Қазақстанның көшпелілік мәдениеті – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде Кіріспе



бет4/4
Дата14.10.2023
өлшемі13,35 Kb.
#114524
1   2   3   4
Қорытынды


Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Елдің сәулет өнерінің болашақ даму векторы халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тарихи мәдениетінің этногенезіне негізделуі керек; ата-бабаларымыздың осы заманға дейін сақтап келген қазақ ою-өрнек өнерінің графикалық тілі "скиф аң стилі" дәуірінен бастау алады деген теориялық гипотезалар артефактілар негізінде дәлелденді; эстетикалық сана сабақтастығы және көркем-мәдени дәстүр жалғасы ретінде "скиф аң стилі" дәуірінің көркем-графикалық семантикасы қазақ сәулет өнерінің жаңа тілін қалыптастыру принциптеріне негіз болуы тиіс; дәстүрлі қазақ оюының сәндік-жазық графикасын архитектураның көлем-құрылымдық композициясы ретінде игеру тәсілі біздің сәулет өнеріне этномәдени көркемдік тіл береді.
Қазақстанның болашақ сәулетінің архаикалық брутальді композициясы немесе кеңістіктікті ою-өрнек пластикасы жаңа эстетикалық семантика қалыптастырып ұлттық архитектура туындайды; Ұлы дала ескерткіштерінің көркем-графикалық мұрасын сәулет өнерінде игеру қазақ сәулет өнерінің көркем бейнесін жасауға және әлемдік мәдени ортада өзінің лайықты орнын алуға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер мен дерек көздер тізімі:

1. Т.К. Самұратова. Халықтық дәстүрлі өнер - мәдени мұра // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы.-2010.-№ 5 (78).


2. Е.К. Дуйсебай, Е.Е. Дуйсебай. Ата-бабалар мәдени мұрасына негізделген жаңа қазақ сәулет өнерінің көркемдік тілі // Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті.- 2010.-№ 5 (78).
3. С.С. Бекешов. Ерте және орта ғасыр көшпелілер мәдениеті және сәулет өнері.
4. А.Ш. Ермекбаева. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Орталық музейі қорындағы Орталық Азия түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты этнографиялық коллекциялар жинағы // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы.-2022.-, №1(72).
5. Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары: Астана, 2018.-365 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет