Қазақстанның көшпелілік мәдениеті – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде Кіріспе


Ежелгі Қазақстанның архаикалық мәдениетін зерттеу. Көшпенділік ұғымдарын, көшпенділер мәдениетінің типологиясын талдау



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі13,35 Kb.
#114524
1   2   3   4
Ежелгі Қазақстанның архаикалық мәдениетін зерттеу. Көшпенділік ұғымдарын, көшпенділер мәдениетінің типологиясын талдау.

Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б.Сапарұлының «Адалбақан» кітабында жақсы айтылған: «Көшпелілер қайталанбас сын-сипаты мен мейлінше қарапайым қолданысы бар қолөнер бұйымдарын аспан асты – жарық дүниеге келтірді. Қолданды. Қайта әсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты… Тайпа, ұлыс, халық қолөнері сабақтаса дамыды. Көшпелі тіршілік барда қайран бабам қолөнері көзіне құрт түспеген».


Осынау халық мұрасындағы көркем мәдениетті жіктейтін болсақ, ол тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталып, қазіргі ұлттық жаңару төл өнерімізде дәстүрлі (қазақ қолданбалы өнерінің зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. түрлерінде) заттанған көрініс алады. Негізінен қолданбалы өнерді көркем мәдениет туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп қарауға болмайды. Онда бейнеленген бедерлер қашан?, қайда?, қалай? пайда болғанын ғана емес, ішкі терең мазмұнды, өрелі ойдың мәні неде, тәрбие беру жолдары қандай? - деген сұрақтарға жауап беруге жетелейді. Алайда, олар бойына таңғажайып қиял мен шыңдалған шеберлікті жинаған, өмір тәжірибесімен сабақтасқан мәңгілік өнер туындысы болып табылады. Ол бұйымдар сол кезеңде ерекше қасиетке ие болып, дүниетанымдық жүйе қалыптастырған. Олар бір жағынан, әр түрлі жан-жануарлардың күштілігі, көрегендігі сол мүліктің иесіне дарысын деген сенім, яғни жануарларға сиыну ұғымын қалыптастырған. Екіншіден, қолданбалы өнер бұйымдары тәлім-тәрбиенің негізі болған. Көшпелілер күн көріс көзі малды өз қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін, тұрмыс бұйымдарын жасауға әбден бейімделген. Қолдан-қолға таратып, қолданбалы өнермен айналысқан. Сондықтан да көшпелі мен қазақ қолданбалы өнері егіз, біртұтас рухани дүниетаным.
Сақ кезеңінің (VІІ-VІ ғ. б.э.д.) көркем мәдениеті жануарлық стильде дамыған. Онда көбінесе тау ешкі, арқар, бұғы, т.б. жануарлар бейнеленген. Бұған «Сақ бегзадасының» киімдері мен сәнсалтанат бұйымдарындағы көріністер мысал болады. Сол сияқты жануарлар бейнесі қапсырмалар, білезіктерде де салынған. Мысалы, «Ағаш түбіндегі көшпелілер демалуы» атты қапсырмада ағаш түбінде отырған әйел және ер адамдар, ерттеулі аттар бейнеленген. Бұл Алтай және қазақ халқының «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу» поэмасының желісінде жасалғанын ғалымдар (В.Чепелев,С.Дудин) еңбектерінде айтылады. Бұл қолданбалы өнердегі этномәдени сәйкестік. Кейіннен жануарлардың дене мүшелері оюөрнектермен алмастырылады. Соның нәтижесінде тұлпар тұяқ, ат бас, қошқар мүйіз, түйе табан, т.б. өрнектері пайда болған. Мысалы, ертеде оғыздар мен қыпшақтар, кейіннен қазақтар тас бетіндегі тұлпар тұяғына сиынған. Ондай тастар «тұлпар тас» деп аталған. Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымның заңды көрінісі көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасады. Мысалы, Сынтас қорымынан табылған сүйек қасықтың сабында бірнеше мүсін бар. Біріншісі – басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан қасқыр, келесісі – бұл да басын артқа қаратқан бүркіт мүсіні[9; 137-156]. Түрік қағанаты көркем мәдениетінде тас өндеу мен сүйек ұқсату өнерінің өркендеуіне сай сүйек пен металдан жасалатын бұйымдарды әсемдеу барысында негізінен геометриялық (ирек, дөңгелек тәріздес), өсімдік тектес және зооморфтық мотивтер қолданылды. VІІІ-ІХ ғасырда қолданбалы өнері қазақ жерінде өмір сүрген қыпшақ, қарлұқ тайпаларының көркем мәдениетінде жалғасын табады. Бұл кезде тас өңдеу, зергерлік бұйымдар жасау жақсы дамыған.
Қыпшақтар зергерлік бұйымдары көбінесе құс бейнесінде болып, аспан белгісі көрініс алған. Бұл кезеңде ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап оны әсемдеуді, ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігумен әйелдер айналысқан. Қыз келіншектердің қолынан тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етті. Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланған мәні бар шығармаларына айналды. «Орта Азиядағы көшпелілердің өмірінде – деп жазды А.А.Боголюбов, - кілемдерден бірнеше ұрпақтар қолымен жасалған, тұрақты, бүкіл тайпаға тиесілді және жеке бастың емес, ортақ эстетикалық қажеттіліктерді бейнелейтін суреттерді кездестіреміз». Зергерлік өнердің магиялық қызметі де басым болғанын Окладников еңбегінде де дәлелденген.
XX ғасырдың 60 — 80-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы жөнінде қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Бұл ретте С.Зимановтың «Қазақтардың XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы», В.Ф.Шахматовтың «Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы», С.Толыбековтің «XVII—XX ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы», Д.Кішібековтің «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы», Н.Масановтың «Қазақтардың көшпелі өркениеті» т.б. еңбектері жарық көрді.
Қазақ бейнелеу өнері
Қазақ бейнелеу өнерінің, соның ішінде графиканың да дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі, тұрмысы, әдет-ғұрпы мен шаруашылығына байланысты өрбіді. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында ертедегі жартастардағы бейнелерде халықтық тұрмыс салт-дәстүрлер ерекше орын алады. Сол себепті қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне керекті материалдар халықтың тұрмысы мен шаруашылығына, өмір-тіршілігіне тікелей байланысты болды. Қазақтың сан алуан ою-өрнектері де малға, өсімдіктерге немесе қоршаған ортадағы құбылыстарға қатысты болып келген. Әсіресе бұғы мен қошқар мүйіз, түйетабан ою-өрнектері халық өнеріне кіретін негізгі символдық белгілер болып табылады.
Түркі дүниесінде ерекше орны алатын сақ дәуірінің Қазақстан жеріндегі табылған ескерткіштері осындай символдар мен стильдерге бай. Сақ дәуірінің алғашқы кезеңінде аңдар бейнесі реалдық шындыққа жақын болып келді. Аңдар бейнесі, олардың мүйіздері, басқан іздері т.б. біртіндеп ою-өрнекті туындатушы, стильдеуші түрткіге айналды. Тау ешкісін, арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозғалыссыз қалпында бейнелеу белгілері түркі мәдениетіндегі сақ ӛнерінің архаикалық кезеңіне тән құбылыс болып табылады. Ашоты түбіндегі Есік қорғанынан, Тарбағатай жеріндегі Шілікті өңірінен табылған алтын киімді адамдар – Андронов стилінің жарқын ескерткіштерінің бірегейлері. Алтын адамның бас киімінен бастап кеудесі, жағасы, белбеуі, киімдерінің кӛптеген бӛлшектерінде жолбарыс, жылқы пырағы - қанатты тұлпар, құс қанаты көріністері оюланып, әшекейленіп, түгелдей алтыннан жасалынғандығы бүкіл әлемді таң қалдыруда. Осы киімдердегі нақыштар мен белгілер Қазақстанның қазіргі мемлекеттік символдарында да бейнеленген. Түрік қағанаты кезінде тас пен сүйекті өңдеу, оюды жасау, келтіру өнері дамудың жоғары дәрежесіне көтерілді. Сол кездегі тас ою өнері екі түрге бөлінді: біріншісінде тас бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екінші түрінде кӛлемді мүсін ретінде жасалынды. Сол замандағы көлемді ескерткіштер, яғни тастан жасалған адам мүсіндері ерекше дамыды. Бұл мүсіндер Орталық Қазақстанда және Жетісу өңірінде кӛптеп сақталған. Мүсіндер бойында киімдердің бөлшектері, қару-жарақтар, бас киімі, белдік, әйелдердің сырға, білезік т.б. безендірулері, сондайақ музыка аспаптары айқын сомдалған. Қорыта айтқанда, Қазақстан жерінде дамыған бейнелеу өнері көркем мәдениеттің бастауы. Графика өнері - бейнелеу өнерінің бір түрі. Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата-бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау т.б. өлкелерінен табылған. Бейнелеу өнеріндегі графикалық құралдардың ең көп тараған түрі - ою-өрнектерді бейнелеу. Ә. Марғұланның, Қ. Ақышевтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде қола дәуірдегі бұйымдарда бейнеленген белгілер мен таңбалардың XVII-XIX ғ. қазақ халқының қолӛнерінде кездесетін ою-өрнектерге өте ұқсас екендігі дәлелденген. Сол сияқты Ө. Жәнібеков аспан әлеміне байланысты ою-өрнектерді зерттеп, түркі дүниесіндегі сақ дәуірінен келе жатқан дөңгелек, төрт құлақ, қосу, шимай оюӛрнектің пайда болуына негіздеме беріп, шеңбердің - әлемдік кеңістікті, төрт құлақ – төрт құбыланы, шимайдың - тынымсыз қозғалысты білдіретіндігін т.б. анықтады
Кейінгі жылдары көшпелі қоғамның ежелгі замандағы, орта ғасырлардағы мәдени, әлеуметтік-саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындала бастады. Көшпелі өркениетті адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың, мәдениеттің, өмір тұрмысының ерекше бір түрі екендігін көпшілік ғалымдар дәлелдеп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет