«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»


Күпшүр- мал басынан жиналатын салық. Квота



бет7/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Байланысты:
«?àçà?ñòàííû? æà?à æ?íå ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõû»

Күпшүр- мал басынан жиналатын салық.
Квота (үлес,бөлік) лат.тіл.,-1)ортақ істен қатысушылардың әрқайсысына тиесілі үлес, бөлік, жарна, пай; 2)белгілі бір мерзімде өндіруді, сатуды, тұтынудың экспорт пен импортты сан жағынан шектеу; 3)шектеу шаралары квоталау деп аталады.
Коалиция, лат.тіл.,- ортақ мақсаттағы мемлекеттердің одағы немесе партиялардың жасаған бірлестігі.
Кодекс (кітап) лат. тіл.,- заңның бір саласына қатысты жүйеленген заң ережесі.
Коммерция (сауда) лат.тіл.,-саудалық-делдалдық қызмет;саудаға қатысу не болмаса тауар мен қызмет көрсетуге көмектесу; кең мағынасында кәсіпкерлік іс-әрекет
Коммюнике,фр.тіл.,- баспасөзде жарияланатын ресми хабар.
Конвенсия, лат.тіл.,- арнаулы мәселе бойынша халықаралық келісім.
Консорциум (бірлестік) лат. тіл.,- заемді бірлесіп орналастыру, үлкен мақсатты бағдарламаларды, жобаларды іске асыру, қаржы-несие, коммерсия операцияларын жүргізу, өнім-өндірісін ұлғайту үшін уақытша өз еркімен бірлескен бірнеше банк немесе кәсіпорын арасындағы келісім.
Конституция,лат.тіл.,- қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негізін мемлекеттік органдардың жүйесін, олардың құрылуын және қызметін, адамдардың құқықтары мен міндеттерін анықтап беретін мемлекеттің негізгі заңы.
Концепция, лат.тіл.,- белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесі, бір мәселе жөніндегі негізгі пікір.
Концессия (келісім-шарт) лат.тіл.,- мемлекеттің не жергілікті әкімшілік органдардың меншік өндіріс орындарын, пайдалы кендерді, құрылыс салу және басқа да шаруашылық обьектілерін пайдалану үшін арнаулы мерзімге шетелдік фирмаларға не болмаса жеке тұлғаларға жалға беру шарты.Мемлекет келісім уақыты біткеннен кейін халықаралық заңға сәйкес концессия жұмысын тоқтатуы мүмкін.
Кредит,лат.тіл.,ссуда (қарыз),долг(қарыз,борыш), верить (илану), доверять (сеніп тапсыру)-тауарлармен ақшалай қаражатты белгілі бір мерзімге, әдетте пайыз төленетін борышқа беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет