Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


 Тұлғааралық қарым-қатынастағы сандық технологиялар және іскерлік



Pdf көрінісі
бет46/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

 
4.4 Тұлғааралық қарым-қатынастағы сандық технологиялар және іскерлік 
қарым-қатынас 
 
Іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі және бөгде адамдармен қатынас 
жасаудың негізгі түрі. Мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық 
нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық 
пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі. Адамның 
моралдық нормаларды түсінуімен, оның мазмұнымен сипатталады, іскерлік қарым-
қатынасты жеңіл немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуымен байланысты болады. 
Байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғамдық субъектілердің, әлеуметтік топтардың
халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, тәжірибе, іс-әрекет қабілеттері мен 
нәтиже алмасуы жүретін өзара қатынас жасау үрдісі. 
Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-әрекет мақсатында немесе негізінде 
пайда болатын, қандайда бір өнім немесе іскерлік қажеттілікпен байланысты. 
Байланыстың басқа түрлері сияқты іскерлік коммуникацияның тарихи сипаты бар, ол 
қоғамның түрлі жүйесінде түрлі формада байқалады. Оның айырмашылығы іскерлік 
коммуникация басқа мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады. 
Іскерлік 
қарым-қатынас 
дегеніміз 
қарым-қатынастың 
прагмалингвистикалық, 
прагмапсихологиялық сипатын анықтаушы мінез-құлықтың перцептивті, коммуникативті 
және интерактивті дәрежесін қамтитын кәсіби коммуникацияның тұлғааралық 
мәдениетаралық аймағы. 
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз ресми қарым-қатынас саласында болатын 
коммуниканттардың жалпы құқығы мен мақсаттарына байланысты нақты мәселені шешуге 
қабілетті және қажетті нәтижеге бағытталған коммуникация. 
Іскерлік қарым-қатынас төмендегідей функциялар атқарады: инструменталды 
(басқарудың әлеуметтік механизмі); интегративті (іскерлік серіктестерді байланыстыру); 
өзіндік презентация (жеке әлеуетін көрсете алу); трансляциялық (іс-әрекеттің нақты 
тәсілдерін бере алу); әлеуметтік бақылау (мінез-құлық пен іс-әрекеттерін шектеу); 
әлеуметтену (іскерлік қарым-қатынастың мәдени тәсілдерін жетілдіру); экспрессивті 
(эмоциялық әрекеттесу). 
Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы үшін барлық компоненттерді, соның ішінде 
коммуникативті құзырлықты жете білу міндетті.
Коммуникативті құзырлық деп қоршаған адамдармен, топтармен, аудиториямен өзара 
қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу тәсілдері мен білім жинағы.
Коммуникативті құзырлық білімі деп коммуникация функцияларын, коммуникация 
үрдісі ерекшеліктерін, үн қату, серіктестердің психологиялық типтері және әлеуметтік 
рөлдерін, презентация жасай алу тәсілдерін, коммуникацияның вербалды немесе вербалды 
емес құралдарын айтамыз.


65 
Іскерлік қарым-қатынас практикалық пән болып есептеледі, дегенмен, әлеуметтану, 
психология, антропология, менеджмент теориялары мен пайымдауларын оқып үйрену және 
қолдану практикалық тәсілдерді түсіну мен ұғынуды тереңдетеді. 
Сандық технологиялардың дамуымен қоса, іскерлік коммуникация келбеті де өзгерді. 
Қазіргі таңда бір жобада жұмыс жасау үшін, адамдар бір аймақта, бір мекемеде еңбек етуі 
шарт емес. Интернет, телефон, әлеуметтік жүйелер дамуының арқасында іскерлік 
коммуникация жылдам әрі жаһанды сипат алды.
Ақпарат тарату мен БАҚ-ның аудиторияға әсер ету пішіндері жаңғырып, жаңа түрлері 
пайда болды. Қаржы көздері де жаңа ақпараттық технологияның пайдасына қайта 
қарастыруда.
Жоғарғы технология мен коммуникация саласындағы бизнесті ұйымдастыру пішіні мен 
құрылымы өзгерді.Әлеуметтік желілер мен мобильді технологиялар интернеттің қарқынды 
дамуына жол ашты.
Интернеттегі эволюция адамдардың қарым-қатынасына жаңа тәсілдер енгізді. 2004 
жылы дүниеге келген Facebook 2230 миллион белсенді қолданушысы бар бүкіләлемдік 
желіге айналды. Мобильді технологиялар интернет таралымын арттырып, қолданушыларды 
көбейтті. 
Мәселен, 
www.internetworldstats.com
 
сайтында 1995–2018 жылдар аралығында әлемдегі 
интернет қолданушылардың саны мен өсу пайызы көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет