Көңді тазалау, шығару, сақтау және залалсыздандыруға қойылатын талаптар. Көңнің мөлшері мен сақтайтын алаң көлемін есептеу. Қорадан көңді тазалап шығару әдістері мал түрлері, өңдірістің бағыты мен технологиясына байланысты. Қолмен шығарудан бастап әртүрлі конструкциялы қондырғылар қолданылады. Белгілері тырнап шығаратын скребкалы транспортерлар (ТСН-2, ТСН-3Б), штангалы транспортерлар (ТШ-30А, ШТУ, ТШПН). Шошқа қораларында сумен жуып, шайып шығару әдістері қолданылады. Сондықтан қорадан шығарылатын көң сұйық және қатты болуы мүмкін.
Көңді сақтау алаңы және көңді залалсыздандыру Фермаларда санитарлық жағдайдың талаптарға сай болуы үшін көң сақтауға аса зор мән беріледі. Қора маңында қалай болса солай әр жерде шашырап, үйіліп жатқан көң, өзінің тыңайтқыштық қасиетін 50-60 % жоғалтады және айналуы қауыпті ауру қоздырушыларымен ластайды.
Сұйық және қатты көңде туберкулез, паратуберкулез, аусыл ауру қоздырушыларымен, аскарида, параскарида т.б. гельминттердің жұмыртқалары көп уақытқа дейін сақталады.
Аурулардан таза шаруашылықтарда көңді далаға бірден шығарып, нығыздап үйіп, жылы уақытта кеуіп кетпеу үшін жан-жағын топырақпен жауып тастайды. Көң ылғалдығын 70-85 % сақтау үшін, астыңғы жағында ылғалды көң қалдырылады.
Көң сақтау алаңын мал қораларынан 60 м, сүт өндіру цехтарынан 100 м, елді мекенді жерлерден 500-2000 м қашықтықта орналастырады. Көң алаңын қоршап, оның айналасын көкаландырып, жол салады. Көң алаңының қабырғалары мен едені су өткізбеу керек. Көң алаңын биік жерде тұрғызады.
Көң сақтаудың екі әдісі бар: аэробты және анэробты.
Біріншісінде көңді нығыздап салып, ылғалдылығын жоғары ұстайды. Көңде анаэроб микробтарының әсерінен көң 25-300С – дейін қызады.
Екіншісінде – көңді тығыздамай қалыңдығы 70-90 см қылып жаяды; 4-5 күнде аәроб микробтарының әсерінен көңде ашу үрдістері жүріп, температура 60-700С дейін көтеріледі де барлық ауру қоздырушылары жойылады. 5-7 күннен соң көңді тығыздайды.
Ауру қоздырушыларын таратпау үшін көңді биотермиялық залалсыздандыру әдісі қолданылады. Көң алаңын елді мекеннен, су өздерінен 100 м қашықтықта орналасытрады. Ол үшін алаң орнының енін 3 м дейін, тереңдігін 25 см ортасына қарай қазады. Ортасында ұзынынан ені мен тереңдігі 50 см өзек жасайды. Алаңның еденін, өзегін және екі жақ жанын қалыңдығы 15-20 см қаптайды.
Алаңға көң салмас бұрын, өзекті талмен жауып, үстін құрғақ сабамен жауып, қалыңдығы 20-40 см құрғақ көң салады да, оның үстіне сақтайтын көң салынады. Көңді алаң шетіне 40-50 см. жеткізбейді және оны пирамида тәрізді үйеді. Биіктігін 1,5-2 м жеткізеді. Ірі қара көңіне сабан араластырады немесе 6:1 қатынасында жылқы қиын қосады. Құрғақ көңге 1м3 көлеміне 50 л садыра қосады.
Сақтауға салынған көңді тұтасымен сабанмен жауып, үстінен 15-20 см топырақпен жабады, қыста топырақ қалыңдығы 30-40 см болуы керек. Жазда 1 ай, қыста 2 ай сақталады. Көңде 4-5 күннен сөң температурасы 40-450С жетеді.
Тәуліктік қорада жиналатын көңнің мөлшерін анықтау үшін бір тәулікте бір жануардан бөлініп шығатын көң мөлшерін жануарлар санына көбейтеміз. Алынған деректі малды қорада ұстау күн санына көбейтіп, көң алаңында сақталатын барлық көң салмағын (Т) табамыз.
Qтәу.к.= (m + p) *n;
мұндағы Qтәу.к. – бір тәулікте қорада тұрған малдан шыққан көң, кг; m- бір бастан тәулігіне шығатын көң, кг; p- тәулігіне қолданылатын төсеніш мөлшері, кг; n-жануарлар саны.
Көң алаңының көлемін табу үшін бір басқа бөлінген алаңды (м2) барлық мал басына көбейтеміз (қосымша В)
Бір жануарға қажет көң алаңның көлемі қысқы уақытта (мал қолда тұрғанда): сиырларға -2,5 м2; ірі қара малының төліне -14-1,25 м2; шошқаларға -0,4-0,5 м2; жылқығы – 1,4-1,75 м2; қойға -0,2-0,3 м2.
Көң алаңының көлемін келесі формуламен табамыз
мұндағы F – көң алаңының көлемі, м2;
m – жануарлар саны, бас;
q – бір жануардан тәулігіне бөлінетін көң мөлшері, кг;
n – көңді сақтау күндері;
h – көңді үю биіктігі, м;
y – көң көлемінің салмағы, кг*м3.
Көң көлемінің салмағын қосымша В-дағы 7 кестеде берілген.