Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшы келді.Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
Тың игерудің рухани, демографиялық және экологиялық зардаптары да зор болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 миллион гектар жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 миллион адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың жойылып кету қаупі туды.Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды.Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.Малшаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды.
13 Билет
1 сұрақ :
• Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.
• Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған.
• Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.
• Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты.
• Егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, қымбат аң терілерін дайындады.
• Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.Олар ежелгі түрік жазуын жазуды білген қамыс қаламмен.Х ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды.
• Қимақтар саяси оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
• XI ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
• Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.