Қазақстанның Ғылымы мен өмірі халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Бір жылда 6 рет жарық көреді Құрылтайшы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ миссия»



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата03.03.2017
өлшемі5,5 Mb.
#5910
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Әлімов  А. Интербелсенді   әдістерді  жоғары оқу 
орындарында қолдану. –   Алматы, 2009. -328 б. 
2.    Аймауытов  Ж.  Психология.  -Алматы:  Ғылым, 
1998. -4-т. -447 б. 
3.  Томанов  М.  Түркі  тілдерінің  салыстырмалы 
грамматикасы. –  Алматы.1992.-192 б. 
4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. - 
Алматы, 1988, 262 б. 
5.  Сүлейменова  Ж.  Қазіргі  қазақ  тілі  морфологи-
ясын    жоғары  мектепте  оқыту          әдістемесі.  -  Алматы, 
2005. -250 б.
  
 
 
Дюсембинa Г.Е.   
Aбaй aт. ҚaзҰПУ PhD докторaнты, 
Қaзaқстaн Республикaсы, Алматы қаласы, e-mail: gulka_07@mail.ru 
 
МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БЕТТЕРІНДІГІ ЭКСПРЕССИЯ МЕН ЭМОЦИЯНЫҢ 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ЖӘНЕ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР АРҚЫЛЫ 
КӨРІНУ СИПАТЫ 
 
Түйін. Қазіргі баспасөзде экспрессия мен эмоцияның тілдік құралдар арқылы берілетін эмоционалдық реңкі 
оны  саяси  маңызды,  мағынасы  терең,  халыққа  ұғынықты  және  демократиялық  принципке  сай  деп  айтуға 
толық  мүмкіндік  береді.  Мерзімді  баспасөз  тілінің  лексикасы  барынша  стандартты  келеді  десек  те,  әдеби 
тілге  тән  экспрессивтік  тілдік  құралдар  баспасөз  тілінің  де  шарайын  кіргізіп,  эмоционалдық  реңк 
үстемелейді.  Аталмыш  мақаламызда  мерзімді  баспасөздегі  экспрессия  мен  эмоцияны  білдірудегі 
психолингвистикалық  құрылымдар,  яғни  фразеологизмдер,  мақал-мәтелдер  мен  қанатты  сөздер  сынды 
тілдік құралдардың қолданылу ерекшелігі мен түрлері, жасалу жолдары мен рөлі турасында сөз қозғалады.  
Резюме.  Эмоциональный окрас сегодняшней периодической печати, передаваемые посредством языковых 
средств экспрессии и эмоций, можно сказать, дают полную возможность говорить, что они полностью со-
ответствуют  политической  сущности  глубокому  содержанию  и  принципам  демократичности.  Сколько  бы 
ни говорили, что лексика периодической печати стандартна, но, присущие литературной речи, экспрессив-
ные  языковые  средства  преобразовывают  язык  печатных  средств,  усиливая  их  эмоциональный  окрас.  В 
настояшей статье речь идет об особенностях и видах, способов образования и роли психолингвистических 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
199 
 
 
структур,  то  есть  фразеологизмов,  пословиц  и  поговорок,  крылатых  слов,  применения  языковых  средств 
при выражения экспрессии и эмоций в периодической печати. 
Summary.  Today the expressive means and stylistic devices can be found in newspaper style. They   give oppor-
tunity  to  understand  that  the  emotional  style  and  democratic  importance  which  support  to  understand  its    deep 
meaning by the public.  The language in periodic newspapers  is according  to the literary  standards and expressive 
means  and  stylistic  devices  give  expressiveness  and  emotional  colouring  of  the  language.  The  current    article 
touches upon the psycholinguistic structures, especially phraseological units, proverbs and sayings  which give  the 
expressiveness and emotional colouring in newspapers 
 
Баспасөз  және  насихат  құралдары  тілдің 
бағалауыштық  мүмкіндігін  пайдалана  отырып,  
құндылықтар  жүйесін  реттеп,  сол  арқылы  аудито-
рияға  әсер  етуді  көздейді.  Аудиторияның  ақпарат-
ты  қабылдауы,  түсінуі  ақпараттық  хабарламада 
адресант жеткізгенген оқиғаға берілген бағаға бай-
ланысты  болады.  Тілдік  бағалауыш  құралдарды 
реттеу  арқылы  тек  ақпараттың  қабылдануы  мен 
түсіндірілуін  ретке  келтіріп  қана  қоймай,  шынайы 
өмірдегі  саяси  мәні  бар  оқиғаларға  деген 
көзқарасқа бағыт беруге болады [1; 6]. 
Танымдық  процесс  негізінде  дамыған  адам 
санасы объекі мен субъектінің арасындағы эмоцио-
налдық  қатынасты  қалыптастырады.  Эмоция,  пси-
хологтар  мен  философтардың  айтуынша,  объек-
тивті  шындықты  бейнелеудің,  танып  білудің  және 
бағалаудың түрі әрі ол адам әрекетінің негізі бола-
тын қажеттілікпен тікелей байланысты.  
Танымдық  процес  сананы  дамытады,  өйткені 
объекті  мен  субъекті  арасындағы  күрделі  қарым-
қатынас  адамды  ойға  жетелейді.  Қоғам  бар  жерде 
адам,  адам  бар  жерде  таным  процессі  жүріп  жата-
ды.  
Публицистика  мәтіндеріндегі  экспрессия  мен 
эмоцияның  тілдік  құралдар  арқылы  берілу  жайы 
назар  аударарлық  мәселе.  Публицистикалық 
шығармалардың  тақырыптары  әр  алуан,  заман 
қажеттігіне орай әр қилы болып келеді.  
А.Н.  Гвоздев  бұл  стильдің  интелектуал-
дылықты,  көркем  тілдік  құралдарды  таңдап  алу 
мен  оларды  орынды  қолдануды  талап  ететін, 
оқырмандар  мен  тыңдармандарды  тәнті  ететін 
қатал  логикалық  ой-тұырымның,  көркемдіктің 
және  оқырманның  терең  толғанысы  мен  күреске 
ұмтылысыноятатын  эмоционалдылықтың  жүйесін 
құрайтынын нақтылап  көрсеткен [2; 25].  
Күрделі  мазмұнды  өмірдің  ырғағы  әрбір  пуб-
лицистен  шұғыл  ойлауды,  әлеуметтік  шындықты 
терең  түсінуді,  ой-тұжырымын  халыққа  ықшам 
түрде  әрі  көркем,  әрі  ұғынықты  жеткізуді  талап 
етеді.  Ал  мұндай  әрекеттің  публицистикалық 
стильдің  лексикалық  сипатын  қоюландыра  түсері 
сөзсіз [3; 197] 
Газет  тілінің  маңызды  функциялары  ақпарат-
тық болумен қатар, үгіт-насихаттық, әсер етушілік 
және  экспрессивтік  болмақ.    Соңғы  екі  функция 
газет  тілінде  мағыналық  жағынан  аса  жақын:  үгіт-
насихат  батыл  айтылғанда,  әсер  етушілік  пен  экс-
прессивтік  қатар  жүретіні  анық.  Сондықтан 
мерзімді    баспасөз  тілі  стандарттан,  штамптан 
ауытқып, журналистің ойы экспрессивті түрде жет-
кізіледі.  
Газеттің 
экспрессивті 
функциясы 
үгіт-
насихаттық  бағыттан  айқын  көрінеді  және  ол 
сөздің ашық бағалауыштық сипатын танытады. 
Мәселен,  қазақ  тілі  лексикасында  мақал-
мәтелдер,  фразеологиялық  тіркестер  мен  қанатты 
сөздер, мағыналары терең болғандықтан, адресант-
тың  ойын  әріден  толғап,  адресатқа  анағұрлым 
нақты әрі әсерлі етіп жеткізеді. Бұлар сөз бен сөй-
лемдерге экспрессивтік реңк беретін болғандықтан 
адресант  үшін  аса  ыңғайлы.  Айшықтық,  бейнелік, 
көркем  суреттеу  мүмкіндігі  мол  мұндай  стилисти-
калық  қолданымдар  публицистикалық  саяси  дис-
курстардың  экспрессивтік-эмоционалық  мағына-
сын тереңдете түсіреді.  
Билiк  жауырды  жаба  тоқимын  десе  де,  бiр-
талай  дүниенiң  бетi  ашылды  («Жас  Алаш», 
31.12.2009). 
Дәл  қазiр  республиканың  барлық  аймағында 
қымбатшылық  қос  бүйiрден  қысып  тұр  («Жас 
Алаш», 10.11. 2011). 
Болашақ  ұрпақ  “осындай  бассыздыққа  қарсы 
бас  көтермей,  не  қарап  қалдың?”  деп  бетiме 
түкiргенiн қаламаймын («Жас Алаш», 07.05.2013). 
Мұны  құлағына  құйып  өскен  ұрпақ  ұлтшыл, 
отаншыл  болып  ержеттi.  Қазақ  хал-қына  да 
сондай  тәрбие  құралы  керек.  Ол  соғыс  немесе 
өткен  тарих  болмай-ақ  қойсын,  бiрақ  қоғамды 
бiрiктiретiн,  үмiт  ұялататын  құндылық  табу 
қажет-ақ («Жас Алаш», 28.12.2010). 
Осы  сөйлемдердегі  қара  курсивпен  көрсетіл-
ген  идиомалық  тіркестер    -  автордың  сөзіне  түрлі 
эмоционалық  реңк  беріп  тұрған  көркемдеу  тәсіл-
дері.    
Ал,  бетi  ашылу  («мәлім  болу,  анықталыу»), 
қос  бүйiрден  қысу  («қинау»),  бас  көтермеу  («қар-
сы  келмеу»),  бетке    түкiру  («өкпелеу,ренжу»), 
құлағына  құйып  өсу  («естіп,  тыңдап  өсу»),  үмiт 
ұялату  («үміттену»)  фразалық  тіркестерін қолда-
нылу арқылы адресант өзінің ішкі ойын өте әсерлі 
жеткізген. 
Ауылдан қалаға ағылғандардың, айлығы шай-
лығына  жетпей  отырған  ата-аналардың,  екi 
қолға бiр күрек таба алмай сандалған жұмыссыз-
дардың,  зейнетақыға  күнi  қарап  қалған  отбасы-
лардың,  мемлекеттiң  болмашы  жәрдемақысын 
талшық  етiп  жүргендердiң  қалтасы  көтередi 
дегенге сену қиын-ақ («Жас Алаш», 30.08 2011). 
Дәл  қазiр  толық  електен  өткiзетiн  болса, 
республикада  мемлекет  белгiлеген  дәл  осы  талап-

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
200 
 
 
тарға  сай  келмейтiн  бiлiм  ошақтарының  саны 
жыртылып,  айырылады.  Әйтсе  де,  жасыратын 
несi  бар,  танымал  тұлғаларымыздың  барлығы 
дерлiк  денсаулық  саласындағы  кем-кетiктердi 
ашық  айтуға  жасқанып,  жауырды  жаба 
тоқитыны анық («Жас Алаш», 30.08.2011.) 
Мәселен,  Қызылорда  облысындағы  көлiк  iзi 
сирек  түсетiн  қашықта  жатқан  елдiмекендер 
баршылық.  Ондағы  мектептерге  қай  чемпион 
немесе жүлдегер спортшы ат басын бұрып, “ден-
саулық”  тақырыбында  сабақ  оқымақ?  («Жас 
Алаш», 03.12.2009). 
Ендi  ҰҚК-нiң  төрағасы  қайтер  екен?  Қара-
мағындағыларды  шынымен  де  отқа  тастай  ма
әлде... («Жас Алаш», 03.12.2009). 
Шындығында, бүгiнгi қазақ зиялысының сөзге 
қыры  болғанымен,  табанында  бүрi  жоқ.  Ныса-
наға  алған  бетiмен  қасқайып  тұрмай,  жеме-
жемге  келгенде  тайқып  шыға  бередi.  Осыдан 
кейiн елдiң шетi мен желдiң өтiнде тұратын ұлт 
азаматтары  “қазақтың  ұл-қыздары  кiмнен  үлгi 
алуы  тиiс?”  деп  ойлайсың.  Ұрпаққа  талғамды 
тәрбие,  салиқалы  саясат,  салауатты  өмiр  мен 
сындарлы  тарихты  қалыптастыратын  қазiргi 
қоғамның  келбетi  неге  мың  құбылады?  («Жас 
Алаш», 13.10.2011). 
Мұның  астарында  бүгiнде  дәуiрi  жүрiп 
тұрған 
Құлыбаевтың 
ықпалынан 
жасқану 
жатқан сияқты ( «Жас Алаш», 13.10.2011). 
Ал айлығы шайлығына жетпеу («қаражаты 
ішіп-жеміне  жетпеу»),  екi  қолға  бiр  күрек  таба 
алмау  («жұмыссыздық,  жұмыс  тапшылығы»), 
күнi қарап қалу («»), талшық етiп жүру («күнел-
ту,  асырау,  өмір  сүру»),  қалтасы  көтермеу 
(«жағдайы  келмеу»,  «ақшасы  тапшылыға  тап 
болу,белгілі  бір  нәрсеге  тәуелді  болу»  ),  көлiк  iзi 
сирек  түсу  («өте  шалғай,  алыс»),  ат  басын  бұру 
(«көңіл  болу»),  отқа  тастау  («сатқындық  жа-
сау»),  жауырды  жаба  тоқу  («кемшілігін  жасыр-
ды»), сөзге қыры болу «сөзге шешен, сөзге шебер», 
табанында бүрi болмау («айтқанына тұрмайтын 
жалтақ,  табансыз»),  жеме-жемге  келгенде 
(«бірме-бір  келгенде,  мезгілі  жеткенде  тайқып 
шығу  өз  сөзінде  тұрмау,  жалтақ  болу»),  келбетi 
мың  құбылу  («келбеті  сан  алуан  түрге  түсті») 
т.б сияқты сөйлем құрылыстары да адресанттың өз 
қаламынан туған шеберлік деуге болады.  
   Бейнелі,  астарлы  мағынада  қисынды  жұмса-
латын  осындай  фразеологиялық  құрылымдар 
көркем  дүниенің  поэтикалық  деңгейін  биіктетеді. 
Белгілі  ғалым  Р.  Сыздық  Абай  өлеңдеріндегі  фра-
зеологизмдердің поэтикалық экспрессиясын көрсе-
тудегі  маңызыдлық  турасын  айқындай  отырып 
«Фразеологиялық 
тіркестер 
– 
семантикалық 
шоғырлар,  яғни  жеке  сөз  мағыналарының  бір-
бірінен түйсуінен туған жаңа мағыналық дүниелік-
тер. Демек белгілі бір қаламгерлердің жалпы тілдік 
қазынасын  және  көркемдік  байлығын  зерттеуде 
оның  фразеологиясын  тауып,  тану  ерекше  орын 
алады» - деген пікірі өте орынды айтылған [4; 95].  
Белгілі  ғалым  Г.  Смағұлова    адамдардағы 
түрлі  сезімдік  қатынастар  мен  эмоцияны  білдіру 
үшін  фразеологизмдердің  мағыналық  қызметінің 
жоғары  екендігін  баса  айта  отырып  «Әрбір  жеке 
адамның  өзіндік  қабылдауынан  туатын  сезімдік 
«дүние суреті» әсерінің көрінісі лексикаға қараған-
да,  фразеологизмдердегі  эмоция  мен  экспрессияда 
анағұрлым  көбірек  қамтылады»,  -  дейді  автор  [5; 
6].  
Жоғарыдағы зерттеулерге сүйенсек, ұнатпау-
жақтырмау-жек  көру    сезімін  білдіретін  фразео-
логиялық  тіркестер тобы баспасөз  дискурстарында 
өте  көп  ұшырасатынына  көз  жеткіздік.  Сөзіміз 
негізсіз  болмас  үшін  еліміздегі  «Жас  Алаш», 
«Dат» сынды мерзімді баспасөз беттерінен жаппай 
жинақталған  материалдар  бойынша  бірер  мысал-
дармен  дәлелдей  кетейік.  Мыс:  Дағдарыстың 
қарқынынан  үрейленген  билiк  Ұлттық  қордың 
қамбасын  ашуға  мәжбүр  болды.  («Жас  Алаш», 
31.12.2009)  Осындағы  қамбасын  ашуға  мәжбүр 
болу  («қаражатын  пайдалануға  мәжбүр  болу»)  -  
автордың  ұнатпау  сезімін  білдіріп  тұрған  фразео-
логиялық тіркес.  
Бюджеттiң  495  млрд.  теңгеге  жетiспейтiн 
қаржысының  орнын  қалай  толтыруды  қазiрден 
қолға  алмаса,  зейнет  жасын  ұзарту,  декреттiк 
төлемдердi қысқарту  арқылы ел қазынасының  бiр 
бүйiрi  де  жамала  қоймайды.  («Жас  Алаш», 
07.05.2013)  деген  сөйлемдегі  бүйiрi  жамала  қой-
мау  -  деген  фразиологиялық  тіркесі  жақтырмау 
сезімін  білдіріп  тұрумен  қатар  кемшіліктердің 
түзелме  қоймауы,  жойылмауы,  тәрізді  сөз  қолда-
ныстарының орнына ұтымды қолданылып, сөйлем-
нің  экспрессивтілігін  арттырып  тұрғандығын  анық 
байқауға болады.     
Мәселен,  келесі  мысалға  назар  аударып 
көрелік.  Жауап  алудан  қашқан  экс-әкім  елден 
безіп, шетел асты. Түйені түгімен жұтқан оған 
«бюджет қаражатын жымқыру және қызметтік 
өкілеттіктерін  асыра  пайдалану»  бойынша  айып 
тағылды. («Жас Алаш», 04.04.2013).    
Қазақ  жерінде  жең  ұшынан  жалғасқан 
жемқорлықтың  жайлағаны  соншалықты  санама-
лап үлгермейміз. («Dат», 04.04.2014).  
Нұрсұлтан  Назарбаев  шын  мәнiнде  мүмкiн 
емес  iстердi  жүзеге  асыра  алған,  тарихта  талай 
есесi  кеткен  туған  елiнiң  арғы  ғасырдағы  бодан-
дықты  қозғап,  қозғағанның  өзiнде  осыдан  ширек 
ғасыр бұрын Мәскеу көлденең көк аттыны жiбе-
ре  салатын  елдiң  есiктегi  басын  төрге  алып 
шыққан адам. («Жас Алаш», 28.12.2010) 
Осы  мысалдардағы  экспрессиясы  аса  жоғары 
жек  көру  сезімін  білдіретін  елден  безіп,  шетел 
асты,  түйені  түгімен  жұтқан,  жең  ұшынан 
жалғасу,  көлденең  көк  аттыны  жiбере  салу, 
есiктегi басын төрге алып шығу  деген мысалдар-
да  нақты  жағдайда  дойыр  әрекет  жасайтын  объ-
ектілер  мен  субъектілерге  деген  менсінбеу  сезімін 
жоғары экспрессивті реңкте сипаттап тұр. Бұл жер-
дегі «елінен алшақтап, шетелге қашып кету», «ой-

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
201 
 
 
сырата  жеген,  параны  көп  алаған»,    «кім  көрін-
ген»,  «тығырқтан  алып  шығу,  мерейін  көтеру» 
сынды тіркестерге қарағанда бояу-реңкі анағұрлым 
басым.  Ал  егер  осындағы  әсерлі  сөз  қолданыстар-
ды  «елінен  алшақтады»,  «параны  көп  алаған»  де-
ген  тіркестермен  алмастырса,  сөйлемнің  эмоцио-
налдығы  солғындап,  тіпті  байқалмай  да  қалар  еді. 
Бұл  жерде  адресант  қара  сөзге  поэтикалық  сарын 
беріп,  оны  экспрессоид  ретінде  стилема  етіп  пай-
даланған.  «Стилема  –  белгілі  стильдік  жүк  арты-
лып  қолданылған  тілдік  элементтер:  жеке  сөздер, 
фразеологизмдер, грамматикалық тұлғалар»,- дейді 
белгілі  ғалым  Х.  Махмудов  [6;  288].  Осы  тұғыдан 
келгенде  Л.А.  Васильевтің  жай  сөз  заттың, 
көзқарастың  рационалды  бағасын  ғана  білдіретін 
болса,  фразеологиялық  тіркес  бұған  қоса  сөйле-
ушінің  айтып  отырған  оқиғасына  айрықша 
қатысын,сезімін  білдіретіні,  яғн  сөз  мағынасының 
импликативті 
компоненті 
эмоционалдық-
бағалауыштық  жағынан  ашыла  түсетіні  туралы 
пікірін құптауға болады [7; 181].   
Жалпы  жоғарда  көрсетілген  фразеологиялық 
тіркестердің  қайсысын  алсақ  та,  автор  ойының 
түрлі  эмоциялық  көріністерін  сипаттап  тұр.  Адре-
сант болып жатқан жағдайды ұнатқандығын немесе 
жиренгендігін, яки болмаса сол әрекетті нақтылап, 
әсерлі  етіп  көрсеткендігін  қолданып  отырған  тір-
кестерден анық байқадық.  
«Өтпелі 
кезеңдегі» 
қоғамдық-әлеуметтік 
жағдайларды  образды  түрде  бейнелеу  үшін  адре-
сант  басқа  тілдік  құралдар  сияқты,  фразеологизм-
дерді  де  авторлық  өзгеріске  түсіріп  (окказионал 
тұлғада)  қолданып  отырады.  Соңғы  кездегі 
баспасөз  беттерінен  мұндай  бір  қолданар  идиома-
лық  тіркестерді  өте  жиі  кездестіріп  жататынымыз 
анық.   
Мәселен авторлар өз тарапынан да бейнелі сөз 
өрнектерін жасаған. Атап айтсақ:              
Ауыл  тұрғындары  жекешелендiру  науқаны 
кезiнде  жұмыстан,  үлестен  құр  қалып,  амалсыз-
дан  кедейшiлiк  қамытын  мойындарына  кидi 
(«Жас Алаш», 28.04.2011). 
Зәкең аттан түспей тұрғанда қазақтың та-
лай талай жiгiттерiне көмектестi. («Жас Алаш», 
10.11.2011).  
Доктринаны  түгелiмен,  астын  сызып  оты-
рып  оқып  шықтым.  Орысша  жазылған,  оның 
қазақша  аудармасы  қалай  боларын  бiлмеймiн. 
Мұндай  құжат  әуелi  қазақ  тiлiнде  дайындалуы 
тиiс емес пе? («Жас Алаш» 15.12.2009). 
Бейбiт күнде шеру өткiзгенше, соған жұмса-
латын  қаражатпен  шенеунiктер  бюджеттiң 
жыртығын  жамаса  болмас  па  едi?  («Dат», 
07.05.2013) 
«Алматы»  телеарнасындағы  «Тiл  сақшысы» 
деген  жаңа  бағдарламаның  да  ашылғанын 
көзiқарақты  көрермен  көрiп,  бiлiп  жүрген  болар. 
Қаншама  мекемемен  соттасып,  қаншама  меке-
менiң  қатесiн  түзетiп,  қазақтың  қасiретiмен 
бетпе-бет  алысып  жатыр.  («Жас  Алаш»,  
28.12.2010 ж.). 
Тәуелсiздiк  көкбайрағы  желбiрегелi  табаны 
күректей 19 жыл өттi. («Жас Алаш», 28.12.2010) 
Путин  қоғамның  көкiрегiндегi  осы  бiр  қыл-
дарды шертiп ойнағысы келедi», – дейдi Азаттық 
радиосына  Мәскеуде  орналасқан  Саяси  бағалау 
орталығының  сарапшысы  Павел  Савин  («Жас 
Алаш», 13.10.2011). 
Мұның  астарында  бүгiнде  дәуiрi  жүрiп 
тұрған 
Құлыбаевтың 
ықпалынан 
жасқану 
жатқан сияқты («Жас Алаш», 13.10.2011). 
Ел  тани  ма,  танымай  ма,  билiктiң  кiлтi 
қолында  тұрғанда  Салидат  Қайырбекова  бұл 
мәселенi  шешудiң  тетiгiн  табар,  бәлкiм  («Жас 
Алаш», 30.08. 2011). 
Жолдың  жайы  ол  кезде  қандай  екенi  есiңiзде 
болар.  Ал  қазiр  барсаңыз,  мақалада  айтылғандай 
«Қара  жорғаны»  «билеп»  қайтатыныңыз  анық. 
(«Жас Алаш» №35 (15493) 5 мамыр, сәрсенбі 2010) 
Бұл  мысалдардағы  кедейшiлiк  қамытын 
мойындарына  кию  («кедей  болып  қалу,  кедейлікке 
ұшырау»),  аттан түспей тұру  («қолында билігі 
бар  кезде»),  астын  сызып  отырып  қарау  (өте 
мұқият,  анық),    жыртығын  жамау  («кемшілігін 
түзеу),  бетпе-бет  алысу  (күресу),  Тәуелсiздiк 
көкбайрағы  желбiрегелi  (Тәуелсіздік  алғаннан 
бері),  көкiрегiндегi  қылдарды  шертiп  ойнау  (өз 
мақсатына  жетудегі  мүмкіндіктерін  пайдала-
ну),билiктiң  кiлтi  қолында  (билгі  жүру),  «Қара 
жорғаны»  «билеп»  қайту  («Қара  жорға»  биінің 
қимылдарын  бейнелі    түрде  елестетуіне  орай  ба-
ламалы  түрде  туған  тұрақты  авторлық  қолда-
ныс,  бұл  жерде  шұңқыр-шоқалақтарға  тап  болу 
деген  мағынасында  қолданылып  отыр),  дәуiрi 
жүрiп  тұрған  (мүмкіншілігі  мол)  –  автор  тарапы-
нан  конструкцияланған  фразеологиялық  тіркестер. 
Адресант  әлеуметтік  кереғарлыққа,  намыссыз-
дыққа,  жүдеген  халық  тұрмысына  күйінеді,  ашы-
нады, оны мысқылдап әжу қылады.  
Бiрақ қайда, қалай “ұшарын”, қайтiп, қалай 
“қонарын”  бiлмеген  соң,  жұртқа  қыран  деп 
қарғаныбұлбұл деп бытбылдықты көрсетiп әлек 
болып  жүретiн  әдетi  бар.    («Жас  Алаш», 
28.12.2010).  Осы  бір  мысалдағы  қос  тағанды  тір-
кестер  де  симметриялық  байланыста  және  олар 
антоним болып контрастивті жұптар жасаған (ұшу-
қону, бұлбұл-бытпылдақ, қыран-қарға).  
Тіл 
білімінің 
білгірі 
А. 
Байтұрсынов 
«келтірінді сөйлем» деп атаған мақал  –мәтелдерді, 
ғалымдар  «тілдің  әрі  ұтымды,  әрі  сымбатты  бай-
лықтарының»  бірі  ретінде  атай  келіп,  «халық  да-
нышпандығының  айнасы,  оларды  тудырған  ха-
лықтың тіл байлығының алтын қазынасы»,  -  деген 
[8; 119].   
Белгілі  филолог  А.А.  Мұсабекова  қазақ 
баспасөзінде  осы  бір  көркем  сөз  оралымдары  ішкі 
мағыналық  байланысқа  түсіп,  ұтымды  жымдасып, 
айтылғалы  отырған  ойдың  эмоцияналдылығын 
арттырып  отырудың  түрлерін  төмендегіше  жіктеп, 

 
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (30). 2015
 
.................................................................................................................................................................................................. ...........
  
202 
 
 
анықтаған.  Олар:  1)  Мақал-мәтелдерді  тұлғалық 
өзгерістерге  ұшыратпай,  өз  қалпында  пайдалану 
арқылы  эмоцияны  білдіру;  2)  Автор  тарапынан 
өзгеріске ұшыраған инварианттар – мақал-мәтелдер 
арқылы эмоцияны білдіру; 3) Тұлғасы өзгертілмей, 
тұтастай  автордың  өз  иелігіне  айналған  мақал-
мәтелдер  [3;  74-75].  Ғалымның  мақал-мәтелдердің 
контексте  мұндай  жолдармен  берілу  тәртібін 
құптай келе, мұндай құбылыстардың баспасөз дис-
курстарында,  әсіресе  газет  тақырыпаттарында  жиі 
ұшырасатын  құбылыстар  екендігін  анықтадық. 
Мысалы, халық мақалдарының қаймағы бұзылмай, 
ежелден  келе  жатырған  қалпында  қолданылуын 
келесі  мысалдардын  анық  байқауға  болады.  Мыс: 
“Қара  қытай  қаптаса,  сары  орыс  әкеңдей 
көрiнер” дейтiн мақал бар қазақта. Осы мақалды 
кiм,  қашан  және  неге  шығарғаны  бiз  үшiн 
беймәлiм.  Шамасы,  ел  басына  күн  туған  шақта 
айтылған  сөз  болса  керек.  Алайда  бұл  орыс  бiзге 
жанашыр  дегендi  бiлдiрмейтiнiн  уақыт  төренiң 
өзi дәлелдедi ( «Жас Алаш»,15.05.2014 ).  
Астана  әкiмi  Иманғали  Тасмағамбетов:  «... 
Ұлтқа ұстаз болып отырған елбасының асқақ рух, 
сирек азаматтық еркi, қайрат пен ақылы, парасат 
пен  пайымы,  көрегендiлiк  пен  көсемшiлдiгi,  ақиық 
ақын  Махамбетше  айтқанда,  «Жайлап  жатқан 
жердi елге толтыруды, жағалай жатқан сол елдi 
малға  толтыруды»,  көксеген  арманы  «малым  – 
жанымның  садағасы,  жаным  –  арымның  са-
дағасы» деп жатса тұрса, ердiң емес, елдiң қамын 
жеген  мемлекетшiл  қайраткерлiгi  қашанда  өрелi 
өнеге, үлкен үлгi», – дедi («Жас Алаш», 10.10.2011).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет