Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет15/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
жауап тарих

15 Билет


1 сұрақ :Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Мәдениеттері өте күшті дамыған,көне түрік жазуын жазған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан.Үш тайпа да елді ұлыстық жүйемен басқарған.

2 сұрақ :


И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы көтеріліс
• 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды.

• Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға беру» дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды.


• Осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырып,1836-1838 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты.
• Көтерілістің негізгі себептері: Ақшалай салықтың өсуі; әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелінуі; халықтың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі; Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
• Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты.
• Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы болды.
• Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шегаралық комиссиясы старшындыққа бекітті.
• Исатайдың ең жақын серігі – ақын, беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) болды.
• Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, татар және орыс тілдерін үйренеді.
• Көтерілістің басты мақсаты: 1. Хан озбырлығына шек қою. 2. Шаруалар жағдайын жақсарту. 3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту .4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
• Көтеріліс үш кезеңнен тұрды.
• 1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді.
• 1838 жылы 23 шілдеде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады.
• Кейін Орынбор әкімшілігі Махамбетті қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыргүйекте Махамбетті үйінде өлтіріп кетеді.
• 1836-1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.
• Көтерілістің жеңілу себептері: 1. Үстем тап өкілдерінің опасыздығы. 2. Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. 3. Қару-жарақтың теңсіздігі. 4.Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі. 5.Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күшінің басым болуы. 6.Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.7 . Көтерілістің жергілікті сипатта болуы.
• Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс – қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет