Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі


Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі



бет3/3
Дата09.05.2023
өлшемі1,89 Mb.
#91109
1   2   3
Байланысты:
әлем флора 3

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

  • І нұсқа
  • Қазақстан өсімдіктері су басып жатқан кезен, Бор дәуірінің аяғы мен Палеоген дәуірінің бас кезінен басталады.Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында теңіз жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты өсіп тұрған. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты
  • өсімдік түрлері тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан. Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кездежылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес.Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Сырдария-Қаратау флорасы өте бай. Онда1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән,басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол.
  • ІІ нұсқа
  • Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған.Олардың кейбір түрлері Қазақстанның Оңтүстік- шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс жатады.Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Дала тышқаны, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі кездеседі. Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь-Шань, Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шымшық торғай,т.б. Батыс Тянь- Шаньды ұзын құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Өзен, көл аймақтарындағы қарақұс, сұр шымшық,елік,ақ тышқан және балық түрлеріне бай.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет