Неолиттік төңкеріс және тарихи маңызы. Ботай мәдениеті
Қазақстан аумағында неолит кезеңінің шамамен 600 (кейбір деректер бойынша 800) ескерткіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.
Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Солтүстік-батыс Қазақстан аймақтық тобы мәдениетінің ерекшеліктері: біріншіден, пластикалық тас өндірісінің басым болуы, екіншіден, ыдыстарды әшекейлеуде геометриялық өрнектеудің басым болуы.Арал, шығыс және оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақтық тобының ерекшеліктері: неолит кезеңіне тән құралдар, яғни садақ пен найзаның тастан жасалған ұштары, жалпақ пышақтар, екі жағынан да өңделген жебе ұштары және де тас жаңқаларынан жасалған құралдар басым болды.
Солтүстік Қазақстан аймақтық тобында басқаларына қарағанда әртүрлі құралдар өте көп табылды: тас жаңқаларынан жасалған қашаулар, жалпақ пышақтар, қырғыштар. Шаруашылықтың негізгі түрі аңшылық пен терімшілік болды.Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағы топтарына өзен мен көл жағалауларында орналасқан тұрақтар тән. Қашаулар, найзаның ұштары, тері мен геометриялық формадағы құралдар өте аз кездеседі, ал керамика мүлдем жоқ.Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтары тобында кремнийдан жасалған құралдар мен тұрақтар Қазақстанның солтүстік аймақ топтарына ұқсас болды. Қарағанды мен Зеленая Балка тұрақтарында үй жануарларының сүйектері табылды. Жезқаған өңірінен 150 тұрақ және көне қорымдар мен обалар табылды. Қайтыс болған адамның денесін тастармен қоршап, жерге арқасын беріп, басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. Бұл – неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғанының куәсі.Шығыс Қазақстан аймақтық тобындағы қоныстар да құралдардың түрлеріне өте бай. Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар ойылған өрнектермен көмкерілген.Арал өңірінен найзаның тас ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылды. Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі.Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар, тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Алғашында ұжымдағы барлық жұмысты аналар атқарды. Олардың істейтін жұмыс көлемі бұрынғыдан да көбейді. Олар отбасы істерімен, тамақ дайындаумен қатар киім тоқу, жер өңдеумен де айналысты. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды.Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең болып есептелінді. Жер, баспана, еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады, ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды.Олар ру ішіндегі тіршілік пен әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі – еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқайсысы өз пікірін білдіре алды.Жалпы жиналыста ақсақалдар сайланды. Оған рудың барлық мүшелеріне сыйлы, ең ақылды, ержүрек, құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелелрді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп беріп отырды. Олар рудың әрбір мүшесінің мүддесін қорғады. Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелерін бірлесіп шешті. Және осындай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.Мезолит пен неолит шаруашылықтарының айырмашылығы: мезолитте жеке аңшылық пайда болды, малды қолға үйрету мен дәнді-дақылдарды егу басталды; неолитте мал шаруашылығы мен егіншілік қалыптасты, сонымен қатар тоқыма тоқу, киім тігу, қыш ыдыс жасау (керамика) пайда болды, тас құралдарды өңдеу жоғары деңгейге көтерілді.
Ботай және т.б. қоныстардың материал дары на талдау жасай келіп, мыс (энеолит) дәуірінің материалдык жоне материалдық емес қырларының сипаттамасын былайша бөліп қарауға болады: 1) ондіруші шаруашылык нысандарына жоне үй косіпшілігін дамытуға негізделген белгілі бір дәрежедегі отырықшылық. Үй қүрылысында төбесі ағашпен жабылған жартылай жерден қазылған көп бүрышты немесе шеңберлі қүрылыстар салудың басым болуы; 2) қайтыс болған адамды қоныстың шетінде және зиратта жерлеу, сондай-ақ жалғыз жерлеу. Бас сүйекті трепанациялау және олгеннен кейін масканы дайындау дәстүрі кездеседі. Антропологиялық түрі - ежелгі еуропеоид; 3) археологиялық инвентарьдың ерекшелігі мынадай: кремнийден қүралдар жасау, негізгі түрлері - найзалардың, жебелердің үштары, үлкен пышақтар, қайқы пышақтар, кырғыштар. Сүйектен жасалған қарулар мен қүрал-саймандар - мүқалтқыш, тескіш, тас үккіш, бүрғы, пышақ, қалып, гарпун, садақтың үштары. Керамикадан жасалған бүйымдар бүйірлі, мойыны ашық болды. Оның сыртына түтастай орнектер салынды немесеиіректермен сызықтармен ошекейленді. 4) жылқы шаруашылығы өркендеуіне байланысты адамдар ат үстайтын болды. Мүндай ерекшелікті қазіргі кезде Еуразия аймағындағы энеолит және әуелгі қола мәдениеті ретінде белгілі Ботай қоныстарының ескерткіштері дәлелдеп отыр. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениетіне Оңтүстік Оралдың суртанды мәдениеті, Поволжьенің Хвалынск мәдениеті, Алтайдың Афанасьев мәдениегі мен Шығыс Қазақстанның Устьнарым мәдениеті біртабан жақын келеді. Осындай өзара үқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этникалық бірлікте болғанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |