2.3.5 Қорытынды Қортынды мен тәжірибелік ұсыныстар курстық жобаның есеп көрсеткіштерін нақты бағалау мен бүкіл жұмыстың тұжырымын шығаратын негізгі қортынды жасалатын негізгі бөлімі болып табылады. Мұнда берілген мал қорасының микроклимат көрсеткіштерінің жағдайы туралы және оның жануарлар организміне болжамды әсері туралы пікір қалыптастырылады. Сондай – ақ, берілген малды ұстау жүйесінің қолданылу қарапайымдылығы мен үнемділігі тұрғысынан микроклимат көрсеткіштерін жақсарту бойынша негізделген шаралар ұсынылады.
2.3.6 Қолданылған әдебиеттер тізімі Әдебиеттер тізімі тақырыпша түрінде рәсімделіп, бас әріптермен теріледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде курстық жобаны жазу барысында қолданылған әдебиеттер кітапың қайда, қашан, қанша дана, қандай көлемде шыққандығы жөнінде толық мәліметтер келірілген болуы керек: автордың фамилиясы, аты – жөні, мақаланың (кітаптың) атауы, қай басылымда және қашан жарияланған, томы, сериясы,беттері.
Әдебиеттер жөніндегі мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде әдебиетке сілтеу пайда болуы ретімен орналастыру керек және араб сандарымен нөмірлеу қажет. Әдебиетке сілтеулер квадрат жақшада курстық жоба мәтінінде сілтеме келтіріле салысымен көрсетіледі.
Мысалға, «Жазғы лагерьлерде ірі қара малды қыста ұсталғандағы сияқты жынысы, жасы мен организмнің физиологиялық күйін ескере отырып, ұстау қажет [18]».
«Қолданылған әдебиеттер тізімі» тарауы ӘН ПМУ 4.03.1-06. Библиографиялық сілтемелер құжатының библиографиялық сипаттау ережелері мен жалпы талаптарға сай құрастырылады.
Мәселен
Оқулықтар Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена : учебное пособие. – Алматы : Кайнар, 1994.
Храбустовский И.Ф., Демчук М.В., Онегов А.П. Практикум по гигиене : учебное пособие. – Москва. : Колос, 1984.
Журналдар, мерзімді басылымдар, мақалалар Нуркиянов Т.М. Состояние и перспективы развития животноводства в Республике Казахстан // Материалы Междун. научно-практ. конф. – Семипалатинск, 1999. – С. 7–12.
Медеубеков К.У., Бейсембай Г.С. Вестник // Мат. Респуб. науч.-практич. конф. «Ветеринарная наука и практика – производству» / СГУ имени Шакарима, специальный выпуск. – Семипалатинск, 2004. – С. 299–302