62
4.Ынтымақтасу сатысы - «тұлға аралық келіспеушіліктерді жеңу, жалпы міндеттерді
шешу.
Коммуникациялық процестердегі негізгі төрт элементін айта кетейік, біріншісі
жіберуші-ақпараттарды беруші, жинаушы, идеяларды жалпылау; екіншісі, хабарлау-тікелей
ақпарат беру; үшіншісі каналдары- ауызша беру, жиналыс өткізу, телефонмен іс бітіру,
қызметтік хаттар, есеп берулер, электронды пошта, компьютерлік желілер, жазбаша беру;
төртіншісі- алушы -адресат (ақпарат арналған адам және ол ол ақпаратты
интерпретациялайды.
Коммуникацияда тәсілдер болады: өзін тарату, өзін ашу, өзін қорғау, өзіне кету.
Коммуникативті дағдыларды түсіндіргенде, коммуникативті біліктілік және толеранттылық
ұғымдарын да талдау қажет. Коммуникативті біліктілік коммуниканттардың білімдеріне,
тәжірибелеріне, көзқарастарына тікелей байланысты қалыптасады. Себебі, адамдарда
ұлттық, этностық, әлеуметтік, діни, кәсіби сияқты сипаттамалары болады, оларда осы
біліктілікке қатысты.
Коммуникациядағы аса маңызды факторлар:
-әңгімелесу барысында
,
әңгіме айтып жатқанның сөзін бөле бермеу,
-басқа нәрсеге алаңдамау,
-артық сұрақтар қоймау,
-тексере бермеу,
-өзіңнің кеңестеріңді тықпалай бермеу,
-өз қатынасыңды жағымды бере білу,
-айтушыны зейінді тыңдау, оның сезімдеріне көңіл бөлу.
Г. Грайс коммуникациядағы төрт принципті көрсетті, яғни төрт максима (латын сөзі
жоғарғы принцип) (өмірлік ереже) кіргізеді:
-ақпараттың толықтық максимасы (саны);
-ақпараттың сапасы максимасы;
-релеванттылық (мәнділігі) максима;
-өзін ұстау максимасы.
Достарыңызбен бөлісу: