66
-
Эмоцияларды көрсету ерекшелігі. Виртуалды әлемде
эмоциялар мен ым-ишара
смайлдар мен эмотикондар арқылы беріледі. Адамның жүзінде пайда болған күлу мен чатқа
жіберілген смайл арасында бірнеше секунд уақыт қалады, яғни эмоциялар кейінгі эффектпен
қабылданады.
Сонымен қатар, виртуалды қарым-қатынаста адамдар шынайы емес, қалаған эмоцияны
көрсете алады. Бұл «бетперде» арқылы тілдесуге тағы бір жеңілдік туғызады.
-
Кеңістік пен уақыт ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік
қатынас шексіз. Адам онлайн байланыста уақыттың дәл қазіргі сәтінде өмір сүреді де,
офлайн байланыс хаттан-хатқа дейінгі уақытта болады. Бұл жерде кеңістік заңдылықтары еш
әсер етпейді.
Сонымен, виртуалды қарым қатынас адамға үлкен кеңшілік жасайды. Киберәлемде
адамдар өзінің шынайы немесе ойлап тапқан қатым-қатынас кедергілерін (түр-келбеті
кемшілігі, тіл кемістіктері, мінез, мүгедектік, психикалық ауытқулар)
жоққа
шығарып,әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Мұндай жағдай қосымша
сенімділік беріп, ішкі өзін-өзі таныту мотивін жүзеге асырады. Осылайша, виртуалды қарым-
қатынас ақпараттық, коммуникативті, терапиялық,
мәдени қызметтер атқарып, адамның
психологиялық келбетін өзгертті.
Сандық технологияларды қолдану адамның ес, зейін, ойлау қабілеттерін өзгертті. Л.С.
Выготский ойлап тапқан «жақын даму аймағындағы» ересек адамның рөлін сандық
технологиялар басуы әбден мүмкін, себебі бала өзі жасай алмаған істі сандық технологиялар
көмегімен орындай алатыны ақиқат.
Қазір адамдардың шынайы өмірінің басым бөлігі виртуалды әлемді өтіп жатыр:
іскерлік қарым-қатынастар, банктік операциялар,
интернет сауда саттық, оқу және тағы
басқалар. Бұл шынайы өмірдегі әлеуметтену процессіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.
2000 жылдың басында дүниеге келген балаларды – Z ұрпағы деп атайды және олар
интернет технологиялар заманының балалары болып табылады. Оларды интернеттен айырса,
олар ауырып, тұншығып, кеңістіктегі бағдарын жоғалтып алуы мүмкін, себебі интернет
оларды әлеммен байланыстырып отыр.
Осыған орай, іскерлік қарым-қатынастар сандық технологияларды қолдану мүмкіндігі
арқасында, шекара, уақыт және кеңістік ұғымдарын шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық,
еркіндік, қолжетімділік ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда.
Достарыңызбен бөлісу: