Қазақстанның тас дәуірі мынадай кезеңдерге (мәдениеттерге) бөлінеді



бет29/33
Дата27.11.2023
өлшемі95,95 Kb.
#128890
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
жауап тарих

26 Билет


1 сұрақ:Әбілқайыр хан (1412 жыл – 1468 жыл) — өзбек ханы.
1428 ж. 16 жасында Әбілқайырды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Қыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды.

Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұт-Қожа ханды талқандады. 30 – 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмет хан мен Махмұт хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (Әбілқайыр хандығы). Әбілхайыр ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Әбілхайыр ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж. Сығанақ түбінде қалмақтандар жеңіліс табады.


Әбілхайыр хан 1468 ж. Моғолстанға жорық ұйымдастырды. Бұл — оның ең соңғы жорығы еді. Әбілхайыр ханның он бір ұлы болды.
Оның ұрпақтары ішінде ең танымал болғаны — немересі Мұхаммед Шайбани хан.
2 сұрақ :Ұлт зиялылары:
Ұлт интеллегенциясының қызметі сол кезде орын алған жалпыресейлік саяси-мәдени үрдістермен тығыз байланыста болды. Бұл үрдіс орыс шығыстанушы ғалымдарының есімімен тығыз байланысты. XIX ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласында орыстың ағартушылық-демократиялық мәдениетінің ықпалы күшейіп, қазақтың алдынғы қатарлы білімді тұлғалары елін орыстың демократиялық мәдениетінің көшіне ілесуге шақырды. Олардың арасында Ақмола өңірінен шыққан Ш.Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш.Қосшығұлов, А.Тұрлыбаев және тағы басқа қайраткерлер болды. Олар өз еңбектері арқылы сол заманның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-саяси өмірін жасады. Соның бірі Шоқан (шын аты-Мұхаммед - Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – аса көрнекті ағартушы, білгір ғалым ғұлама және зерттеуші. Ол өзінің отыз жыл ғұмырында артына аса зор тарихи, мәдени және әдеби мұра қалдырды. Аса зор танымдық және ғылыми жағынан баға жетпес Шоқан еңбектері біздің заманымызда да өзінің зор құндылығын, мәнділігін жоғалтқан жоқ. Шоқанның өмірін, ғылыми мұраларын зерттеуді оның дос-замандастары П.П.Семенов-Тян-Шаньский, Н.И.Веселовский, Н.М.Ядринцев, Г.Н.Потанин, А.Гейнс, Е.П.Ковалевский сынды атақты ғалымдар бастаған еді
3 сұрақ : Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты.
Екінші құрылтай:2002 жылы келесі, екінші құрылтай Түркістанда өтті.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Үшінші құрылтай:2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың үшінші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілд


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет