Қорадағы ауа алмасу жиілігін анықтау Қорадағы ауа алмасу жиілігін желдетудің сағаттық көлемін (L) қораның ішкі кубатурасына (V) бөлу арқылы анықтайды
Бір жануарға желдету көлемін анықтау Бір жануарға желдету көлемін желдетудің сағаттық көлемін (L) қорада тұрған мал санына (n) бөлу арқылы анықтайды
Формулалар мәні желдетудің көлемін көмірқышқыл газы бойынша есептегенде берілген.
Ішкі және сыртқы құбырлардың қимасының қажетті жалпы ауданы мен санын анықтау Желдетудің есептік көлемін қамтамасыз ететін сыртқы құбырлардың қимасының жалпы ауданын есептегенде келесі формуланы қолданады
мұндағы S – сыртқы құбырлардың қимасының ізделіп отырған ауданы, м2;
L – желдетудің сағаттық көлемі, м3/сағ;
v – желдету каналындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы, кесте бойынша анықталады, м/с;
t- есеп уақыты – 1сағат = 3600с.
Желдету каналындағы ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін Δt – сыртқы және ішкі ауа температураларының айырмасын есептеп табу қажет. 2 кесте бойынша (Қосымша В) Δt деректерін және құбырдың биіктігін жетекшілікке алып, құбырдағы ауауның қозғалыс жылдамдығын м/с табамыз.
Сыртқы құбырлардың қимасының жалпы ауданын анықтап алып, микроклиматтың негізгі көрсеткіштерін (температура, ылғалдылық, газдық құрам– CO2, NH3, H2S) қолайлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін және қалыпты ауа алмасуын қамтамасыыз ететін сыртқа тепкіш құбырлардың қажетті санын анықтауға кірісеміз. Каналдар қимасының санын есептеу үшін бір каналдың қимасын білу керек, ол қора көлеміне байланысты әртүрлі болуы 0,8×0,8 (0,64м2); 0,9×0,9 (0,81м2); 1,0×1,0 (1м2) мүмкін. Қиманың жалпы ауданын бір құбырдың қимасына бөліп, берілген қора үшін қажетті сыртқы құбырлар санын табамыз.
Ішке тартқыш каналдар қимасының ауданын анықтағанда оның сыртқа тартқыш каналдар қимасының 80 % (0,8 бөлігін) құрайтынын ескереді.
Көмірқышқыл газы және ылғалдылық бойынша желдету көлемін есептеуді аяқтағанда, есептеудің әртүрлі әдістемелерінен алынған нәтижелердің сәйкестігін анықтаған жөн. Көбінесе, көмірқышқыл газы бойынша есептелген ауа көлемі жеткіліксіз болуы мүмкін, өйткені онда қорадағы ылғалдылық зоогигиеналық нормативтерден әлдеқайда асып кетеді.
Желдету көлемін анықтау формуласын қолдана отырып, көмірқышқыл газы бойынша ауа көлемі шарттарында қорадағы ылғал мөлшерін анықтауға болады. Бұл үшін осы формулада қора ауасындағы абсолюттік ылғалдылықтан (q1) басқа шамалардың барлығы белгілі екендігін назарға аламыз. Оны барлық белгілі шамаларды формулаға қойып, анықтаймыз:
,
бұдан
мұндағы Q – бір сағатта қорада тұрған жануарлар бөліп шығаратын су буның және ылғалды бетттердің булануынан пайда болған қосалқы су буының мөлшері (10-25 %);
LCO – көмірқышқыл газы бойынша желдету көлемі;
q2 – шамамен алынған температурадағы енетін ауаның абсолютті ылғалдылығы (климаттық белдеуге байланысты -5°, -10°, -12°С және т. с.с.).
Мұнда ауа алмасқан жағдайда көмірқышқыл газы бойынша есептелген қорадағы ауаның абсолютті ылғалдылығы қорадағы берілген температурада нормативтік деректерден жоғары болып шығуы мүмкін. Қораның қолайлы (берілген) температурасында ауаның максимальды қанығуының көрсеткіштерін тауып, пропорция құрамыз да желдету көлемін көмірқышқыл газы бойынша есептеп, қораның салыстырмалы ылғалдылығын табамыз
Х:100=АСО:Еt°C мұндағы Х – көмірқышқыл газы бойынша қораның абсолютті ылғалдылығы, %;
100 – көмірқышқыл газы бойынша есептелген ауа алмасу жағдайындағы қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығы, %;
АСО – бұрынғы формуламен есептеу барысында табылған көмірқышқыл газы бойынша есептелген абсолютті ылғалдылық (q1), г/м3;
Еt°C – ондағы берілген температура бойынша қора ылғалдылығының максимальді қанығуы, г/м3.
Көмірқышқыл газы бойынша салыстырмалы ылғалдылықты есептегенде ылғалдылық бойынша сағаттық ауа алмасуды бақылаудан кейін есептеулерде салыстырмалы ылғалдылықтың ұлғаюы жағынан қалыпты көрсеткіштерден үлкен айырмашылықтар кездеседі. Мұндай жағдайда желдету жиілігін реттеп, басқа шаралар қолдану қажет.
Бақылау нәтижелері бойынша қора микроклиматын реттеу бойынша шаралар жасап шығару қажет.