1 сұрақ : Орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары:
VI ғасырдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікпен айналысқан халықтар өздері тұрған мекен-жайларының орнына қалалар сала бастады. Қазақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Жетісу өңірінде және Орталық Қазақстанда пайда болған. Қалалар қолөнер, зат айырбастау және сауданың дамуына байланысты пайда болды. VІІ-XIII ғасырларда жол бойында Аспара, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб және басқа қалалар салынды. Қала қамалдарының жеке билеушісі әсем оюлы өрнектермен, ағаш, бедерлі қыш суреттермен әшекейленген кең сарайларда тұрған. Қалалар қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қалалар шет елдермен, қала маңындағы дала көшпенділерімен алыс-беріс саудамен айналысты. Қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан теңгелер табылды. Яғни, саудада теңгелердің пайдаланылғанын көрсетеді.
Қала үш бөліктен тұрған: Қамал(Бекеніс)-қаланың орталық бөлігі.Онда патшаның және әкімшілік басқару орындары, қала билеушісінің сарайы орналасқан. Шаһарстан-билеушілер, ақсүйектер, діни қызметкерлер және қаланың бай халқы мен қолөнершілері тұрған бөлік. Рабат-қолөнер шеберханалары орналасқан қала бөлігі. Осы кезде салынған көне қалалар бір-біріне ұқсамайды.
2 сұрақ :Азамат соғысы жылдарында (1918 – 1920 жж.)
Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды
Кеңес өкіметі бірнеше мәрте жариялаған рақымшылыққа (1919, 1920 жылдар) қарамастан, Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері XX ғасырдың 20—30-жылдарында буржуазиялық ұлтшылдар және халық жаулары деген жаламен репрессияға ұшырады.(Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов)
3 сұрақ :Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |