Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43

Әдебиеттер
1.
 
Кайкаус. Кабуснама. Алматы, 2002. 
2.
 
Қыдыршаев А.С. Шешендіктану. Орал, 2004.-
156 б. 
3.
 
Шаталов В.Ф.  Точка опоры. Об эксперимен-
тальной точке преподавания. – Москва: «Педагогика», 
1987.  – 158
с.
  
 
 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
195 
 
 
Беласарова Ж., докторант, Ж.Балтабаева, п.ғ.д. 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
М.ТОМАНОВТЫҢ ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІРЛЕРІН ОҚЫТУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Түйіндеме:  Мақалада  М.  Томановтың  тарихи    морфологияға  қатысты  пікірлерін  оқыту  мәселесі    қарастырылады. 
Ғалымның қазақ тіліндегі  морфологиялық тұлғалардың тарихи дамуы, зат есімнің көптік категориясы туралы ғылыми 
тұжырымдарын оқытуда интербелсенді әдістерді пайдалану жолдары сөз болады. 
Кілт сөздер: жаңа технология, интербелсенді әдістер, морфологиялық тұлғалардың тарихи дамуы, көптік категориясы. 
Резюме:   В  статье  рассматриваются  вопросы  обучения  научным  взглядам  М.Томанова  относительно  исторической 
морфологии. Изучаются способы применения интерактивных методов в процессе обучения научных выводов ученого 
об  истории  развития  морфологических  форм  казахского  языка,  о  категории  множественного  числа  имени 
существительного.  
Ключевые  слова: инновационная  технология, интерактивные  методы,  морфологические  формы,  историческое 
развитие, категория множественного числа.  
Summary: The article deals with the problems of teaching scientific view of M. Tomanov regarding to the  historical morphol-
ogy. The ways to apply interactive methods in the teaching process of scholar's scientific findings about the history of morpho-
logical 
forms 
of 
the 
Kazakh 
language, 
plural 
form 
category 
of  
the 
noun 
are 
studied. 
Keywords: innovative technology, interactive methods, morphological forms, historical development, plural form category. 
 
Қазақ  тіл  білімі  ғылымында  есімнамалық 
зерттеулердің 
ғылыми-теориялық 
сипаты  
анықталып, жүйеленіп келе жатқаны белгілі.    
Қазақ  тіл  білімінде  жеке  ғалымдардың 
шығармашылығы  мен  ғылыми  зерттеулерінің 
маңызы,  мәні  туралы  біршама  ғылыми  зерттеулер 
жасалды. 
Айталық, 
А. 
Байтұрсынұлы, 
Қ. 
Жұбанов,Ш.Х.Сарыбаев, 
С.Жиенбаев, 
Н. 
Сауранбаев, 
Ғ.Мұсабаев, 
І. 
Кеңесбаев, 
Қ.Кемеңгерұлы, Ы.Маманов  қаламынан туындаған 
ғылыми  зерттеулердің  ерекшелігі  мен  қазақ  тіл 
біліміне,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесіне  қосқан 
үлесі туралы ғылыми жұмыстар    жазылды.  
Қазақ тілінің тарихи грамматикасына қатысты 
зерттеулерді  терең қарастыру арқылы қазақ тілінің 
тарихи  даму  ерекшелігін    зерделеудің  басты 
тұжырымдамалық  бағыттары  анықталады.  Қазіргі 
қазақ  тілінің  даму  жолдарын  пайымдау  үшін,  оны 
диахрониялық  бағытта  зерттеген  ғалымдардың 
еңбегінің маңызын анықтау қажет. Осы ретте қазақ 
тілінің  тарихи  грамматикасын    тұңғыш  рет  жүйелі 
түрде    негіздеп,  жүйелеп,  алғашқы  оқулығын 
жазған,  онда  қазақ  тілінің  тарихи  фонетикасы  мен 
тарихи 
морфологиясын 
жүйелеп, 
сөз 
бен 
сөзтұлғаның  қалыптасуының  басты  заңдылық-
тарын  ашып  көрсеткен  М.  Томановтың  ғылыми 
мұраларын  филология  факультеті  студенттеріне 
таныстырып, оны оқытудың жолдарын анықтаудың 
мәні  үлкен.  Сондықтан  біз  бұл  мақалада  белгілі 
тілші  ғалым  М.Томановтың  тарихи  морфологияға 
қатысты ғылыми көзқарастарын  әдістемедегі жаңа 
әдістерді 
пайдаланып 
оқыту 
жолдарына  
тоқталмақпыз. 
Жаңа  технологиялардың  негізгі  мақсаты  
өзгермелі кезеңде  болашақ мамандарды жеке тұлға 
ретінде    қалыптастыруға    ерекше    назар  аудару 
болып  табылады.  Оқыту    үдерісінде    жаңа 
технологияларды  пайдалану    білім  алушының  
интеллектуалдық    әлеуетіне    бағытталады. 
Сондықтан    жоғары  мектепте    оқытылатын    әрбір   
пән    студенттердің    жеке  тұлға  болып  жетілуіне 
және шығармашылық қабілетінің тұрақты  қалыпқа  
айналуына    мүмкіндігін    ашатындай  болуы  тиіс. 
Инновациялық 
әрекет 
дәстүрлі 
оқытумен 
салыстырғанда    білім  алушының    дара  тұлғалық 
қабілетін  дамытуды  көздейді.  Білім  алушы  өз 
бетімен ізденіп, әрекет еткенде ғана білім тиянақты 
болады. 
Білімді 
меңгерту 
де, 
үйрену 
де 
қызығушылықты, белсенділікті талап етеді. Ұстаз - 
білімді  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші  де,  білім 
алушы -  өз бетімен ізденуші, белсенді әрекет иесі.  
Ал  дәстүрлі  оқытуда  «мұғалім  (оқытушы)   
оқушылардан 
(студенттерден) 
көбіне-көп 
«қайтала»,  «жатта»,  «есіңе  түсір»,  «көшір»,  « 
келтір», 
«анықтаманы 
айтып 
бер» 
сияқты 
репродукцияға 
негізделген 
тапсырмаларды 
орындауды  талап  етеді.  Және  де  ұстаз  ұғымында 
бұл  қайталау  неғұрлым    түпнұсқаға  (оқулық, 
мұғалім сөзі, лекция, көркем шығарма,т.б.)  жақын, 
оған    дәлме-дәл,    сол  қалпында    болса,  соғұрлым 
жақсы деген түсінік қалыптасқан... ал  ол  дегеніңіз 
тек  репродуктивтік  әрекет,  яғни  еш  ізденісі  мен 
шығармашылығы    жоқ    амал,  қандай  да  болмасын  
мәліметті    қайталау  ғана  »[  1,19].    Ал  инновация-
лық әдіс-тәсілдерді  пайдалану  білім алушының өз 
бетімен ізденіп, ғылым негіздерін игеруді көздейді.  
Инновациялық  технологиялардың    бір  түрі  - 
интербелсенді технология. 
Интербелсенді  оқыту–оқытушы  мен  студент 
арасындағы белсенді қарым-қатыс, яғни студенттің 
оқу  үдерісіне  оқытушымен  бірдей  қатысуы.  Бұл 
үшін  студенттің  ойлау  стилін  өзгерту  керек. 
Студентті  ойын  ашық  айтуға  үйрету,  пікірлерді 
талдай  біліп,  дұрыс  шешім  қабылдауға  үйрету, 
шешімнің  басқа  варианты  болуын  ескеруге 
дағдыландыру  керек.  Жеке  тұлғаны  сыни  ойлауға 
үйрету, 
жауапкершілікке 
баулу, 
әділдікке, 
қатысымдық  әрекетке,  өз  таңдауына,  оның 
нәтижесіне  жетуге  дағдыландыру  жеке  тұлғаның 
негізгі  қасиеттерін  қалыптастыру  болып  саналады. 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
196 
 
 
Заман  талабына  сай сапалы  білім  алу мен білім 
берудің  ыңғайлылығын,  жүйелілігін    қамтамасыз 
ету  мақсатында    елімізде  жоғары  білім  беру 
жүйесінде  оқытудың  кредиттік  технологиясы 
тәжірибеге    енгізіліп,  оқу  үдерісі  сол  жүйемен 
жүрізілуде.  Бұл  жүйенің  ең  басты  өзіндік 
ерекшелігі  студенттің    білімді  өзбетімен  ізденіп, 
игеруі,  яғни    олардың  белсенді  әрекеті  болса, 
оқытушы соған сай оқыту әдістерін де таңдай білуі 
қажет. 
Өйткені, 
Ж.Аймауытов 
айтқандай, 
«Мұғалімнің    айналысатыны  –  үнемі  қозғалып, 
өзгеріп  өркендейтін  тірі  адам  болғандықтан, 
біркелкі  әдістен  табан  аудармай  шектеліп  қалуға 
болмайды...Сабақ  беру  үйреншікті  жай  шеберлік 
емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»[2]. 
Студенттерді    білімді  игеруде  белсенділігін 
арттырып,  өздігінен    ізденуге  жетелеу  әрбір 
лекцияда,  тәжірибелік  сабақтарда  тиімді  әдістерді 
таңдай  білуге  байланысты.  Дәстүрлі  лекцияда 
оқытушы дайындап келген материалдары бойынша 
баяндайды,  студент  тек  дайын    материалды 
тыңдаушы,  жазып  алушы  қызметін  атқаратыны 
белгілі.Ал интербелсенді әдістер арқылы лекцияны 
ұйымдастыруда  студент  оқытушымен    бірлесе 
әрекет  атқарады,  яғни  ғылыми  еңбектерде 
көрсетіліп жүргендей, өзін айқындайтын  әрекетпен  
байланысты    студенттің  қабілеті  жетіледі. 
Оқытушы    күнделікті  сабақ  процесінде  студент 
қабілетін дамытатын әрекетке оның белсенділікпен 
араласа білуіне жағдай жасауы  қажет. Ол үшін оқу 
материалын  меңгертуде  ұтымды  әдіс-тәсілдерді 
таңдап,  пайдалану    студенттің    шығармашыл  
белсенді  іс-әрекет жасауына  дағдыландыратындай 
болуы  тиіс.  Мысалы,  «М.Томанов  еңбектеріндегі 
морфологиялық 
тұлғалардың 
тарихи 
дамуы 
туралы»    лекцияны    пікірлесім  түрінде  өткізуге 
болады.  Студенттерге  алдын  ала    тақырыптың 
негізгі 
мәселелері 
және 
пайдаланылатын 
әдебиеттер  ұсынылады.  Сабақ  кезінде  оқытушы 
студенттерге  басты-басты  сұрақтарға  қатысты 
лекция    мәтінін  таратып  береді.  Тақырыптың 
негізгі  сұрақтары  оқытушы  мен  студенттер 
арасында пікірлесім түрінде талданады. Студенттер  
лекцияда    тақырыпқа  қатысты  өздері  тапқан 
ақпараттарын  да  пайдаланып,  белсенді  әрекет 
атқарады,  түсінбеген  сұрақтарын  ортаға  салады. 
Сөйтіп,  студенттер          тілдің  морфологиялық 
құрылымы  сөздің  құрамы  мен  сөзтұлғаның 
құрылымын  зерттеумен  тікелей  байланысты 
екендігін,  ал  тілдің  морфологиялық  құрылымын 
анықтау  деген  сөз  –  сол  тілдің  қасиетін,  ішкі  мән-
мазмұнын, өзге тілдермен салыстырғандағы  басты 
ерекшелігін 
айқындау 
екендігін 
дәлелдеп, 
тұжырым 
жасайды. 
Түркі 
тілдерінің 
морфологиялық  құрылымының  негізгі  басты 
ерекшеліктерін М.Томанов былайша көрсетеді:  
-морфемалардың 
бір-бірінен  жігі  айқын 
ашылып тұратындығы; 

түбір 
морфема 
семантикалық 
және 
грамматикалық 
 
жағынан 
біршама 
дербес 
қолданылады; 
-  әрбір  морфема  көпшілік  жағдайда  сөз 
құрамында  мотивті  болып  келіп,  белгілі  бір 
семантиканың иесі болып отыратындығы [3, 80].  
Ғалым  түбірлер  мен  негіздердің  арасынан 
үлкен  тарихи  байланыс  көреді,  оны  зерттейді, 
тілдік  деректермен  дәлелдейді.  “Бір  буынды 
түбірлер 
аффиксацияның 
нәтижесінде 
көп 
буындыға  (екі  буынды,  кейде  үш  буынды) 
айналып,  кейін  осының  өзі  тұрақты  құбылысқа 
айналған.  Қазіргі  тілдегі  екі  буынды  байырғы 
түбірлердің  көбісіақ  жай  көздің  өзіне  де  байырғы 
түбір  мен  қосымшаға    ажырайды”[4  ,115  ].  Дей 
тұрғанмен,  ғалым  қазіргі  қазақ  тілі  тұрғысынан 
түбір  ретінде  танылып  жүрген  екі  буынды 
негіздердің  қалыптасуын  беріде  болған  құбылыс 
ретінде танымайды. Ескерткіштердің тілін зерттеп, 
салыстыра  келе,  ҮҮІІІ  ғасыр  жазбаларында  бір 
буынды 
түбірлермен  қатар  екіүш  буынды 
түбірлердің  де  белсенді  қолданғанын  анықтайды. 
Түркітанушы  ғалымдар  еңбегіне  сүйене  отырып,   
ад  (ат),  ада  (ата),  сав  (сөз),  сөзле  (сөйле),  тап 
(табын),  тапын  (табын),  ы  (ағаш),  ығач  (ағаш)” 
сияқты  сөздердің  ортақтығы  мен  олардың  бір-
бірімен  тұлғалық  және  мағыналық,  мазмұндық 
сәйкестігін көрсетеді.  
М.  Томанов  мынадай  тұжырым  жасайды: 
“Сонымен,  екі  буынды  түбірлердің  қалыптасуы. 
Сөйтіп, түбірдің буын санының ұлғаюы өте ежелгі 
дәуірде,  ОрхонЕнисей  жазбалары  дәуіріне  дейінақ 
әбден орныққан құбылыс” – деп жазады [4 ,116 ].   
Мұндай  лекция  тақырыбын  талдауда  жұптық 
жұмыстар  да  тиімді,  өйткені    лекция  кезінде 
барлық студенттің жауабын тыңдап үлгеру мүмкін 
емес,  сондықтан  студенттерді  топқа  бөліп,  әр 
топтың спикерін сайлап, сол спикерлер (шешендер)  
әр  сұраққа  қатысты  дайындаған  топтың  пікірін 
талқыға  салады.  Студенттердің  тапсырманы  топ 
болып  орындап,  ортақ  пікірге  келуі–тиімді    әдіс, 
өйткені  топтағы  әрбір  мүшенің  бір-біріне  көмегі, 
ынтымақтастық, 
оқытушы 
мен 
студенттің 
бірлескен  іс-әрекеті    студенттер  белсенділігін 
арттыруға  мүмкіндік жасайды.  Оқытушы  қызметін 
студент-спикердің    атқаруы,  яғни  жаңа  білімді 
меңгеруде,  тапсырмаларды  орындауда,  бір-бірінің 
жұмыстарын  саралауда,  талдауда  студенттердің 
өздерінің  жетекшілік  етуі  олардың  жаңа  тақырып 
бойынша  өзіндік  ой-пікірлерінің  қалыптасуына, 
жаңа  білімді  меңгерулеріне  игі  ықпал  етеді. 
Студенттердің    лекция    тақырыбын    қалай  
меңгергендіктерін  байқау  үшін  оларға  бүгінгі 
сабақта не үйренді, ол білім не үшін керек, бүгінгі 
меңгерген білімді қалай жалғастыруға болады, осы 
тақырыпқа  қатысты    тағы  қандай  мәселелерді 
қарастыруға  болады    деген  секілді  сұрақтарға 
қысқаша  жазбаша  түрде қорытынды  жасатудың да 
мәні  үлкен.  Студенттердің  жазбалары  арқылы 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
197 
 
 
туындаған  сұрақтарды  оқытушы  келесі  сабақты 
жоспарлағанда ескереді. 
М. 
Томанов 
 
зерттеуіндегі 
 
көптік 
категорияның 
қандай 
тәсілдер 
арқылы 
жасалатындығына  арналған  лекцияда    ғалым 
көрсеткен  тәсілдер  (морфологиялық  тәсіл  арқылы; 
лексикалық  тәсіл  арқылы;  синтаксистік  тәсіл 
арқылы) аталып, олардың ерекшліктері дәлелденеді. 
Түркі  тілдерінің  қай-қайсысында  да  көптік 
ұғымды  білдіретін  тұлғалардың  сипаты  ортақ 
болып  келеді.  Қазіргі  түркі  тілдерінде  де,  көне 
жазба  ескерткіштерінде  де  жекелікті,  бірлікті 
білдіретін тұлғалар жоқ, тек көптік мағына беретін 
-лар, -лер  тұлғалары бар. Көне түркі жазбаларында 
көптік  мән  тек  осы  тұлғалар  арқылы  ғана  емес, 
лексикалық  тәсіл  арқылы  және  синтаксистік  тәсіл 
арқылы  да  беріліп,  әртүрлі  семантикалық  сипатта 
жұмсала  алған.  М.  Томанов  ОрхонЕнисей 
ескерткіштерінде көптік жалғауының екі түрі лар, т  
кездесетінін  жазады  [4,136].  Ғалымның  пікірінше, 
көне  түркі  жазбаларындағы  көптік  жалғауының  
нөлдік  тұлғамен  немесе  лар  тұлғасымен  келуінің 
өзіндік  ерекшелігі  мен  бір-біріне  қарама-қарсы 
қойылатын  жағдайлары  болған.  Лар  тұлғасы 
негізінен  бөлектік,  көптік  мағынаны  беруде  және 
жақты  білдіретін  сөздермен  бірге  қолданған. 
Көбінесе  –лар  тұлғалы  көптік  мағына  белгілі  бір 
сөздермен  бірге  ғана  қосылып  жұмсалған.  Лар 
қосылып  жұмсалатын  сөздердің  өзіндік  ерекше 
семантикасы  болған.  лар  тұлғасының  белсенді 
қолданысы  әрі  оның  мағыналық  жағынан  дамуы 
кейінгі кезеңнің жемісі болуы да ықтимал. 
Студент–белсенді 
тыңдаушы, 
сөзталасқа 
қатысушы,  проблемалық  мәселелерді  шешуші 
ретінде 
қатысатын 
бейдәстүрлі 
лекцияда 
көрнекіліктерді  пайдалану  да  тиімді.  Сондықтан 
интербелсенді  әдіспен  оқытуда  да  көрнекіліктерді 
қолдану 
қажет. 
Ғалымдардың 
көрсетуінше, 
иллюстрация, 
дыбыстық-бейнетехниканы, 
компьютерді 
қолдану, 
динамикалық 
көрнекіліктердің 
қолданылуы, 
студент 
пен 
оқытушы 
арасындағы 
қарым-қатынастың 
субъектілік  қатынасқа  құрылуы,  білімді  алғашқы 
игеру  деңгейін  бақылаудың  үздіксіз  жүргізілуі 
(экспресс-тестіскери ойын элементтері сұрақтарға 
жауап,  жарыс  т.б.)  оқытуды  тиімді  етеді.  Белсенді 
оқыту  технологиясына  негізделген  лекцияларды 
жобалаудың  ерекшеліктері:  ғылыми  ақпараттың 
баяндалуының 
пәрменді 
дидактикалық 
құралдармен бекітіліп отыруы, осымен байланысты 
көру 
көрнекіліктерінің 
басым 
қолданылуы 
(грамматикалық  кестелер  мен  логикалық  сызба-
сұлбаларды  демонстрациялауға  арналған слайдтар, 
дыбыстық-бейне 
көрнекіліктері, 
яғни 
таспа 
жазуларын, 
мультимедиа 
бағдарламаларын 
қолдану,  траспаранттар,  таспа  жазулары,  жоба, 
лекция жоспары, тезистері, тақырыпқа байланысты 
өздік 
жұмыстарының 
тапсырмалары 
мен 
ұсынылатын  негізгі  және  қосымша  әдебиеттер 
тізімі, экспресс-тест үлгілері, мақалалар көшірмесі, 
сурет,  мәтін  т.б.)  [5,  36-37].  Бұл  жағдай,  яғни 
көрнекіліктің  оқыту  жүйесінен  кең  орын  алуы 
оның 
оқытудағы 
ықпалының, 
қызметінің 
маңыздылығына  байланысты.  Көптік  мағынаның  
берілуі жайындағы  ғалымдар  пікірлерін алдын ала 
дайындалған  слайдтар-кестелер  арқылы  көрсету 
студенттердің  қызығушылықтарын арттырады.  
Интербелсенді 
әдістерді 
семинар 
сабақтарында  да  жалғастыру    нәтиженің  тиянақты 
болуына    мүмкіндік    береді.  Әрбір  лекциялық 
тақырыпқа қатысты өтілетін семинар сабақтарында 
топтық 
талқылау 
мен 
пікірталастарды  
ұйымдастыру    студенттердің    сабаққа  деген 
белсенділіктерін арттырады. 
Ғылыми      еңбектерде    көрсетіліп  жүргендей, 
ұжымдық  оқытудың  бір  түрі  –  топтық  жұмыс. 
Мұнда    берілген  тапсырмалар  топ  болып 
орындалады.  Топтық  оқытуда  топ  мүшелері  үнемі 
ауысып 
отырады. 
Топтағы 
студенттердің 
әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға 
сала 
алады. 
Топтық 
жұмыста 
шешетін 
проблемалық 
тапсырма 
ұсынылады. 
Топқа 
бөлінген  студенттер  сол  мәселені    әр  қырынан 
зерттеп,  соңынан  ортақ  келісімге  келеді.  Топтық 
жұмыстан  соң  спикерлер  өз  тобымен  жасалған 
тұжырымды  ортаға  салады.  Сөйтіп  студентерде 
сыни  тұрғыдан  бірлесе  жұмыс  істеу  дағдысы 
қалыптасып,  қандай  да  болмасын  мәселені  талдап, 
шешім қабылдау, өз ой-пікірлерін дәлелдеп, жүйелі 
жеткізе  білу  секілді  машықтарға  үйренеді.     
Мысалы,  М.Томанов  зерттеулеріндегі    зат  есімнің 
көптік  категориясына  қатысты  семинар  сабағында 
алдымен 
студенттердің 
сабаққа 
деген 
қызығушылықтарын  ояту  үшін,    әр  студентке  осы 
тақырып  бойынша  не  білетіндіктерін  қысқаша 
тезис  түрінде  жазуға  тапсырма  беруге  болады. 
Содан  соң    алдын  ала  бөлінген  топтардағы 
студенттер 
өзара 
 
ойларын 
талқылайды, 
толықтырады,  түзетеді,  сөйтіп  бір  ортақ  шешімге 
келеді. Топ студенттері көптік жалғауының тарихи 
ескерткіштерде  кездесетін  з,  қ,  л,  м,  н,  р,  с,  ч  
тұлғалары  бар  екендігін  талдайды.  Аталған 
формалар 
тек 
көне 
жазба 
мұрағаттарда  
ұшырасқанымен,  қазіргі  түркі  тілдерінде    жеке 
грамматикалық  тұлға  ретінде  жолықпайтындығын, 
тек  кей  сөздердің  құрамында  бөлінбейтін  бөлшек 
ретінде  ғана  кездесетіндігін,  бұл  көптік  тұлғалар 
жөнінде  Б.Серебренников  пен  Н.З.Гаджиева 
еңбектерінде  толық  айтылып,  нақты  деректер 
негізінде  дәлелденгені,  көптік  формаларының 
мұндай  көне  тұлғаларының кейбірі мысалы, з, қ, т 
тұлғаларының  мағынасы  қазақ  тілінің  маманы 
М.Томанов  еңбектерінде  де  аталатындығын,  
ғалымның      “т  қосымшасы  ОрхонЕнисей  жазба-
ларында  атақдәрежені, чинді  білдіретін азынаулақ 
сөздердің ғана құрамында кездеседі” деп жазғанын  
және    оған  мынадай  тарқантарқат,  шадапыт, 
тігінтігіт т.б. мысалдарды келтіргенін айтады.  
Ал  з  тұлғасы  туралы  М.  Томановтың  өзіндік 
көзқарасы  бар.  С.Е.Маловтың  “біз”  сөзінің 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
198 
 
 
құрамына  қарап  зны  көптік  тұлғасы  ретінде 
қарауын  қарастыра  келе,  мынадай  ой  айтады: 
“...Махмуд  Қашқари  дәуірінде  сіз  есімідігінің 
сыпайылық  мәні  мен  көптік  мәні  қатар  жүрген. 
Түркі  тілдерін  зерттеушілердің  кейбірі  бұл 
қосымшаны  ескі  дәуірдегі  екілік  категориясының 
көрінісі  деп  те  қарайды.  Айталық,  ауыз,  көз,  егіз 
сөздері  қосқос  немесе  екі  бөліктен  тұратын 
атаулардың  бәрі  бірдей  зға  аяқталмайды.  Мысалы, 
құлақ,  аяқ,  қол,  бет  т.б.  з  ға  аяқталатын  атауыш 
сөздер  санаулы,  көз,  егіз  т.б.  Екінші  жағынан  зға 
аяқталатын 
сөздердің 
рға 
бітетін 
етістік 
варианттары  бар.  Мысалы,  көзкөр,  семізсемір, 
атызайыр,  қарыз  қайыр  т.б.”.  Ғалымның  терең 
пайымдауынша, 
рз 
дыбыстарының 
мұндай 
сәйкестігі  рз  дыбыс  тіркесінің  жіктелуінің,  яғни 
түркімонғол бірлестігінің қалдығы болса керек.  
Қазіргі  қазақ  тілінің  деректерін  барлағанда 
көптік 
мағына 
беретін 
мұндай 
тұлғалар  
сақталмаған.  Тек  кейбір  лексикалық  бірліктердің 
құрамында  сақталып  қалуы  ықтимал.  Бірақ  оның 
өзі  өзінің  әуелгі  көптік  мағынасынан  ажырағаны 
жайында    өз  ойларын  ортаға  салып,  жалпылама 
шешімдерін  жасайды және оны әр топтың спикер-
лері  баяндап  береді,  яғни  көптік    категориясына 
байланысты  ой-тұжырымдарын  қорғайды,  сондай-
ақ  студенттердің  және  оқытушының  қойған 
сұрақтарына  жауап  береді.  Осылайша  әр  топ 
спикерлерінің  жауаптары  тыңдалады  және  топ 
спикерлерінің  келтірген  дәлелдері,  деректері 
қысқаша  тақтаға  жазылады.  Оқытушы  топ 
шешендерінің  көптік    категориясының  ерекшелік-
теріне  қатысты    айтқан    пікірлері  бойынша  
қорытынды  жасап,  тағы  да  қандай  мәселеге  көңіл 
бөлу  керектігіне  студенттер  назары    аударылады. 
Сол 
мәселелер 
 
бойынша 
студенттердің 
оқытушының  жетекшілігімен  істелетін  өздік 
жұмыс  ретінде  тапсырма  беріледі.  Осылайша  бір 
тақырыпты  жан-жақты  талдай  меңгерту  студент  
білімінің  тиянақты,  сапалы  болуын  қамтамасыз 
етеді,  яғни  студент      М.Томанов  еңбектеріндегі 
көптік  категориясы    бойынша  лекцияға    оқытушы 
ұсынған  ғылыми  еңбектер  арқылы    дайындалып 
келіп,  өз    ойларын  ортаға    салса,  семинар  
сабағында  сол  тақырыпқа    қатысты  нақты 
сұрақтарға    жауап  беруге  дайындалып,  сабақта 
талқылайды,  ал    семинарда  толық  шешімін 
таппаған  мәселелерді  өздік  жұмыс  ретінде 
толықтырып  келіп,  тұжырымдарын  қорғайды. 
Сонда  студенттер  М.Томанов  еңбектеріндегі  зат 
есімнің  көптік    категориясы  жайында  толық 
мәліметті игеретін болады. 
Сабақ  соңында  студенттерге  талқыланған 
мәселелер  бойынша  эссе  жаздыртуға  болады  және 
оны  уақыт  жетсе,  топ  студенттері  бір-біріне  оқып 
береді.  Ал  егер  уақыт  жетпесе,  оқытушы    жинап 
алып тексереді.  
Осылайша  студенттерді    өзбетімен    ізденіп, 
белсенді  әрекетке  жетелейтін  инновациялық 
технологиялардың    олардың  білімінің  жүйелі, 
сапалы болуына игі әсері бар деп есептейміз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет