Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Психолингвистер келесі психологиялық ұсыныстарды береді



Pdf көрінісі
бет45/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
Бердібаева С.Қ. ... Психология оқу құралы Рухани жаңғыру

Психолингвистер келесі психологиялық ұсыныстарды береді:
1.Өте сауатты, түсінікті, конструкция аса қиын емес (ұзақ сонар емес) сөйлемдер жасай 
білу;
2.Қысқаша сөйлемдерді қолданыңыз, онда соңғы ой қатысу керек;
3.Дауыс сендірудің ең мықты құралы, дауыстың мәнерлігін сақтау, дауыс симпатия 
немесе антипатия тудыруы мүмкін, дауысты тек ақылмен ғана емес сезіммен де
кабылданатынын есте ұстау,
4.Монотондылық сәтсіздікке әкеледі;
5.Үзілістер сөз ағындарын үзеді, олар психологиялық функцияларды да орындайды: 
зейінді күшейтеді, тыныштандырады, айтылғандарды нақты белгілейді, аздап тыным алуға 
көмектеседі.
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірлерді манипуляциялап сөзді үлкен 
топтарға емес кіші топтарға береді, мысалы, тоталитарлық коммуникацияны айтуға болады. 
Жеке бір адамның пікірі ыңғайсыз болуы мүмкін, тіпті кейбір жағдайда ол қауіпті де болу 
мүмкін деген ойларды қарастырады.
Енді коммуникациядағы модельдерге токталамыз
, негізгі үш моделі бар: 
-коммуникация акция ретінде- хабарламаны жіберушінің белсенділігіне, оның
алушыға (реципиентке) әсер етуіне екпін жасалады;
-коммуникация интеракция ретінде- реакцияларға, кері байланысқа екпін жасалады;
-коммуникация трансакция ретінде- екі жақтың бір уақытта белсенді болуына, 
динамикалы болуға екпін жасалады.
Коммуникацияның қолданбалы модельдері дейді, оған мысалы жоғарыда берілген 
Клод 
Шеннонның 
коммуникацияның 
математикалық 
моделі 
жатады, 
онда 
коммуникацияның үш деңгейін көрсетеді: техникалық, семантикалық және тиіміділік.


63 
Өте маңызды моделдердің бірі коммуникацияның психотерапевтік моделдері. 
Нейролингвистикалық бағдарламалау-адам өзінің әсер ету әдістемесін жасайды, НЛБ 
паблик рилейшз үшін және басқада қолданбалы коммуникация үшін неге қажет, НЛБ 
бойынша адам коммуникативті каналдар (аудио, визуалды) арқылы ақпараттар алады, 
солардың ішінен біреуі үстем болады.
Топтар бойынша, коммуникация моделдері- әлеуметтік-психологиялық моделдер оған 
біз айтып кеткен Пол Лазарсфельдтің екі сатылы моделі жатады. «Үнсіздік спиралі»-неміс 
зерттеушісі Элизабет Ноэль Нойман ұсынған, бұқаралық және тұлға аралық 
коммуникацияның арасында тура байланыс орнатады. Бұқаралық коммуникация топтың 
ахуалын және пікірлер қалыптастыру құралы болып саналады.
Енді коммункация мәселесін қарастырған зерттеулерге қысқаша шолу жасаймыз. ХХ 
ғасырдың 50-60 жылдары коммуникацияға байланысты ақпараттық ықпал туындады 
(кибернетика, информатика, қарым-қатынасты біржақты ақпараттық процесс деп 
қарастырды, мысалы оған Шеннон-Уивердің математикалық моделін айтуға болады). 
Осы ғасырдың 60-70 жылдары психологиялық ықпал пайда болы. Қарым-қатынасты тіл 
белгілері арқылы іскер, әрі достық ниеттегі өзара қатынас деп қарастырды. Тілдік мінез-
құлық, тілдік іс-әрекет сияқты сұрақтар қарастырыла бастады.
ХХ ғасырдың 80-жылдары әлеуметтану бағыты пайда болды, қарым-қатынас және 
коммуникация процестеріне көптеген ғылыми жүйелер қатыса бастады, интернет 
технологиялар әсер ете бастады, әсіресе мәдени, гендерлік, ұлттық айырмашылықтарға
қатты көңіл бөле бастады, корпоративті мәдениетке екпін жасалды (М. Мид зерттеулері).
Манипуляция деген үлкен мәселе бар, сол манипуляцияны жеңу тәсілдері: 
-оппонеттің адал емес тәсілдерін танып қою,
-оппонет бәрібір өз пайдасына ешнәрсе жасай алмайтынын оған дер кезінде түсіне 
алуына жұмыс жасау. 
Сіз аудиторияда сөзіңізді аяқтағанда қолдануға болмайтын әрекеттер: 
-сөйлегенде сөзді аяқтауға болмайтын нәрселер:
-кешіріммен,
- сөзбаптаумен,
- «бітті» деген сөзбен,
-өте қуанып бітті-ау, құтылдым деген тыныстаумен,
-песиссмисттік көңілмен аяқтамау.
Енді қарым-қатынас болсын, коммуникация болсын сіздің өміріңізге аса қажет болып 
табылатын практикалық ұсыныстар береміз.
Іскер қарым-қатынастың мәдениет жағы негізгі үш аспектіні қамтиды:
-нормативті, әдеби нормаларды білу, сөйлегенде оларда епті қолдана білу;
-коммуникация-коммуникативті кодекспен байланысты, өте жоғарғы тиімділік қарым-
қатынаста қойылған міндеттерді шешуге мүмкін етеді;
-этикалық қарым-қатынаста серіктесті құрметтеу, мінез-құлықтың нормаларын 
сақтау,сыпайылық және әдептілік.
Г.П. Грайстың постулаттары:
-қарым-қатынаста берілетін хабарламалар не аз
,
не көп болмау керек; 
- сіздің айтатындарыңыз шынайы болуы қажет; 
- кері реакция бара бар болғаны дұрыс; 
- тақырыптан кетуге болмайды; 
- түсініксіз фразаларды, аяқталмаған ойларды қолданбау; 
-көп сөзді болмау; 
- сіздің айтатыныңыз
,
өте айқын түсінікті болуы керек.
Дж. Лич максималары:
-әдептілік максимасы- арқашықтықты сақтау (серіктестік қаламаса оның жеке бастық 
өміріне қол сұқпау, діни көзқарастарына, алатын жалақысына екпін жасамау);


64 
-ақкөңілділік, кек сақтамаушылық, қайырымдылық максимасы-серіктеске жайлы 
жағдай жасауға ұмтылу ( оны ыңғайсыз жағдайға қалдырмау);
-қолдау максимасы-басқаларды жағымды бағалау, адамдарға, әлемге деген қатынастар 
бойынша позициялардың сәйкес келуіне ұмтылу;
-симпатия максимасы- мейірімділік, қатыспайтын байланыстан бас тарту; 
-келісім максимасы-конфликтілі позициядан бас тарту, мінез-құлықты өзара 
коррекциялау арқылы конфликтіні азайту;
-кішіпейілділік максимасы-өз атыңа айтылған мақтауларды, жарамсақтануларды
қабылдамау.
Этикалық ұсыныс: іскер коммуникацияда тәртіпке бағыну және нормаларды сақтау: 
іскерлік этикет (өзіңді калай ұстайсың,, қалай киіну керек, іскер хаттарды дұрыс жазу және 
басқалар), тілдік этикетті сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет