3 Курстық жобаны ұсыну және қорғау тәртібі Курстық жоба рәсімделіп біткеннен кейін соңына студент қолы мен мерзімін қояды.
Курстық жоба күнтізбелік кестемен белгіленген мерзімде өткізілсе және әдістемелік нұсқаудың талаптарына сай болса қорғауға жіберіледі. Мұнда пікірде орындалған курстық жобаның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетіліп, алдын ала баға қойылады. Курстық жобаны белгіленген мерзімнен кеш орындаған студенттер қорғауға кафедра меңгерушісінің рұқсатымен жіберіледі.
Қорғау кафедра меңгерушісі бекіткен кесте бойынша, сессия басталуына бір-екі апта қалғанда өткізіледі.
Қорғау кафедра меңгерушісі бекіткен үш адамнан тұратын комиссия мәжілісінде, курстық жоба жетекшісінің қатысуымен өткізіледі.
3.1 Қорғауды өткізу 5-10 минут ішінде студент жұмыстың негізгі мазмұнын баяндап, алынған нәтижелерге баға беріп, тәжірибелік ұсыныстарға талдау жасап, рецензент ескертулеріне және комиссия сұрақтарына жауап беруі қажет.
Курстық жобаның орындалу деңгейі мен қорғалу сапасы жүз баллдық шкала бойынша сандық, әріптік баламасына және дәстүрлі бағаға ауыстыру арқылы бағаланады. Сынақ кітапшасына баға дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық») қойылады.
Баға қойылғанда келесі мәселелерді назарға алады:
- әдістемелік нұсқауға сәйкестігі;
- қорғау кезіндегі баяндама сапасы және қорғауға ұсынылып отырған материалдағы бағытталу дәрежесі;
- тақырыптың толық ашылуы;
- есептердің дұрыстығы және талдау сапасы;
- қортындылар мен ұсыныстардың негізделуі;
- сұрақтарға нақты және дұрыс жауап беру;
- студенттің теориялық, ғылыми және тәжірибелік даярлық деңгейі;
- жетекшісінің пікірі.
Қанағаттанарлықсыз қорғау жағдайында қосымша мерзім беріледі.
Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаса және орындалу сапасының төмен болса, есептеуде дөрекі қателер кездессе және тақырып ашылмаса курстық жоба қорғауға жіберілмейді де қайта өңдеу үшін иесіне қайтарылады.
3.2 Курстық жобаның сақталуы Курстық жобаның қорғалғаннан кейін тізімделіп, кафедраға өткізіледі және оқу мерзімі аяқталғанша үш жылдан кем емес сақталады.
Сақтау мерзімі өткенде, барлық кафедра үшін қызықушылық тудырмайтын курстық жобалар кесім бойынша жойылады.
Әдебиеттер
Волков Г.К., Репин В.М. Зоогигиенические нормативы для животных объектов : справочник. – М. : Агропромиздат, 1988. – 198 с.
Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена : учебное пособие. – Алматы : Кайнар, 1994. – 231 с.
Кузнецов А.Ф., Баланин В.И. Справочник по ветеринарной гигиене. – М. : Колос, 1984. – 212 с.
Кузнецов А.Ф., Демчук М.Ф. и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. – М. : Агропромиздат, 1991. – С.1–238, С. 2–152.
Храбустовский И.Ф., Демчук М.В., Онегов А.П. Практикум по гигиене : учебное пособие. – М. : Колос, 1984. – 184 с.