«Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет71/78
Дата13.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#73600
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
1987 жылғы қазан - КОКП ОК-нің Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.Н.Ельцин қайта құру барысына, реформа баяулығына наразылық білдірді. Алайда оның сөзі «қайта
құрудың ту сыртынан тиген соққы» деп қабылданып, баспасөзде жарияланбады.
Б.Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдың көктемінде ғана жарық көрді.

  • 1988 жылғы маусым - КОКП-ның XIX Бүкілодақтық конференциясында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды.

    Шешімдері:

    • Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық

    өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.

    • Демократияландыру мен жариялылық.

    • Төрешілдікке қарсы күрес.

    • Халықтық реформа жүргізу.

    • Әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру.

    Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар
    Әміршіл-төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. Ол кемшіліктер мен қайшылықтар:

    • Жоспарлау және жаңа кен орындарын игеру кезінде республикам мүддесі есепке алынбады.

    • Ведомстволар меншігіне түскен табыстардан республикаға болмашы ғана бөлігі беріліп, жергілікті халыққа ештеңе тимеді.

    - Қаржының көп белігі өндіруші салаларға жіберілді.

    • Халыққа қажетті тауарлардың 60%-на жуығы шеттен тасымалданды.

    • Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы

    сақталды.

    • Барлық ғылымдар ресми саясаттың елгезек «қызметшілеріне»

    айналды.

    • Мәдениет ұлттық тамырларынан қол үзіп, өзіндік ерекшеліктерінен

    айырыла бастады.

    • Қазақ тілі қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге
      айналды. Нәтижесінде 1954-1986 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды. Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Жоғары жақтан келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, қатал жазаланды.

    • Қазақстан басшыларының көз алдында Арал құрғап, Семей полигонында үздіксіз жарылыстар болып жатты.

    • Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла түсті.

    • Парақорлық, маскүнемдік, адамдардың әлеуметтік немқұрайлылығы күшейді.

    1986 жылғы ақпан-наурыз - Қазақстан Компартиясының XVI съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасамай, жекелген кемшіліктерді сынаумен шектелді.
    Республика басшысы, дарынды қайраткер Д.А.Қонаевтың (1986 ж.) өзі де әміршіл-әкімшіл жүйенің окілі ғана болып қалды. Оған КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш морте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты. Д.А.Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді.
    1986 16 желтоксан – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында (18 минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:

    • КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен

    Д.А.Қонаев қызметінен алынды.

    • ҚазақстанҮкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық
      комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.
      Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді.

    1986 жылғы 17 желтоксан — Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы - Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы. Желтоқсан оқиғасының болу себебі:
    • Орталықтық өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама- қайшылықтар.
    Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға қарсылық және мемлекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ. Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне тонген қатер деп бағалап, Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтірді. КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы болімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:
    • 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.

    • 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айрылды (46-сы кейін ақталды). 2 адамату жазасына кесілді, 83 адам - 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас
      бостандығынан айрылды.

    • 52 адам партия қатарынан шығарылды.

    • 787 адам комсомол қатарынан шығарылды.

    • 1138 адам комсомолдық сөгіс алды.

    • Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

    • 271 студент оқудан шығарылды.

    • Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік
      министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.




    1970 — 80-жылдары Батыс елдері кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз коғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемл., әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылыктарға байланысты қорытылған пікір еді. Әлеум. саладағы киын мәселе — тұрғын үй таншылығы болды. Қордаланған әлеум.-. экон. қайшылыктар — еңбекке немкұрайды қарау, өндірістегі ұрлық маскүнемдік, қылмыс жасау, енбек тәртібінін кұлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз кұбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеум. саладағы дағдарыстың көріністері және әміршілдік жүйені күйретуге алып келгсн занды себептер еді. 1985 жылғы наурызда өткен КОКП ОК-нің сәуір Пленумында қоғамнын әлеум.-экон. ламуын жеделдету мәселесі қозғалып, одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" — автон. жонс одақтас республикалардан басталды. Қазақстанда респбликаның өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы жасалды. Онда Қазакстан аумағындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жаблықтарына республиканың меншіктік кұқы дәлелденді, елдің егеменлігін саяси және экон. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажстгігі туралы батыл мәлімдеме жасалды. Бірақ мұның бәрін жүзеге асыруға мемл. баскару кұрылымының Коммунистік партияның қатаң белігі кедергі жасады. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазакстан компартиясы ОК пленумы жедел шақырылып, ОК-тің бірінші хатшысы Д.А. Қонаеавты қызметінен босатты да, орнына осыған кейін Ульяновск обл. партия к-тінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В. Колбин қойыллы. Сөйтіп, Казақстанды баскару мәселесі тағы да көне әдіс бойынша — Қазакстанның сыртынан шешілді. Бұл жайт жергілікті қазақ жастарының карсылығын туғызды. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан аланға студент және жұмысшы жастар жиналды. Демонстрация бірнеше күнге созылды, оны обл. орталыктарындағы жастар қолдады. Жастардың Алматыдағы ереуілін үкімет қарулы күшпен таратты. Ереуілге қатынасқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды, жүздеген адам партиялық комсомолдық жазалар берілді. 1987 жазда КОКП ОК-нің «Қазақсатан партия ұйымдарындағы интернационалдық тәрбиелік кемшілітері жөніндегі» қауылысы шығып, желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды. 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес одағындағы халықтардың саяси өмірні жандандырудың басы болады, қасаң әміршілдікті тыю және елді демократияландыру жолындағы күреске жаңа серпін берді (к. Желтоқсан көтерілісі). Республика жұртшылығының 1989 ж. акпандағы митингісі «Невада — Семей» халықаралық қозғалысынның мақсатымсн 1990 ж. мамырда Алматыда «Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықар. конгресс өткізілді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет