-дайындама ӛндірісінің жҥйелерімен қатар жҥрді. Балқаштың солтҥстік тӛңірегіндегі тҧрақтардың кӛпшілігінде тас қҧралдар бҥркелмеген және ҥстін топырақ баспаған кҥйде кездеседі және ашель дәуірінен бастап қоса есептегенде кейінгі палеолитке дейін тас дәуірінің әр тҥрлі кезеңдерін қамтиды. Мҧның себебі былай тҥсіндіріледі - орта және соңғы антропоген дәуірлерінде Балқаштың солтҥстік тӛңірегінің климатында кҥрт ӛзгерістер болған жоқ, сондықтан бір замандары адамдардың алғашқы ҧжымдары кӛбінесе ӛздерінің арғы бабаларының тандап алған неғҧрлым ыңғайлы жерлерін мекендеді. Әдетте, әр тҥрлі 66 дәуірлердің ескерткіштерін мәдени қабатқа қарай айырады, ал бҧл аудандарда мәдени қабаттың қалыптасуына су мен желдің кҥшті әрекеті кедергі болды. Кейінгі палеолиттің ақырғы кезеңінде ғана ксеротермикалық климаттьщ басталуына байланысты адамдар Балқаштың солтҥстік тӛңірегінің бір кездегі сулы, жасыл алқаптарынан кетуге мәжбҥр болды. Алайда Орталық Қазақстанның шығыс аудандарындағы палеолиттік ескерткіштердің бәрі бірдей аралас топтамалармен сипатталмайды. Олардың кейбіреулерінде ашель-мустье дәуіріндегі қҧралдар «таза» кҥйінде кездеседі. Бҧған Орталық Қазақстанның солтҥстік-шығыс жақ шетіндегі Қҧдайкӛл кӛлінін жағасындағы тҧрақ-шеберхана материалдары мысал бола алады. Ежелгі адамдар кӛлдің жарқабағындағы палеоген тегінен қҧралған сӛре алаңқайға орта антропогеннің басында, климат жылы және ылғалды болған дәуірде қоныстанған. Ал бҧл қоныстарынан олар Сібірдің мейлінше (самарлық) мҥздануы заманында кетті; бҧл кезде Батыс Сібір мен Алтайдың мҧзды аймақтарының арасында тҧрған Ертістің сол жағалауында қҧрғақ және суық климат басталды. Қҧдайкӛл тҧрағындағы қҧралдар тығыз жентектелген кварцты қҧмтастан жасалған. Олардың арасында ҥшкіл және тілік секілді сынықтардан жасалған 16 қол шапқы, жоғары жағы шағып тҥсірілген жаңқадан дайындалған 5 ауыр жонғыш бар. Алайда коллекцияның денін тік бҧрышты және ҥшкіл тҧрпатты бір алаңқайлы ӛзектастар (70 дана), сондай тҧрпатты жарықшақтар мен тас тіліктері қҧрайды. Заттардың бҥкіл кешені тас ӛңдеудің леваллуалық дәстҥрінде жасалған. Мустьеліктердің болған іздері Жоғарғы Ертіс ӛңірінен де табылды. Қанай аулы маңында Нарым жотасына оңтҥстіктен жіңішке делювийлікпролювийлік алаңқай жалғасады. Палеолиттік қҧралдар алаңқайды 10 метрдей тескен осы заманғы карьерден және оның айналасынан жиналды. Мҥжілуі, жасалу техникасы және бітімдері жағынан бҧл қҧралдар ҥш топқа бӛлінеді. Ең ежелгі топқа жататын қҧралдарға мейлінше таттанып, мҥжілген, ҥшкіл де кӛлемді тас жаңқасынан істелінген, соғар шеті барынша тҥзетілген ҥшкіртастар, дӛңгелек ӛзектас және долбарлап тҥзетілен ҥшкіл тас жаңқалары жатады. Осындай тас жаңқалардың бірі қарьердің қабырғасын тазартанда 5 м тереңдіктен табылды; мҧның ӛзі бҧл топтың тым ерте кезге жататынын кӛрсетеді. Қҧралдардың басқа екі тобы уақыты жағынан кейінірек жасалған. Бҧларды жасау ҥшін пайдаланылған материал қара және жасыл малта тас болған. Нарым ӛзенінің қҧйылысына жақын жерде, жағадағы малта тасты тҧнбадан біраз заттар жиналды. Олардың ішінде бҧрыс қырлы ӛзектастар, ҥлкен-ҥлкен қырғыштар, ҥшкіртастар, дӛңгелек қҧралдар, кӛне тас жаңқалар бар. Қанай тас қҧралдарының бір тобымен бірге табылған плейстоцендік жануарлардьң сҥйектерінің абсолюттік жасы 132-104 мың жыл деп белгіленген; мҧның ӛзі палеолиттің археологиялық тҧрғыдан дәуір-дәуірге бӛлінуімен әбден ҥйлеседі. Алдыңғы Азия жӛнінде белгіленуі бойынша 67 мустье дәуірі бҧдан шамамен 40 мың жыл бҧрын аяқталған, ал оның ҧзақтығы 50-60 мың жыл болуы әбден мҥмкін. Шығыс Қазақстанда әзірше ең ертедегі қҧралдар мустьелік тҧрпаттағы қҧралдар болғандықтан, Ертістің жоғарғы жағын адам алғаш рет мустье дәуірінде игерген деп топшылаған жӛн. Бірақ Қазыбай секілді кейбір ескерткіштердің жекелеген бҧйымдары ашель заманында мҧнда адамзат мекендей бастауы мҥмкін екендігін нақты кӛрсетеді. Палеолит заманындағы маңызды орталықтардың бірі Ақтӛбе облысындағы Мҧғалжар ауданы болды. Мҧғалжар тауында шикізат кӛздерінің мол болуы ежелгі адамдардың еңбек қҧралдарын асқан шеберлікпен жасауларына мол мҥмкіндік бергендігі байқалады. Мҧнда осы ғасырдың бас кезінде біріккен Қазақстан-Ресей археологиялық экспедициясы (жетекшісі академик А.П.Деревянко, Қазақстан жағынан отряд басшысы Ж.Қ.Таймағамбетов) жҥргізген зерттеулер барысында 59 орыннан палеолиттік тас қҧралдары алынған. Бірнеше жылға созылған зерттеулер ашель заманындағы бифас, т.б. қҧралдардың кӛптеп табылуына ӛз септіген тигізген болатын. Осы кезден бастап ғылымда мҧғалжарлық ашель туралы мәселе кӛтеріле бастады. 2009 жылы Қазақстанның тас дәуірін зерттеумен шҧғылданатын экспедиция (жетекшісі Ж.Қ.Таймағамбетов) отрядтарының мҥшелері (Д.С.Байгунаков, Ғ.Т.Бексеитов, Ғ.Т.Искаков, Т.Мамиров) Мҧғалжар ӛңірінде зерттеулер жҥргізді де, 37 орыннан тас дәуіріне жататын жаңа ескерткіштер тобын тапты. Олардан жиыстырылған еңбек қҧралдарының арасында ашель заманына жататын ҥш бҧрышты бифас, ондаған ӛзектастар, бифастар, сондай-ақ тас жаңқалары, т.б. бҧйымдар саны мол. Табылған археологиялық нысандардың басым бӛлігі палеолит дәуіріне жатады. Сӛйтіп, бҧрынғы зерттеулерді қоса есептегенде Мҧғалжар ӛңірінен 100 шақты палеолиттік орындар анықталған. Жоғарғы (кейінгі) палеолит Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Ноmо sаріеns) пайда болуы кейінгі палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап гоминидтердің эволюциясында шешуші ӛзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына біржолата кӛшу басталады. Алғашқы Ноmо sаріеns ӛкілдерінің пайда болуы әдетте б. з. б. 50-45 мың жыл бҧрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы КроМаньон ҥңгірінде табылған бес қаңқаны зерттеу негізінде анықталды. Кроманьондық адамның сҥйектері Еуропаның басқа географиялық аймақтарынан да табылды. Кроманьондық адамның тҧрпатында осы заманғы адамдарға тән ерекшеліктер айқын білінеді; маңдайы жазық, иіліңкі қас, сҥйегі (кӛздің ҥстіндегі шығыңқы сҥйектің орнына), бас сҥйегі сопақ, иегі шығыңқы, мҧрны жіңішкелеу, кӛз шҧңқыры кішкене, т. т. Кроманьондықтарға тән нәрсе — басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті ӛте жалпақ, жағы тікше және ми қауағы кең (1500-1800 см3 ), бойы биік (168-194 см), сҥйектердегі бҧлшық 68 ет бедері айқын кӛрінеді. Салыстыра зерттеу мынаны кӛрсетті: Ноmо sаріеns ми қабығындағы адамның нақ қоғамдық ӛміріне тығыз байланысты бӛліктері ерекше дамыған, бҧлар оның жануарлық пиғылдары мен тҥйсіктерін тежеу рӛлін атқарды. Адамдар алдарындағы міндеттерді шешкенде ортаның табиғат жағдайына бейімделу жолымен ғана емес, кӛбінесе ҧжымдық жҧмыс процесіндегі ӛндірістік жетістіктерді жҥзеге асыру жолымен де шешті. Кейінгі палеолит дәуірі — Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған уақыты және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Қазақстан аумағынан табылған жоғарғы палеолиттік адамның сҥйек қалдықтары толық емес, кейбір сҥйектер ғана бар, алайда едәуір ҥлесін Қазақстан алып жатқан Еуразияның ішкері бӛлегін сонау арғы заманда протоеуропеоидтік раса тҥріндегі адамдар мекендеген деп топшылауға әбден болады. Ақыл-ойлы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзат қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар, рулық қауымның қалыптасу ҥрдісімен, адам ҧжымының қоғамдық ҧйымдасуының ӛзіне тән алғашқы тҧрпаты ретіндегі рудың шығуымен тікелей байланысты. Рулық ҧйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда ҥстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонымен, аналық ру ӛзара қаңдас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Сондай-ақ әйелдердің қоғамдық ӛмірдегі жоғары дәрежесі де қауымдық ҥй шаруашылығының ӛзгешелігінен, руды ӛрбітуші ретіндегі әйелдің отбасыдағы рӛлінен туындады. Ежелгі адамдардың идеологиялық ҧғымдарында ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге табынушылықтың пайда болуы кездейсоқ емес. Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дҥниетанымы кҥрделене тҥсті. Аңшылар магиясына табыну культі кең тарады; мҧның негізінде жануарларға билік етуге оның бейнесі арқылы жетуге болады деп сенім жатты. Магияның әмбебап тҥрі сол кезде пайда болған алғашқы ӛнердің жарқын туындылары деп топшыланады. Оның басты тақырыбы — әр тҥрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тҧрпатын, мҥсінін жасап бейнелеу еді. Сҥйектен ойып немесе жҥмсақ тастан қашап жасалған әйел мҥсіндері жердің қҧнарлылығын, аналық қасиетті бейнеледі. Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дҥниедегі ӛмірі туралы ҧғымдар кҥрделі әдет-ғҧрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Ӛлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тігілді. Ӛліктің қасына шақпақ тастан, мҥйізден жасалған заттар қойылды. Табиғат пен шаруашылық. Қалыптасып келе жатқан адам ӛмірі ӛрістеген табиғат жағдайлары ӛзгермелі болды. Бҧл кез мҧз дәуірінің аяғы еді. Қазақстанның кӛптеген таулы аудандарын соңғы мҧздану басты. Оның іздері таулардың етегі мен белдеулеріндегі қҧлама тастар тҥрінде осы 69 уақытқа дейін сақталған. Ресейдің еуропалық бӛлігінің солтҥстігінде мҧз қабатының кейін еруі және Кавказ жотасының солтҥстік тарамдарының жаңа тектоникалық кӛтерілуі Каспий теңізінің деңгейін жоғарылатты, сӛйтіп, бҥкіл Каспий тӛңірегі ойпатын қайтадан теңіз суы басты. Жоғарғы антропоген басталған кезде тау жоталары едәуір кӛтерілді (жоңғар кезеңі) және жалпы климат ылғалдана тҥсті. Мҧздықтар ерігенде судың молаюы, Сырдария мен Әмудария арналарының ӛзгеруі нәтижесінде Арал теңізі пайда болды. Климаттың бірсыпыра суып, жалпы ылғалдануына қарамастан, ол замандағы ӛсімдіктер мен жануарлар дҥниесі осы заманғыдан бай болды. Тянь-Шяньда, Орталық және Солтҥстік Казақстанда емен, қайың ормандары әлі де ӛсетін, дегенмен, бҧл кезде жалпы алғанда орман азайып, оның орнына мол бҧталы, кӛделі жайылым кебейді. Еуразияның ҧланғайыр жазығында мамонттық кешен деп аталатын ӛзінше бір ҥлгідегі фауналық кешен қалыптасты. Бҧл кешеннің кӛп ӛкілдерінің қазынды қалдықтары Қазақстанның әр тҥрлі аудандарында да табылды. Оның негізгі тҥрлері мамонт, жҥндес мҥйізтҧмсық, тур-бҧқа, ҧсақ бизон, ҥңгір аюы және жолбарысқа да, арыстанға да ҧқсас жыртқыш аң болды. Олармен бірге жазық далада, тау шалғынында киік, арқар, бҧғымарал, елік және басқа ірілі-уақты хайуандар жайылып жҥрді. Сол дәуірдің аяғында Алтай тауларында мамонттық кешеннің ӛзгеше бір нҧсқасы қалыптасты. Мҧнда негізгі хайуандармен қатар байкалдық қодас пен бҧрғымҥйіз бӛкен тарды; мҧның ӛзі осы ауданның фаунасының Байкалдың сыртқы жағын қоса есептегендегі Орталық Азияның хайуанат дҥниесімен ҧқсастығын кӛрсетеді. Жоғарғы антропогеннің екінші жартысында елеулі-елеулі табиғиклиматтық ӛзгерістер болды. Азияның басқа жерлеріндегі сияқты, Қазақстанның аумағында да климат қҧрғап, жылына бастады. Ӛсімдіктердің азаюы, шӛлдің ҧлғаюы бәрінен бҧрын шӛп қоректі ірі жануарлардың тіршілік жағдайларына әсерін тигізді. Мамонттар мен жҥндес мҥйізтҧмсықтар қырылып бітуге тиіс болды, олар біздің заманымыздан он мың жылдай бҧрын ӛліп бітті. Жайық ӛзенінің сол жағасындағы ең соңғы мамонттардың бірі шамасы бҧдан 8000 жыл бҧрын ӛлді. Палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау адам қорегінің басты негізі болды; ал ірі жануарлардың қҧруы адамның тҧрмыс жағдайларын ӛзгертті. Енді орташа және ҧсақ андарды аулау ҥшін неғҧрлым жетілдірілген жаңа қҧралдар қажет еді. Аңшылар топтары кейде тамақ іздеп ҧзақ сапар шекті. Кезіп жҥрген топ-топ аңшылар тҧрақтарының негізгі тҥрі жеңіл кҥркелер мен ашық далада от жағылған уақытша қостар бола бастады. Ӛзектастардан тас тіліктерін жарып алу техникасы жетілдірілді; мҧның ӛзі тасты дәл ӛндеуге алып келді. Мустье дәуіріндегі дӛңгелек және ҥшкіл ӛзектастарды призма секілді ӛзектастар алмастыра бастады. Осындай бір ӛзектастан бҧрынғы уақыттағыдай екі-ҥш тас тіліктерін емес, ондаған жҧқа тас тіліктері алынды, олар жҥзі қайта ӛңделмей-ақ іске жаратылды; ал кейбір қҧралдар қысып тҥзету арқылы ӛңделді. Осындай техника арқылы, сынықтың жҥзін қатты нәрсемен (таспен, сҥйекпен, мҥйізбен) басу арқылы кӛне замандағы шеберлер бітімі әр қилы қҧралдар жасай білді. Қҧралдарды жасағанда адам отты шебер пайдаланды. Тасты бірте-бірте қыздырып, кейін суыту оның қҧрылымын ӛзгертті; мҧның ӛзі қҧралдарды қысып тҥзету техникасы арқылы ӛңдеуді жеңілдетті. Әр тҥрлі іске қолданылатын еңбек қҧралдары пайда болды. Кейінгі палеолитте жонғыштар, сҥйір және доғал шетті қырғыштар, екі шеті жҧқартылған тас тіліктері, бҥйірлі және ортаңғы жҥзді кескіштер, найза мен сҥңгінің ҧштары, шҧңқырлы тас тіліктері, тескіштер секілді әр қилы қҧралдардың саны оннан асып кетті. Әсіресе тас тіліктері мен жаңқаларынан дайындалған кескіш қҧралдар кӛп еді, олардың ҥшкір бҧрыштары кесекӛлденең келетін шетіндегі тас тілігінің жазықтығына орналасып, кесетін жҥз жасап омырылды да. Трассолог мамандардың есептеуінші кейінгі палеолитте пайдаланылған қҧралдардың (ӛзектастың бірнеше тҥрлері, қырғыштардың бірнеше тҥрлері, т.б.) жалпы саны жҥзге жақындап қалған. Кескіштердің кӛп болуы сҥйек ӛңдеудің рӛлі ӛсе тҥскенін кӛрсетеді. Бҧл материалдан шақпақ жҥзді және сҥйек сапты қҧрама қҧралдар, қилы бҧрғылар, тескіштер, ауланған жануарлардың терісін ӛңдейтін қырғыштар, найзалар мен сҥңгілердің сҥйек ҧштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар жасалды. Сҥйек инелер пайда болып, адам теріден киім тігуді ҥйренді. Аң аулау шаруашылықта бҧрынғыдай жетекші рӛл атқара берді. Бірақ аңшылық қҧралдарының әр қилы болуы, аң аулаудың, жаңа әдістері (отты қолданып аңды қамау, оны ҧстау ҥшін қамба қазу, арқанға байлап тас лақтыру, аран жасау) шаруашылық кәсіптің бҧл тҥрінің ӛнімділігін арттырды. Алғашқы адамдар ыңғайлы жерлерде шанышқыларды, қысқа істік сҥйектен жасалған долбарлы қармақтарды пайдаланып, балық аулады. Адам бҧрынғыша әр тҥрлі ӛсімдік тағамдарын: жабайы жаңғақ, жидек, жабайы сәбіз, қымыздық, жуа және кейбір ӛсімдіктердің тҥйнектерін теруді кәсіп етті. Кейінгі палеолитте, әсіресе, оның климат суыған бірінші жартысында, адамдардың қоныстары кішігірім қырдың тӛбесіне жақсылап салынған баспаналар болды; бҧлардың орнынан археологтар баспаналардың тіреуіштері қазылып орнатылған кӛптеген шҧңқырларды және кӛп от жағылған жерлерді тауып жҥр. Жоғарғы палеолиттік адамның материалдық мәдениеті жер жҥзінің әр тҥрлі аудандарында әр уақытта қалыптасты, сондықтан оның тарихи даму жолдары бірдей болған жоқ. Сірә, кӛбінесе тас қҧралдарды ӛңдеу техникасы жағынан айырмасы бар екі ҥлкен аймақ болды. Еуропа мен Алдыңғы Азияда ежелгі адам призмалық ӛзектасты ӛңдеудің жаңа техникасын ӛте ерте игерді. Африкада және Қазақстанның, Орта Азияның іргелес аудандарын қоса Орталық Азияда индустрияның негізгі формасы әлі кӛп уақытқа дейін тасты бӛлшектеудің ескі леваллуалық техникасы болып қала берді. Мҧнда тек кейінгі палеолиттің соңғы кезеңдерінде, мезолитке жуықтағанда ғана жаңа призмалық техникаға кӛшу басталады. 71 Тұрақтар мен жекелеген заттар. Қазақстан аумағында кейінгі палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері кӛп емес. Жоғарғы палеолиттік ӛзге тҧрпаттармен бірге Қазақстандағы тас қҧралдардың негізгі кӛпшілігінде тҧтас ҧзынша малта тастардан жасалған ежелгі шапқы қҧралдар, жҥзі шығыңқы немесе имек ауыр қырғыштар, дӛңгелек ӛзектастардан алынған ҥшкіл тас тіліктері бҧрынғыша басты орын алады. Кӛне замандары тас ӛңдеудің жергілікті қазақстандық-ортаазиялық әдістері соңғы палеолитте Алтай мен Сібірді мекендеушілердің арасында кеңінен тарады. Балқаштың солтҥстік тӛңірегінің жоғарғы-палеолиттік ескерткіштерінің соңғы шекарасы осы заманғы антропогеннің басталуымен немесе геологиялық голоценнің басталуымен тҧстас келеді. Нақ осы уақытта қҧрғақ климаттың басталуына байланысты ірі сҥт қоректілерді аулайтын аңшылар тайпалары кеуіп қалған шалғын алқаптардан кетуге және мамонттардың, бизондардың соңынан ере отырып, солтҥстікке қарай ылғалы мол аймақтарға қоныс аударуға мәжбҥр болды. Олар Тораңғы ӛзенінің аңғарындағы, Тҥлкілі мен Семізбҥғы тауларының бӛктеріндегі кӛптеген тҧрақтарда талай тас заттар: сына тәрізді ӛзектастар, ӛзектас-қырғыштар, шомбал дӛңгелек тас жаңқалары мен пышақ тәрізді тас тіліктерге негізделген қырғыштар, ортаңғы қыры кесетін кескіштер, мустьелік бітімді ҥшкіртастар, «сібірлік» тҧрпатты ауыр қырғыштар қалдырды. Орталық Қазақстанның басқа жерлерінен, мысалы, Батпақ-7, Қарабас-3, Ангренсор-2 жҧрт-орындарынан да тас қҧралдар табылды. Мустьелік Батпақ-8 ескерткішінің қасындағы бірінші тҧрақтың (Батпақ-7) қалың мәдени қабаты бар. Онда мамонт фаунасына жататын сҥт қоректілердің сҥйектері табылған. Заттардың ішінен ҥш бҧрышты және трапеция тәрізді жасалған әрі жан-жағынан жарылып алынған екі ірі тас тілігі ерекше кӛзге тҥседі. Қарабас-3 жҧрт-орнынан (Қарағандының оңтҥстік-батыс жағында) порфириттен жасалынған 172 дана бҧйым жиналды. Олардың ішінде дӛрекі тас жаңқалар, екі дӛңгелек ӛзектас, тас жаңқалары шағып алынған із байқалатын алты ҧра-тас, ҥш дӛрекі тас тілігі, шапқы қҧралдар және сҥңгі ҧшының сынығы бар. Ҥшінші тҧрақ Орталық Қазақстанның шығыс жақ шетінде (Екібастҧз қаласының оңтҥстің жағында), Ангренсор кӛлі солтҥстіктен орап жатқан шоқының оңтҥстік баурайына орналасқан. Бҧл жерден яшмадан жасалған 1000-нан аса бҧйым жиналды. Олар - кӛп алаңды дӛңгелекше келген сҥйір ӛзектастар, соқпа қыры жақсы аңғарылатын қысқа және жалпақ тас жаңқалар, тас тіліктері, жонғыштар, шапқы тәрізді қҧралдар, қырғыштар, кескіш-тескіштер, сҥңгінің жапырақ тәрізді ҧштарының сынықтары. Шығыс Қазақстан ескерткіштерінің ішінде де жарқын нысандар жеткілікті. Әсіресе олардың арасынан ҥш ескерткіш материалдары ерекше кӛзге тҥседі деуге болады. Бірінші тҧрақ Бҧқтарма ӛзенінің қҧйылысына жақын жердегі кішігірім әкті ҥңгірге кіре берісте орналасқан. Батыс жағынан кіретін аузы бар ҥңгір 72 екі ҥңгіме қуыстан тҧрады; бҧлар екеуіне де ортақ кең әрі биік жаппа арқылы біріккен. Мәдени қабатты археологтар ҥш жыл бойы қазғанып, жер ошақ қалдықтарын, еңбек қҧралдарын, жабайы аңдардың сҥйектерін тапқан. Жоғарғы-палеолиттік адамның аулаған аңдары Бҧқтарма ҥңгірінде плейстоцендік және осы заманғы фаунаның ерекше назар аударарлық қоспасы болып шықты. Одан мамонт пен жҥндес зубр, арқар, марал, ҥңгір қорқауы, қоңыр аю, қҧлан, қасқыр, Кноблох тҥйесі, елік, т.б. аңдардың сҥйектері аршып алынған. Топтамада (коллекцияда) тас тіліктерінен жасалған қырғыштар да кездеседі, олардың бірі жалпақ дӛңгелек тастан жасалып, айналдырыла тҥзетілген; шеттері тҥзетілген және ҧшы дӛңгелек етіп жасалынған пышақ тәрізді шомбал тас тілігі, пирамида пішінді шағын ӛзектас, призма секілді ӛзектастан алынған тас тіліктері, екі шетінде де жҧмыс ізі бар порфириттен жасалған тоқпақша бар. Бҧлармен бірге малтатастан істелген шапқы қҧрал, жалпақ тас жаңқасынан жасалған қырғыш және тҥзетілмеген тас жаңқалары табылды. Ертістің оң жақ жағалауындағы Новоникольское тҧрағынан табылған тас қҧралдар 0,9-1 м тереңдіктен шыққан. Бҧл заттар кешені Қазақстан аумағындағы жоғарғы-палеолиттік кезеңдегі мәдениетке тән. Мҧнда ҥлкен тас жаңқадан дайындалған жҧмыс шеті шығыңқы ҥш бҧрышты тҧрпатты қырғыш,ҥшкіртас тҥрінде тҥзетілген қҧрал, призма тәрізді ӛзектастар және олардан шағып алынған тас тіліктері, ақырында, тҧтас малтатастан жасалған ауыр шапқы қҧрал бар. Ал ҥшінші қоныс – Шҥлбі. Ол бҧрынғы Семей облысы (Шығыс Қазақстан – ред.), Новошульба ауданы Старая Шульба кентінен шығысқа қарай 3 км жерде. Ескерткіш Ертіс ӛзенінің оң жағасындағы, Ертіс ӛзенінің оң тармағы болып табылатын Шҥлбі ӛзені сағасына жақын жердегі 35-40 метрлік сӛреде орналасқан. Сӛре қҧрылымы ӛте кҥрделі. Табандығы шақпақты сланецтерден, шоғырлы бӛлігі – қҧм мен балшықты топырақтан тҧрады. Кей жерлерінде оны кішігірім жыралар кесіп ӛтеді. Мҧнда аңшы-адам ҧзақ тҧрақтағандығын тас бҧйымдары мен шағын ошақтар айқындайды. Тас бҧйымдары барлық ҥш горизонттардан шыққан, бірақ олардың ең кӛбі 5000-нан астамы ҥшіншіден жинастырылған. Тас бҧйымдар коллекциясында сҥйір, сына, призма сипатты ӛзектастар, жонғыштар мен қырғыштар, ҥшкіртастар, тескіштер мен шой-балғалар ерекше кӛзге тҥседі. Малта тастан жасалған бҧйымдар ӛте ірі кӛлемді, олардың қайсыбірі, әсіресе ӛзектастар дӛңгелек әрі тығыз. Ҥшінші горизонттың еденін тазалау кезінде әрқайсысының диаметрі 15 см-ден кем емес 6 дӛңгелек келген қара дақ анықталды. Бәлкім, бҧл баспананың тӛбесін тіреп тҧрған ағаш бағаналардың ізі болар. Одан басқа, малта тастардан соғылған 2 ошақ орны, диаметрі 25 см от орындары аршылған. Олжалардың горизонттар бойынша біркелкі кӛлемде болмауы, жоғарғы горизонтта шағын тҧрпатты қҧралдардың басымдығы, ал ірілерінің – тӛменгі қабаттарда кездесуі – тҧрақты мекен еткен адамдардың палеолит пен неолитте ӛмір сҥргендігін кӛрсетеді. 73 Шығыс Қазақстандағы тас қҧралдар табылған жҧрт-орындар Алтай мен Сібірдің Сростки, Бирюса, Афонтова гора-2, Кокорево-2 жоғарғыпалеолиттік ескерткіштеріне ҧқсас. Оңтҥстік Қазақстанда кейінгі палеолиттік ескерткіштер онша кӛп емес. Олардың арасынан Ащысай тҧрағы зор қызығушылық туғызады. Оның қалдықтары Тҧрлан ӛзенінің (Терісаққан; Шолаққорған кентінің батысында) биік сол жақ алаңқайында. Алаңқайдың сҧр әктен тҧратын жарының астыңғы қабатында қҧмдақ пен қҧм басып қалған 5-6 метр қҧлама және малта тас қабат бар; одан жоғары 12-14 м қалың саздақты, ол қалыңдығы 0,3-0,4 м жіктерден қҧралған. Саздақ қабат сӛре тәрізді алаңқайдың бетінен 10 метр терең қазылғанда ашылды. Қазба барысында жер бетінен 7,5-7,8 м тереңдіктен мәдени қабат аршылған. Одан 15 от орындары анықталған; бҧлардың жанында хайуандардың (бизон, тау қойы, жабайы жылқы) уатылған сҥйектері және әр тҥрлі шақпақ тас бҧйымдары табылды. Ащысай тҧрағының алғашқы аңшыларының қалдырған қҧралдары арасынан қырғыштар, ҥшкіртастар, пышақ тәрізді тас тіліктері, тескіштер кездеседі. Сонымен қатар призма және сҥйір пішінді ӛзектастар, ӛндірістің кӛптеген қалдықтары аршып алынған. Соркӛл кӛлі (Байқадам ауылының шығысында) қазаншҧңқырының екінші сӛре тәрізді биікшесіндегі екі жерден тас бҧйымдардың тағы бір топтамасы табылды; ондағы бҧйымдарды жасауға шақпақ тас пайдаланылған - арқа тҧсы кең бҧрыс қырлы тас жаңқалары мен тіліктері, призма және сҥйір тәрізді ӛзектастар, қырғыштар. Сондай-ақ, бірқатар кейінгі палеолиттік кӛрнекті қҧралдары Ҥсіктас ӛзенінің ҥшінші алаңқайының жарқабағынан ашылды. Шағын алаңдағы қиыршық тастар мен малта тастар қабатынан шақпақ тас бҧйымдары шықты. Тас жаңқаның бірі талай рет омырылған белгілер мен айнала тҥзетілген іздерді сақтаған. Басқа ондаған шақпақ тас бҧйымдарының арасынан алдын ала талай рет ӛңделген белгілері бар, ҧзын пышақ тәрізді жалпақ тас тіліктері ерекше кӛзге тҥседі. Жетісу аумағы соңғы уақыттарға дейін Қазақстан археологиясы палеолитіндегі «ақтаңдақтардың» бірі болып келді, мҧны ең алдымен ӛлкенің аз зерттелуімен тҥсіндіруге болады. Артефактілері ашық жатқан (барлығы 187 дана) жҧрт-орындардан Шарын аңғарындағы Ақтоғай-1-4 ескерткіштерін айта кетуге болады. Мҧнда тҧңғыш рет кӛп мәдени қабаттан тҧратын Майбҧлақ тҧрағы ашылды. Ол Алматы облысында (Қарасай ауданы), Алматы қаласынан батысқа қарай 44 км жерде, Фабричный (Қарғалы) ауылынан оңтҥстікбатысқа қарай 1,5-2 км жердегі Іле Алатауының солтҥстік беткейінде орналасқан. Айта кететін бір жайт, 1990 жылдар бас кезінен бастап жергілікті ӛлкетанушылар мен археологтардан Фабричный (Қарғалы) ауылы тӛңірегінде тас дәуірі ескерткіштері бар екендігі туралы ақпараттар тҥсе бастады. Аталған тҧрақ сары топырақты тӛбешікте, тау баурайындағы шағын Майбҧлақ ӛзенінің оң жағалауындағы ӛзімен аттас шатқалда орналасқан. Тӛбешік бҧрын биіктігі 150-200 м тҧтас бір жотаны қҧраған кертпештің бір 74 бӛлігі болып табылады. Бҥгінгі кҥні Майбҧлақ тҧрағы қираған нысандардың бірі, оның басым бӛлігі қҧрылыс жҧмыстарының барысында бҧзылған. Қазіргі таңда ҧзындығы 60-70 м солтҥстіктен оңтҥстікке қарай созылған тӛбешіктің тек шығыс бӛлігі ғана сақталған. Жерден санағанда тӛбешіктің биіктігі 4-4,5 м-ге жетеді. Қазба жҧмыстары тӛбешіктің орталық бӛлігінде жҥргізілді, оның аумағы 130 шаршы м-ді қҧрады. Далалық жҧмыстар кезінде қазба тереңдігі (траншеяның батысындағы аумағы 2х2 м шурф) 8 м-ге дейін жетті. Зерттеу барысында ҥш мәдени қабат (горизонт) анықталды. І мәдени қабат. Тереңдікте жатқан қабат 0,7-2,1 м, сірә мәдени қабаттың басым бӛлігі кейінгі уақыттардағы адамзат жҧмыстарының әсерінен қираса керек. Тастар мен тас қаландыларынан тҧрғызылған қола және ерте темір дәуірлерінің қабірлері кӛптеп кездеседі. Тас бҧйымдар олармен араласып та жатқан-ды. Барлығы 75 дана артефакт табылған. Олардың арасында – призма пішінді пренуклеус, тас жаңақалары, тас тіліктері, ӛзектас секілді опырындытас, шағын тас тілікшелері бар. Тас тілікшелерінің сипаты аса айқын емес. Еңбек қҧралдарына пышақ, тас жаңқасынан дайындалған шетті (концевой) қырғыш ойықты қҧрал, бҥйірлі (боковой) қырғыш, биік тҧрпатты қырғыш пен шетті қырғыштың сынығы жатқызылған. Мәдени қабат шенінен кҥл қалдықтары шыққан. ІІ мәдени қабат. Ол 3,5-4,2 м тереңдікте. Мәдени қабат екі бӛліктен тҧрады. Барлығы 493 дана тас бҧйымдары алынған. Одан тас жаңқалары мен тілікшелі жаңқаларды алу ҥшін жасалған біршама ӛзектастар шыққан. Параллель принципі бойынша жаңқаланған екі ӛзектас табылған, олар призма пішініне келіңкірейді, сондай-ақ бастапқы тҧрпат (преформы), бастапқы ӛзектастар (пренуклеусы), тас жаңқалары, тас сынықтары, қабыршақтар жинастырылған, ал топтамада тілікшелер аз кездеседі. Қҧралдар да аса кӛп емес. Олардың қатарына кертікті (шип) қырғыш, тісті қырғыш, қырнауыштар, септелген (комбинированные) бҧйымдар, ойықты бҧйым, сҥйір ҧш жатады. Бҧлардан басқа таспен қаланған бір ошақ орны мен екі оттың орны аршылған. Мәдени қабаттың бҧл тереңдігінен кҥл қалдықтары кӛптеп ҧшырасқан. ІІІ мәдени қабат. 4,5-6 м тереңдікте. Бҧл мәдени қабат шартты тҥрде бӛлінген және де ол кейбір шаршы метрлерді ғана қамтиды. Мәдени қабаттан 68 дана бҧйымдардың топтамасы алынған. Ӛзектастар жоқ. Топтамадағы опырынды тас тобына тас жаңқалары, тілікшелі тас таңқалары, тас тілікшелері жатқызылған. Еңбек қҧралдары қатарында екі қырғыш, қырнауыш, ойықты қҧрал, тҥзетілген (ретушированный) тас тіліктері бар. Артефактілерді дайындаудағы шикізат кӛзіне жергілікті аса сапалы емес материалдар пайдаланылған. Олар Майбҧлақ ӛзені жағасындағы қара-қоңыр, қара, сҧр және қызыл тҥсті порфириттер, сондай-ақ ӛңделуі оңай жасыл тҥсті шақпақтас жынысы, сірә, соңғылары тҧраққа басқа ӛңірлерден әкелінген сияқты. Олардан басқа бір дана сҧр тҥсті шақпақтастанған (окремненного) қҧмтас (песчаник) қҧралы аршып алынған. 75 Сайып келгенде, Майбҧлақ тҧрағының тас қҧралдарын талдау жҧрторыннан табылған индустрияның бірінші және екінші ӛңдеуден ӛткендігін айғақтайды. Тҧрақта қҧралдарды ӛңдейтін арнайы орындар болған. Мҧны малтатас, ҧра-тас, тҥрлі кӛлемдегі плиткалар мен тас артефактілердің кейбір шаршыларда in situ бойынша орналасуы да айғақтап отыр. Мәдени қабаттардың қалыңдығы тҧрақты адам баласы ҧзақ уақыт қоныстанғандығын дәлелдейді. Жоғарыда айтылған фактілердің барлығы аталмыш қоныстың ҧзақ уақыт тҧрақ-шеберхана болғандығын кӛрсетеді. Алынған тас бҧйымдарының топтамасы қазбадан және тҧрақ тӛңірегінен жиыстырылғандарымен қосып есептегенде 2 мыңнан асады. Майбҧлақ тҧрағы одан ары зерттеуді қажет етеді. Ол Оңтҥстік-Шығыс Қазақстаннан табылған мәдени қабаттарының стратиграфиясы сақталған алғашқы табылған тҧрақ болып табылады. Кейбір ӛңірлерде палеолит дәуіріне жататын ескерткіштердің зерттелуі қанағаттанарлықсыз. Мҧндай ӛңірлердің бірі солтҥстік аймақтар. Дегенмен бҧл ӛңірлерден табылған кейбір ескерткіштер назар аударуға тҧрарлық. Мысал ретінде бҧл жерде 1982 жылы ашылған Зеренді ауданындағы Жамантҧз ауылынан оңтҥстік-батысқа қарай орналасқан Ақтас тҧрағын айтуға болады. Аталған тҧрақтан жекелеген тас қҧралдары мен анықтала қоймаған жартас суреттерінен басқа тҥз тағыларының сҥйектері кӛптеп табылған. Сҥйектен жасалған кейбір еңбек қҧралдары едәуір қызығушылық туғызады. Палеозоолог мамандардың есептеуінше Ақтас тҧрағынан табылған сҥйектер кем дегенде мамонттық фаунаға енетін 18 тҥз тағысына тиесілі. Қазба кезіндегі сҥйек қалдықтарының орналасуына қарап, зерттеушілер Ақтас тҧрағын бес мәдени қабаттан тҧрады деп топшылаған. Қазақстанның кейінгі палеолиттік замандағы ескерткіштері жете зерттелмеген, ал Батыс және Солтҥстік Қазақстан сияқты кейбір аймақтарда олар белгісіз дерлік. Бірақ қолда бар мәліметтер адамның және оның мәдениетінің прогресі жалғаса берді деген тҥйіндеме жасау ҥшін әбден жеткілікті. Қазақстан аумағында адамзат қоғамы дамуының ҥздіксіз болғанын неолит заманының табылған кӛптеген заттары дәлелдеп береді, ал тӛменде біршама толымды тҥрде сипатталынатын бҧл заманды біз тас ғасырының кемелденген дәуірі деп атай аламыз. Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағынан палеолит дәуіріне жататын 450-дей ескерткіштер (ҥңгірлік тҧрақтардан жекелеген тас қҧралдары табылған орындарды қоса есептегенде) табылып отыр. Олар Қазақстанның оңтҥстік, батыс және орталық ӛңірлерінде кӛбірек шоғырланған. Ежелгі адамдардың бҧл аймақтарды «біршама» тығыз қоныстануына табиғи жағдайлар, қоршаған орта мен жергілікті шикізат кӛздері де ӛз әсерін тигізсе керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет