Қазақтардың күнделікті өміріндегі мұсылманшылдық, наным-сенім, ырымдар



бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі26,19 Kb.
#22893
1   2   3   4   5   6
 жанымның садақасы, жаным  арымның садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым» деп отырғаны  иман. «Ұят кімде болса, иман сонда» деуі де, содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға «иманын сатты», арсыз жанға «имансыз» деген сөзбен түйреген. Қазақта мұндай сөз тіркестері толып жатыр. Бұл – атам қазақтың аса иманды момын-мұсылман жан екендігінің белгісі. Яғни, қазақ бар жақсылық ұғымды иман сөзімен, бар жамандық ұғымды имансыз сөзімен айқындаған. Қазақ әрқашан Ұлы Досына беріктігін көрсеткен. Иә, қазақ шыр етіп дүние келген баланың құлағына азан айтып, ажалы жетіп бұл жалғаннан озған жанның да жүзін құбылаға қара-тып, жаназасын оқып Ұлы Жаратушының жарлығын бұлжытпай орындауға тырысқан.

Қазақ дінінің |менталдығының| тірегі, ұлттын рухани болмысының маңыздысы – имандылық. Имандылық концепті – тілімізде көптеген ұғымдарды біріктіретін, жинақтайтын жалпы түсінік. Ар, ождан, ұят, шын, шындық, намыс, жүрек, жан, тазалық, әділет, мейрім – имандылық концептісінің тірек ұғымдары. Шәкәрім философиясының негізі – имандылық.


Шыннан асқан Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай,
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кім Құдай?
Бұрын шын бар, бүгін шын,
Ертен шын бар-үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың         ,
Бұзылмайтын шын керек, - Шын Алланы мадақ етіп, Шынға ғашық болған ақын бұл пәнидін қызығына көнілі толқитындардың Шыннан алыс екенін де нақты ескертеді. Ислам діні қазақ даласына келіп жеткенше де, пайғамбарымыздай үлгілі адамгершілігі мен имандылығы басына қонған, тура да әділ, иман жүзді, сенімді, ру тайпаның, ұлт қауымның ұлағатты үлгі өнегесі болған абыз-ақын, хан-қаған, батыр-ер, шешен-би, сал-сері, дана ана мен ата қаншама адамдар өмірден өтті. Солардың қазақ халқына қалдырған асыл рухани мұрасын исламның имандылық қағидалары мен ұстындарына етене араласып, тонның ішкі бауындай қабысып тамаша табысқа жеткендігіне тарих куә. Қазақ халқының жалпы ұлттық қасиетті ұғымына айналған имандылық сөзінің түп төркіні мен ілкі бастауының да мұсылман дінімен тоқайласып жататындығы белгілі. Иман ұғымы әуел баста Құран арқылы адамдардың санасына сіңсе де, уақыт өте келе халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрімен, таным-түсінігімен, наным-сенімімен біте қайнасып, жаңа бір сапалық деңгейге көтерілген ұғым. Халық түсінігіндегі иман сөзі діни шеңберден шығып, жалпы ұлттық, бүкіл адамзаттық құндылықтарды қамтитын ауқымды дүниетанымдық категорияны білдіреді.

Адамның іс-әрекетінің, сөзінің тура болуы тек тәрбие арқылы ғана санаға әсер етіп жүзеге асырылады. Сенім мен турашылдық егіз ұғым. Адамдардың бойында бұл сипаттарды қалыптастыру сенім, намыс пен иман арқылы жүзеге асады. Көңілінде иманы, сенімі бар адам жалған сөйлемейді, алдамайды, аманатқа қиянат жасамайды. Иман адамға өтірік айтқызбайды, өзгені алдап, мал табудан сақтандырады. Тәрбиелі, сенімі бар адам, Алла тағала мені әр уақытта көруде деп ойлайды. Сондықтан жамандық ойламайды, өзгенің мүлкіне қол сұқпайды, қиянат етпейді. Жұрттың өзін сыйлауы үшін алдымен өзі өзгеге құрмет етеді. Мұндай имандылықтың жолдары мұсылмандылықтың бес парызын толық орындау барысында жүзеге асатындығын бүгінде иманжүзді, мол адамгершілік сипатқа ие болғандар дәлелдеп отыр. Адамның нәпсісі – бойдағы пендеге тән құмарлық сезім. Жалпы адамның адамгершілік шыңына жетуінің негізгі көрсеткіші мен имандылығының қалыптасуы – өзінің нәпсісіне ие болуы



Ибалы қыз тәрбиелеп, асыл аналарды өмірге дайындауда, қазаққа, ислам дінінің тигізген оңды ықпалы зор болған. Сондықтан, неке қию, қыз ұзату, келін түсіру қазақ салты, ежелгі әдет-ғұрыппен ұштастыра отырып ислам діні негізінде атқарылған. Ал бозбала, бойжеткен, иманды ұл ибалы қыз тәрбиелеу ісі өте нәтижелі болды.  «Имандылық (атауы әр түрлі болғанымен) – барлық наным-сенімдерге ортақ ұғым. Адамдардың діни сеніміне байланысты, имандылықты алалауға болмайды. Қай діндегі болсын адамдардың баршасын имандылыққа баулу қажет» дейтін К.Д. Ушинскийдің сөзі бар. Ол өнегелі тәрбиеге үлкен мән берген, оның негізін дін деп санаған. Дінді ол, ең алдымен, өнегелі тазалықтың кепілі деп түсінген. К.Д. Ушинский: «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді» - дейді. Иман ұғымы бізде ұлттық сипатқа ие болған. Имандылық – ұлттық шеңберде шырмалып қалған тар ұғым да емес, Қазақстан Республикасында тіршілік етіп отырған күллі этнос өкілдері, оның ұрпақтары имандылық нұрынан тысқары қалуға тиіс емес. Ешбір ұлт бұған қарсы болған да емес. Имандылық – қазақ үшін, жалаң ислами ұғым да емес. Ол наным-сенім ретінде, қашаннан бар, ұласып келе жатқан түсінік. Ал,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет