2 сұрақ : КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ /
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Ресеймен қосылып соларға бағынып бірталай келіссөзге қол қойады
3 сұрақ :Целиноград наразылығы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
1979 жылғы көктемде КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов ұсынысымен КОКП ОК-і Қазақстан аумағында НЕМІС АВТОНОМИЯЛЫҚ ОБЛЫСЫН құру туралы шешім қабылдады.
1979 жылы 16-19 маусымда АҚМОЛА ЖАСТАРЫНЫҢ наразылығы болды.
Демонстрацияға қатысушылар "Қазақстан бөлінбейді", "Неміс автономиясына жол жоқ" транспаранттарын көтерді. "Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз" ұраны айтылды.
Облатком төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов халық алдына шығып, Автономия құрылмайтындығын мәлімдегеннен кейін ғана наразылық білдірушілер тарады.