Қазақстанның ежелгі тарихы туралы түсінік


Қазақстандағы мезолиттық кезеңнің ерекшеліктері



бет4/6
Дата07.09.2023
өлшемі125,57 Kb.
#106571
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ

Қазақстандағы мезолиттық кезеңнің ерекшеліктері

Тас дәуірінің тарихында Қазақстан аумағында мезолит пен неолит заманы шамамен б.з.б. XII-X және III мың жылдықтардың арасындағы уақытты қамтиды. Бірінші аталған дәуір атауы гректің мезос (орта) және литос (тас) деген сӛздерінен қалыптасқан. Бҧл дәуір алғаш рет ХІХ ғасыр соңғы ширегінде бӛлініп кӛрсетілгенімен, ондаған жылдар бойы аталмыш терминнің дефинициясы ғалымдар арасында пікір-талас тудырып келді. Мамандар арасындағы тҥрлі кӛзқарастардың ҧзақ уақыт орын алуын белгілі ғалым А.Л.Монгайт былайша тҥсіндіреді: «Материалдық мәдениет даму кӛзқарасынан алғанда, мезолит палеолиттің тікелей жалғасы болды, бірақ бҧл уақытта аталмыш дәуір ӛнім ӛндіруді бастады, мҧның ӛзі ӛз кезегінде мезолитті келесі неолиттік дәуірмен жақындастырады. Сондықтан да кейбір археологтар «мезолит» терминінен қашқақтайды және ерте мезолиттік ескерткіштерді эпипалеолит (эпи – грекше «соңынан», «кейінгі» деген мағынады) дәуіріне, ал кейінгі мезолиттік ескерткіштерді – протонеолитке (прото – грекше «тҥпкі», «алғашқы», «бірінші» деген мағынада) жатқызады немесе ... айтылғандай ... жоғарғы палеолит пен мезолитті миолит дәуіріне біріктіреді». Айта кететін бір жайт, мезолит заманында ірі-ірі екі оқиға болды: садақ пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер — ҥш бҧрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді шағын тас тілікшелері шықты. Ал неолит дәуірінде микролиттік индустрия ерекше кеңінен ӛрістеді. Микролиттер негізінде жебенің ҧштары мен қыстырма қҧралдар жасауға жҧмсалды: сҥйек немесе ағаш саптың ҥзына бойындағы қуыстарына ондаған ҧсақ микролиттер 77 тығылды; нақ осылар қҧралдың ӛткір жҥзі болып шықты. Желім ретінде тау балауызы, қара май, битум пайдаланылды. Мезолит кезіндегі кейбір аңшылар тобы тҥз тағыларының соңынан ілесіп, жиі қозғалып отырды. Олардың жедел тҥрде қозғалуы, жиі қоныс аударуы бҧл кездегі ескерткіштердің кӛп табыла қоймауына алып келіп отыр. Себебі сол замандардан сақталған мәдени қабаттардың қалың болмауы, мезолит уақытына жататын стратиграфияны анықтау мҥмкіндігін ҥнемі шектейді. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит дәуіріне жататын 50 шақты ғана ескерткіштердің орны анықталған. Олардың ішіндегі ең кӛрнектілері: Оңтҥстік Қазақстан Отырар жазирасындағы Маятас, Жаңашілік-1-3 тҧрақтары, Ордабасы ауданындағы Бӛген (су қойма маңы), Қаратау ӛңіріндегі Бҥркітті, Шахантай мен Соркӛл-1-2 кешендері, Орталық Қазақстандағы Қарағанды-15, Әкімбек, Талдыӛзек-21, т.б. тҧрақтары, Батыс Қазақстандағы Қарсы (Қаршы), Шәуші ескерткіштері, Торғай даласы мен солтҥстік ӛңірлердегі Тҧз, Дҥзбай-6, Евгеньевка-1, Мичурин, Қарасор-5-6, т.б. Сонымен қатар Шідерті-3 (Екібастҧз ӛңірі), Шҥлбі (Шығыс Қазақстан), Тоқтауыл (Жезді аймағы) секілді бірнеше мәдени қабаттан тҧратын археологиялық нысандардан да мезолит кезеңіне жататын бҧйымдар топтамасы аршып алынған. Олардың барлығы мезолит дәуіріндегі адам баласының тыныс-тіршілігінен мол ақпарат береді. Мезолитте адам баласы табиғаттан дайын ӛнімдерді алып отырды. Бҧл дәуірідегі ӛнім ӛндірудің кейбір нышандары Таяу Шығыстың кейбір аудандарындағы археологиялық ескерткіштерден байқалған. Ал неолитте адамзат ӛнімді ӛзі ӛндіре бастады. Дегенмен Жер шарының солтҥстік аудандарында табиғаттан дайын ӛнім алу ҧзақ уақыт сақталды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет